Бақытыңды балаңнан ізде
Мақсаты: Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсіндіру
Әдісі: пікірлесу, сұрақ - жауап, тренингтер, ситуациялық сұрақтар
Түрі: пікірталас
Барысы: Құрметті ата - аналар «Отан отбасынан басталады» демекші ата - аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата - аналар мен ұстаздар боп атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Қазіргі қоғамда ата - ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата - ананың бақыты неде?
Баласы ата - анасын қалай бақытты етпек?
Міне осы тұрғыда сөз қозғалатын «Бақытыңды балаңнан ізде»атты дөңгелек үстелімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Мен бүгінгі пікірталасымызды Мұзафар Әлімбаевтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын.
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем,
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен
Ойым емес, оллаһи, біздікінің...
Енжарлығы елде жоқ алабөтен
Туа сала тұлпардың жалын тартқан;
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
.... Үміт пен күдіктің ортасында
Ата - ананың үміті талады екен!
Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата - ананың арманы баласымен бірге жасайды екен.
- Өз балаларымызды қаншалықты білетіндігімізді байқау үшін «Кім жылдам» ойынын ойналық:
Ата - аналар дөңгелене тұрады
Мұғалім сұрақ қойып допты береді ата - ана жылдам жауап беріп келесі ата - анаға береді
1. Балаңыздың туған күні қашан?
2. Сынып жетекшісінің аты - жөні кім?
3. Балаңыздың парталас көршісі кім?
4. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
5. Балаңыздың сүйікті асы не?
6. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?
7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?
9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
10. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?
«Әрбір баланың мінез құлқы ата - анасының жағымды іс - әрекетінің үлгі алуы барысында қалыптасады.» деп Павлов айтпақшы баланың мінез - құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата - ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. Сондықтан, ата - аналар, мен сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келіп отыр.
1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?
2. Бала үшін ата - ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?
3. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
4. Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде, атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар?
5. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
6. «Баланың өскенде жақсы, өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз, көзқарасыңыз қандай?
- Ситуациялық жағдаяттар көрінісін көрсету
1 - жағдаят Өзінен кішілерге әлімжеттік көрсетіп ақша тартып алу
2 - жағдаят Бала міндетіне салғырт қарау
3 - жағдаят Балаларға қымбат зат алып беру
Ата - аналардың пікірі тыңдалады
Осы жерде мен ата - аналарға мынадай кеңестер айтқым келіп отыр.
Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз
1 - қателік «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін»
2 - қателік «Не істесең оны істе маған бәрібір»
3 - қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен үйдің басшысымын»
4 - қателік Балаларды тым еркелету
5 - қателік «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»
6 - қателік Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету
7 - қателік Баланың ісіне көңіл - күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл - күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау
Міне құрметті ата - аналар, бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп, сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.
«Ата - ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы ата - ана баласының түйсігіне қандай із салса бала сол жолмен жүре беретіні белгілі.
Енді «Жұмбақ кейіпкердің» әңгімесін тыңдасақ
1. Ата - аналар, бұл жағдайға не айтасыздар?
2. Сіздердің түсініктеріңізше «Бақытты жанұя» қандай болуы керек?
3. Балаға, ата - анасына қандай ақыл кеңес айтар Келесі кезекті ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасқа арналған ойынға береміз
Ойын «Жазалау» деп аталады
Ортаға 3 ата - ананы шақырамыз
1. Балаңыз мектепте сіздің көзіңізше мұғалімге дауыс көтеріп айқайласты
2. Балаңыз көрші үйдің затын ұрлап алыпты, оны көршіңіз сізге келіп айтты
3. Мектепте өзінен кіші баланы ұрып төбелес жасапты, оны мұғалімнен естідіңіз
Ата - аналар енді сіздер балаларыңызды жазалауларыңыз керек
- Ата - анаға жадынама (Үлестірмелер таратып беру)
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің
- Кішкентайынан көп жапа шеккен бала өскенде кінәмшіл болады
- Кішкентайынан мазаққа ілінген бала өскенде ұялшақ болады
- Кішкентайынан жекіруді көп естіген бала бар кінәні өз мойнына алуға бейім тұрады
- Кішкентайынан көптің бірі болып өскен бала кейін бауырмал сабырлы, ұстамды келеді
- Кішкентайынан жалғыз тәрбиеленген бала өзімшіл болады
- Кішкентайынан қатыгездікті көп көрген бала өскенде дау - дамайдың ортасында жүреді
Жағдаятқа ену
Ортаға оқушыларды шақырамыз
Оқушылар ата - аналарына барып өздерінің басынан өткен жағдайларын баяндап айтады
1 - оқушы Анашым, мен бүгін сабаққа бармай - ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы жаттамап едім, апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы
2 - оқушы Әке мен бүгін мектептің терезесін сындырып алдым
3 - оқушы Анашым, мен бүгін сіздің жақсы көретін құмыраңызды сындырып алдым
4 - оқушы Әке мен бүгін мектепте жарысқа қатысып, мақтау қағазын алдым
Ата - аналар осы жағдайларды сол сәтте қалай қабылдайтындықтарын(қуаныштарын, реніштерін іс - қимылын салып) көрсетеді
- Ортаға ақ және қара жәшік қойылады
Ата - аналардың қолына ата - анаға қатысты жақсы жаман қасиеттер жазылған үлестірме қағаздар таратылады
Ата - ана осы қасиеттерді іріктеп жақсы қасиаттерді «егер мен баламнан бақытымды көргім келсе» деп ақ жәшікке
Жаман қасиеттерді қара жәшікке салады
Құрметті ата - аналар! «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған туысқандарына беген сүйіспеншіліктен басталады»деп елбасы Н. Назарбаев айтпақшы, еліміздің болашағы бүгінгі балалардыңдұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты. Сондықтан балаларыңыз елін, Отанын сүйген азамат болып өсіп сіздерді бақытқа кенелтсін десеңіздер бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермеңіздер!
- Ата - аналардың пікірлері тыңдалады
Бүгінгі пікірталас сайысымыздан қандай әсер алдыңыз?
- Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан -
Өле - өлгенше соны таныр қиядан
Өнер - білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған
Жақсы - жаман болса бала солардан,- деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, ата - ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата - аналар сіздерге байланысты.
Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілей отырып «Бақытыңды балаңнан ізде» атты пікірталасымызды аяқтаймыз.
Бақытыңды балаңнан ізде
- акжайнак
- 2 маусым 2013
- 34888
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ашық тәрбие сағаты, ата-ана, бала
Ұқсас жаңалықтар:
Тәрбиенің ең тамаша мектебі - Отбасы
Мақсаты: Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз...«Бала тәрбиесіне байыпты қарайық» атты ток – шоу
Мақсаты: 1. Оқушыларды ата - ана сөзінің мәнін ұғынуға үйрету, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдықты, қайырымдылықты, сыйластықты, достық қарым...Бала - біздің бақытымыз
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Сарықамыс негізгі мектебінің шағын орталық тобының тәрбиешісі: Суюндикова Айгул Абдуаликызы...Бала тәрбиесіндегі жауапкершілік
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы...Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей.
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылындағы №190 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Демеубай Рая Әлқуатқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.