Тақырыбы: Президент - ғасыр адамы
Сабақтың мақсаты: оқушыларды Елбасы еңбектерімен таныстыра отырып, Отанға, елге, ата –анаға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, егемен мемлекетіміздің патриоттары болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: конференция сабақ.
Сабақ барысы
Жанат апай: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, кітап сүйер қауым!
Бүгін біз сіздермен бірге талқыға салғалы отырған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы еңбектері болашаққа қадам бастар, ел сенімінақтар саналы тәуелсіз мемлекетіміздің ұл - қыздары үшін, болашақ мына сіздер үшін таптырмас байлық. Ұлы ғұлама Жүсіп Баласағұн айтқандай:
«Кітаптар көп арабша да, тәжікше
Біздің тілде бұл жалғыз - ақ әзірше»,- дегендей, Елбасы еңбектерінің қандай да болмасын тақырыптарын оқысаңыз ел экономикасын, ел тарихын, ел рухын, халықтың жағдайын, салт - санасын оятар ойлар. Сондықтан да біз бүгінгі күннің саналы азаматтары ретінде Елбасымызбен бірге үндесіп, болашағымызға жол тауып отыруымыз қажет. Осы ел тарихы, жер тарихы, халықтың болашақтағы жарқын өмірін саралап беретін Нұрсұлтан Әбішұлы еңбектері туралы ой бөлісейік.
Сабира апай: Сонымен қатар Бәйгеқұм ауылдық округінің әкімі Жүсіп М, ауылдық округінің бас маманы Мұсабаев М, аудандық мәдениет үйінің кітапханалар әдіскері Сейдазимова Гүлбану Сейдоллақызы және жақында ғана Елордамыз Астана қаласында болып өткен Қазақстан Республикасының «Жас Отан» жастар қанатының II съезіне делегат болып қатысып қайтқан жерлесіміз, аудандық мәдениет үйінде қызмет атқаратын Татьяна Сергеевна Нуштаева сынды құрметті қонақтарымызға қошемет көрсетейік.
Жүргізуші:
Ел басқаратын азаматтардың, хандар мен бектердің қандай болмағы жайында ел тарихында шежірелер әр тарап, тараулармен шертілген. Қарахан дәуірінің өзінде Шу өңірінде өмір сүрген Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында жақсы жазылған: «Ел басқаратын елбасы әділ, ақыл – парасатты, ой - танымы кемел, өнер - білімге жетік, сөзі майда, мінезі жұмсақ, кісі алдында кішік, сабырлы, жаудан қайтпайтын қайсар, қолы ашық жомарт, көзі мен көңілі тоқ, пендеге кек сақтамайтын, кешірімшіл, пейілі кең, дарқан мінезді болуы керек, оның міндеті халыққа құт - бақыт, дәулет әкелу, әділ заң орнату, кедей халықты бай ету, халық санын көбейту» - дейді ұлы ғұлама Баласағұн.
Жүргізуші:
Бесіктегі баланың бек боларын кім білген,
Қарындағы баланың хан боларын кім білген,- деген.
Нұрсұлтан Әбішұлы Егемен мемлекет орнатып, оның тәуелсіздік алу жолында күресе білетін үлкен саясаткер, тыныштықты сақтай алатын ел ұлан ерлерінің қолбасшысы болады дегенді алла аузына «тәубе» деп салған болар. Қазақпын деп айтуға тіл байланып, дүние теңселіп шыр айналып тұрған заманда, алмағайып аласапыран кезеңде елдің тізгінін алуға, тағдырын шешуге бел байлау оңай емес еді.
Бағнұр: Елбасы ортаға салған, жас ұрпаққа ой салар, егемен еліміздің өткені, бүгінгі туралы естеліктері мен кітаптарына талдау жасалық, ой – пікірлеріңізді ортаға салады деген ойдамыз.
