Мақсаты: Ш. Қалдаяқовтың шығармашылығын насихаттау, әндерінің сырын сезініп, құрметтеу және де әр бірлестік жетекшілерінің мектеп ішінде өтіп жатқан мәдени шараларға жауапкершілігін байқап, белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі: Ш. Қалдаяқовтың портреті, презентациялар, суреттер,
Түрі: ән кеші
Кештің барысы:
І Жүргізуші:
Қайырлы күн! Қымбатты ұстаздар мен оқушылар, ата - аналар!
ІІ Жүргізуші:
Қадірменеді ән сүйер қауым ән әлемінің падишасы, қазақ вальсінің королі атанған халық артисі, ұлы сазгер Ш. Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Сағындырған әндер - ай» атты ән байқауына қош келдіңіздер!
І Жүргізуші:
Бұл байқауды өткізу мақсатымыз Шәмші әндерінің сырын сезініп, құрметтеу және де әр бірлестік жетекшілерінің мектеп ішінде өтіп жатқан мәдени шараларға жауапкершілігін байқап, белсенділігін арттыру.
Ән айтушы Ш. Қалдаяқовтың бір әнін орындайды.
І Жүргізуші:
Бүгін сіздердің алдарыңызда мектеп мұғалімдері дайындаған Шәмші әндері шырқалады. Ендеше «Ақ Ерке – Ақ Жайықтың» жағасында шалқып, «Бақыт құшағында» балқып, айдын көлде жүзгендей «Қайықтың» сазында тербеліп, әсем ән мерекесін бірге тамашалайық.
ІІ Жүргізуші:
Осынау кешімізді мектебіміздің жез таңдай әншісі Ш. Мұстафинаның орындауындағы «Ақ Ерке – Ақ Жайық» әнімен ашқалы отырмыз.
Сахнада Ш. Мұстафина қарсы алыңыздар!
ІІ Жүргізуші:
Халықаралық Күншуақ фестивалінің лауреаты Әбдікаримова Жалғасгүлдің Шәмші әндерінен поппуриін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Ш. Қалдаяқов халқымыздың рухани азығы болып, ән өнерінің інжу маржаны атанған шығармалардың авторы
Жүргізуші:
Ендеше келесі кезекті Шәмші әндерін орындаушы сайыскерлерімізді сахна төріне шақырайық
1. Жанұзақова Орынгүл
2. Жұмасейіт Қайрат
Жүргізуші:
Бүгінгі ән байқауына қатысып, өнерлерін көрсететін сайыскерлеріміздің әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1. Музыка пәнінің мұғалімі Ш. Мұстафина
2. Мектепалды дайындық тобының мұғалімі Қабақбаева Б
3. Оқушылар сарайынан хор және вокал үйірмесінің жетекшісі Есалина Гүлжанат
Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.
Жүргізуші:
Шәмшіге ән шығару қасиеті анасынан дарыған. Анасы Сақыпжамалдың үні қоңыраудай, ән салса ажары ашылып, тоты құстай түрленіп, ажарланып, ғажайыптанып кететіндей ару жан еді. Осы анасының арқасында Шәмші бүгінгі уақытта дарынды талант атағына ие болып отыр. Ендігі кезекті Шәмшінің «ана туралы жыр» әнін ұсынамыз. Сахнаға Орынгүл Жанұзақованы шақырамыз. Қошеметпен қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:
Шәмшіде арнау әндер өте көп. Бір күні Қалқожа деген іздеп келіп:
- Аға сіздің әндеріңізде неге Арыс жоқ? Ерке өзенінің аруларын неге қоспадыңыз деген сауалдан «Арыс жағасында» әні туып еді. Қазіргі тыңдайтындарыңыз «Арыс жағасында» орындайтын Жұмасит Қайратты ду қол шапалақпен ортаға шақырайық.
Жүргізуші:
Шәмшінің Қалдаяқовтың «Сыр сұлуы», «Қайықта», «Кешікпей келем деп ең», «Ақ бантик», «Теріскей», «Бәрінен де сен сұлу», «Бақыт құшағында» әндерінің де өмірі сөз жоқ ұзақ, қазақ халқымен бірге жасайтыны даусыз. Оның әндерін сан рет қайталап айтсаң да жалықпаймыз.. келесі тыңдайтындарыңыз «Сыр сұлуы» әні орындайтындар Қаржауова Салтанат пен Тәңірбергенов Арман.
Жүргізуші:
Студент кезінде шығарған әндері «Қайдасың», «Қайықта» әндері студент жастар арасында кеңінен таралып, сол әндері осы күндерге дейін орындалуда. Ендігі тыңдайтын әндеріңіз «Қайдасың» орындайтын Алтынай Төретаеваны қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:
«Бар қазақты тамсандырған,
Таңнан - таңға ән салдырған,
Өзін әнмен қарсы алдырған – Шәмші едің»- дей келе Шәмшінің «Өмір - өзен» әнімен Ақбаева Алтынгүлді ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Әннің қадірін әнші білер
Әншінің қадірін Шәмші білер,- демекші қазақ сахнасының төрінде Шәмші әндерін шырқап жүрген жас әнші Әйгерім Қалаубаеваның орындауындағы «Кешікпей келем деп ең» әнін міне бүгін мектеп сахнасында Аяғанова Мөлдір орындағалы тұр.
Жүргізуші:
Жаңа ғана бойжеткен
Жас күнімді еске алам
Шәмші ағаның жазатын
Кездері ғой асқақ ән - деп Күләш апамыз жырлағандай келесі кезекті «Әнім сен едің» әніне береміз. Бұл әнді орындайтындар Садақбаева Нұргүл мен Аманова Ләззат.
Жүргізуші:
Халық Шәмшіні «Қазақ вальсінің королі» деп бекер айтпаса керек. Оның көптеген әндері вальс ырғағына жазылған. Шәмші әндеріне вальс билемеген жан бар ма? Біздің әке - шешелеріміз осы вальстің ырғағында жүріп бір - бірімен танысып табысты емес пе? Сонымен алдарыңызда тағы да вальс. «Қуаныш вальсі» орындайтын математика пәнінің мұғалімі Көпжасарова Нұршаш ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Еліңмен әнің салмайды бөлек іргесін,
Болашаққа барасың, бастап жыр көшін
«Менің Қазақстанымменен» жан аға,
Қазақтың көк байрағыменен біргесің.
Әндеріңменен айдынды шалқар көлдейсің
Көңілімде әлі отырған күліп сол кейпің
Жер бетінде қазағым аман тұрғанда
Өлмейсіз аға, өлмейсіз аға, өлмейсің.
Шырқалса әнің қалада, дархан далада
Тыңдайды ұйып, бесікте жатқан балада
Соңына өшпес рухани мұра қалдырдың
Тірісің мәңгі, тірісің мәңгі жан аға,- дей келе бүгінгі Шәмші шығармашылығына арналған «Сағындырған әндер - ай» атты ән байқауымыз аяқталды. Әділқазылар орындарын белгіленше келесі кезекті кішкентай бүлдіршініміз Жақсылықова Шахризаданы «Өзбек» биімен қарсы алыңыздар.
"Сағындырған әндер-ай" Шәмші Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы
- Жулдызай
- 5 ақпан 2012
- 31331
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шәмші, әндері, сыныптан, тыс, жұмыстар
Ұқсас жаңалықтар:
Біз тұрғанда Шәмші өлмейді, басқа Шәмші еш келмейді
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 194 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аяпова Динара...Қазақ вальсінің королі - Шәмші Қалдаяқов
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға негізгі мектебі Бримбетова Мадина Тыныштыкбаевна...Шәмші Қалдаяқов
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, №4 орта мектебі Әлмағанбетова Гүлжан Семёновна...Ән болып қалықтаған... Ш. Қалдаяқов – «Ана туралы жыр» - үйрету
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Бабатай орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Бижанова Мира Сисенқызы...Аққұс туралы аңыз
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мүғалімі Гүлдана Бауыржанқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.