Несібелі: Тарих – өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі, қазақ жері қасиетті, өйткені ол ата - бабаларымыздың даңқты тарихын, атының тұяғымен сақтап кеткен жері, сондықтан да ата - бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтықтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы – бергі тарихының ең ғибраты тағылымы да, міне осында.
Уәлихан: Жиырмасыншы ғасырдың өне бойына өзге халықтардың түстеріне кірсе, шошып оянатындай қорқынышты оқиғаларды бастан кешкені туралы жазған Президентіміз «Ғасырлар тоғысында» еңбегінде. Қанша қиындық көрсе де, абзалдығы мен сабырлылығын, басқа халықтарға деген сыйлаушылығын сақтай білген халықты, қәзіргідей қиыр - шиыр тарихи сын кезеңде өзім ажырамас бөлшегіне айналып отырған асыл жұртымды, ХХІ ғасыр табалдырығынан аттап, өз талайын тағы бір бір сынап көргелі отырған тәуекелшіл ұлтымды қалай мақтаныш етпеспін. Қалайша бас имеспін, - деп аяқтаған.
Ән «Көк тудың желбірегені» орындайтын Наурызбаева Жазира
Жанат апай: Аз уақыттың ішінде ел Президенті партиясының байыпты да нық, сындарлы тактикасымен базалық мақсатты ұстанымдарының арқасында өскеніне, нығайғанына, дамығанына бәріміз куәміз, дей келе ауданымыздың «Нұр Отан» партия ұйымынан келген қонақтарымызға сөз кезегін береміз Бекзат: Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа.
Нүсіпжан: Елбасымыздың «Қазақстан жолы» атты кітабы туралы ой айтуға Бегайдар Гүлназға сөз береміз.
Гүлназ:
Мен бұл елбасының еңбегін оқи отырып, кез келген азаматты елін сүюге жетелейтінін түсіндім. Елбасының кітабы Қазақстанның қәзіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндауы. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. бұл – Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қәзіргі қолданыстағы ел Конститутциясын қабылдау үрдісі, мұнай - газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады.
Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған.
Мерей: өзі шығарған өлеңін оқиды.
Нұрсұлтанға рух берген
Кәрі тарих парағы...
Сымбат: Нұрсұлтан Әбішұлының құнды еңбектерінде ұлттық рух пен ұлттық тарихтың шежірелері кезең - кезең бойынша қамтылған. Жалпы философиялық ақыл ойдың тереңіне жетелейді. Әсіресе тіл мәдениеті маңызды орын алған. Қымбатты оқушылар, Елбасы еңбектерін асықпай зерделеп оқып шығып, болашаққа нық сеніммен қадам басайық.
Анель: Ана тілін армансыз бойға сіңірейік, өйткені бабаларымыздың ғұмыр тәрбиесі, дүниетанымы, мінез - құлқы.
Денис, Нина, Рома тілек, тақпақтарын айтады.
Нина: 1991жылы желтоқсанның 1 - де Қазақстан халқы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
Роман: Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.
Денис:
Жанат апай: Қазақстандағы үш тұғырлы тіл саясаты - бұл елімізді, оның әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған тұтас тұжырымдама. Іс жүзінде тілдердің үш тұғырлылығы идеясы бәсекеге қабілетті қазақстанның ұлттық идеиолгиясының бір бөлшегі болып табылады. Ұлт болашағы – ұрпақтың қолында екенін ұмытпайық. Сондықтан келешекке апаратын сара жол бүгіннен үлгіге айналу керек.
Жүргізуші: Бағнұр: Ұлылардың мұрасы да, мұраты да, атақ даңқы да, мерейтойы да кейінгіге үлгі. «Үлгіге қарап ұрпақ өседі» деп тегін айтпаған. Болашақты болжай білетін, әділ жол бағытында жазылған Елбасы еңбегі туралы сөз кезегі Қанатбаева Зухраға беріледі.
Зухра: Кітапта автордың өмірбаяндық очерк түріндегі естеліктері де, соңғы 20 - 30 жыл ішінде елімізде болған саяси және экономикалық өзгерістер туралы оның жеке өзінің пікірлері де, саяси және қоғам қайраткерлерінің берген бағалары бар. Кездескен қиындықтар мен қателіктерді жою жолындағы принципті тартымды баяндаған. «Әділеттің ақ жолы» қалың оқырман қауымға арналған.
Айдана: Президентіміз «Бейбітшілік кіндігі» еңбегінде ұлттық экономиканың қаз тұруының, дәстүрлі ұлтаралық татулықтың және басқа елдермен тату көршілік, өзара пайдалы қарым – қатынастың қажетті элементі ретінде берік те іргелі бейбітшіліксіз мемлекеттің бақытты болашағы жоқ, болуы да мүмкін емес, - деп жазған. Біздер тілейміз тек бейбітшілік, ашық аспан.
Ақнұр: Нұрсұлтан Назарбаевтың «Өмірдерек» еңбегінде Президентіміздің саяси ресми сапарлары толық қамтылған. Бұл сапарлармен кездесулер біздің тарихымыздың әрбір парағы, кірпіші десек болады. Қазақ азаматы, қарапайым отбасынан өсіп шығып, халқының сенім артар азаматы болды. Біздің тұңғыш Президентіміз сондай қарапайым жан, елмен ашық жарқын амандасады. Қарапайым еңбек жолынан осындай мәртебеге жеттім дегенінің өзі бойында ұлттық намысы, қазақы қаны бар екенін көрсеткені. Қаншама шет мемлекеттерге Қазақстан деген елдің бар екенін паш ету үшін еңбек етіп жүргенін аңғаруға болады.
Нұргүл: Өз еңбегінде «Тарих өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі» - дей келе, өзіміз мекен ететін өлкенің тарихын танып, адамдарын ардақтауға үйретеді. Бұл ғаламда жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының барлығы ана сүтімен, елге деген сүйіспеншіліктен тарайтынын Елбасы жақсы көрсетеді. Сондықтан біз үшін ата - ананың мейірімімен, ана сүтінен асқан мұра жоқ. Ана сүтімен, ел болашағына сенбейтін ел азаматтарына мейлінше жақсы болашақ жоқ деген. Бойында қаны бар, намысы бар, саналы азамат енді тәуелсіздікті қалай кемелдендіреміз, елдің келешегін қайтсек көркейтеміз деп ой - санасын қамшылау керек екенін автор түсіндіреді. Ендеше болашақ Тәуелсіз мемлекетіміздің көркейуіне ат салысайық, біз елдің келешек жастары!
Сабира апай: Міне, соның айғағы: қараша айының 16 күні Елордада Елбасы
Н. Назарбаевтың қатысуымен «Жас Отан» жастар қанатының «Арман! Еңбек! Сенім!» тақырыбында ІІ съезі өтті. Жиынға еліміздің түкпір – түкпірінен 9000 - ға жуық жас өрен қатысты. Елбасы алдында сөз алып, өзінің жастық рухын, патриоттығын паш еткен жасотандықтардың бірі біздің жерлесіміз, біздің мақтанышымыз Нуштаева Татьяна Сергеевнаға сөз кезегін береміз.
Лаура: Республикам азат болған құтты күн
Ғайып ерен сыйға тартқан ғажап күн
Төбем көкте, келем міне төріңде
Мен азатпын, азаматтар азатпын,- дегендей,
Хор: Тәуелсіздігіміз халқымызға бақ болсын!
Нүсіпжан: Қай заманда, қай мемлекетте өмір сүрсек те оның тарихын сараламай болашақты болжай алмақ емеспіз. Тарихымыздың жалғасы, өміршең істеріміздің арнасы бұдан былай да жаңа астанада жалғасын таппақ.:
Ән: « Қазақ елі» орындайтын Жұманазар Несібелі, Мақсұт Сымбат
. Бағнұр: «Еліміздің басты байлығы ең қастерлі қазынасы жердің астында да емес, үстінде де емес адамдардың жүрегінде», - деген Елбасы өз сөзінде.
Бағлан: Елбасы демалыс сәттерінде, табиғат аясында серуендегенде әр түрлі есіне түскен ойларын тізбектеп ой елегінен өткізіп, үнемі жадында жазып жүретін болған.
Сабира апай: Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен қазақ халқын ел етіп, ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылған. Президент болу арине онай емес, ол үшін адамның бойында үлкен тіпті дара ойлар мен мақсаттар. табандылық пен шыдамдылық. сарқылмас білім. таусылмас жігер де намыста керек.- деп біздің оқушыларымыз «Президент болсам» деген тақырыпта өз ойларын эссе ретінде жазған еді. Бірнеше жазбаны аудандық мәдениет үйінің кітапханашылар әдіскері Гүлбану Сейдоллақызына оқушыларымыздың туындысын табыстағымыз келіп отыр. Әрине рұқсат болса. Эссе «Президент болсам...»
Сабира апай: Бүгінгі тәрбие сабағымызда Елбасы еңбектерінің бірнешеуімен танысып ортаға ой салыстық. әлі бізге жетпеген туындылар қаншама, болашақта да танысып, ой бөлісеміз деп ойлаймыз. біздің мектебіміздің кітапханасы өте бай, кітапханашы Махамбетова Патима апайымызға сөз кезегін береміз. Патима апай: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, сіздер жаңа Елбасы еңбектеріне өз көзқарастарыңызды айтып, ол еңбектерден мол тәлім - тәрбие ала алатындықтарыңыздыды атап айттыңыздар. Қазақ жастары үшін, елім деген ер үшін өткенді тану, тарихты терең пайымдап, оған әділ баға беру үлкен парасаттылық пен жауапкершілікті талап етеді, сондықтан да біз ел сенімін ақтар сіздерге, яғни жастарға сенеміз!
Сабира апай: Адамға ең алдымен еңбегінің жемісін көретін бейбіт күн, беймарал тіршілік, тәуелсіз ашық күн керек, осы елдің түп – тамыры мен тыныштығын қалайтын «Президент – ғасыр адамы» - Елбасымыз керек. Ауылға - жанашыр, іскер әкім керек, ал мектепке - кемеңгер, ойшыл, оқушының да ұстаздың жанын түсінетін басшы керек, дей келе мектеп директоры Найманбаева Ұлғанша Патшабекқызына сөз береміз.
Бағнұр: Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар,
Нүсіпжан: Әлемде егемен Қазақстан бар,
Асылжан: Оның көн ұлтты, тату ынтымақты халқы бар,
Сабира апай: Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар,
Жанат апай: Ең бастысы – бүгіннен нұрлы кемел болашағы бар,
Барлығы: Ел сенер Елбасы Президентіміз бар.
Ән «Елім менің»
Президент-ғасыр адамы
- Сабира73
- 20 қараша 2019
- 26900
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Ашық сабақ, президент, ғасыр адамы, тұңғыш Президент күні мерекесі
Ұқсас жаңалықтар:
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Мақсаты: 1. Оқушыларға Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. 2. Оқушыларға..."Тұғыры биік Елбасы"
Мақсаты: Балаларға «Тұңғыш президент» мерекесі жайлы айта отырып, Елбасының жасаған еңбектері туралы айтып беру. Отанға, туған жерге деген...Менің тұңғыш Президентім
Мұғалім:: Құрметті оқушылар, бүгін біз үшін ерекше күн. Бүгін бүкіл қазақ елі болып, Қазақстан жері болып Тұңғыш Президент күнін тойлағалы отырмыз....Біздің сүйікті - Елбасы
Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейтіп, болашақта ел азаматы атына лайықты болуға тәрбиелеу, еліне, жеріне, Отанына...Бір ел – бір халық – бір тағдыр
А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Төреханова Жанна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.