Сайтқа кіру Тіркелу

Ән әлемінің королі

Сабақтың тақырыбы: «Ән әлемінің королі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өз Отанын шексіз сүйетін жастарды тәрбиелеу;
Дамытушылық: туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, халқымыздың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғасытруға тәрбиелеу;
Тәрбиелік: мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеп тұтуға баулу, Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Көрнекілігі: буклеттер, ән жинағы, кітаптар,
1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар, «Ән әлемінің королі» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2 - жүргізуші: Сонау күй атасы Қорқыттан бастап, Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Сүгір көмейіне бұлбұл ұялаған Әміре, жылғаның тасындай жылтыраған Біржан сал, Ақан сері мен Жаяу Мұсаларымыз қазақ деген ұлы халықтың бақытына туған өнер көгіндегі жарық жұлдыздары.
Ән: «Сыр сұлуы»
1 - жүргізуші: Шәмші Қалдаяқов 15 тамызда 1930 жылы Шымкент облысының Қызылқұм ауданының Шәуілдір селосында дүниеге келген. 1956 - 1962 жылдарды Қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында оқыған, аяқтай алмаған. 1950 жылдан бастап творчестволық жұмыспен шұғылданып, 1965 жылы Қазақсатан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанған. 1991 жылы 29 желтоқсанда «Қазақстанның халық артисі» атағын алды. Қазақ жастарының бақытты өмірін жырлайтын «Ақ маңдайлым», «Ақ сұңқарым», «Менің Қазақстаным», «Сыр сұлуы», «Ақ бантик» т. б халық арасныда кең тараған сезімге толы әндердің авторы.
2 - жүргізуші: Қысқаша айтқанда 1930 жылы Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жеріндегі Отырар деген ауылда қазақтың қобызы мен домбырасын құйқылжыта тартатын сері, ақын, ағаштан түйін түйетін ұста, зергер Қалдаяқ пен ойын - тойда құйқылжыта ән салатын Сақыпжамалдың отбасында ХХ ғасырда қазақ әнінің ажарына ашық шырай кіргізіп, оның өрісін әлем көгіне шығарған ән феномені Шәмші Қалдаяқов дүниеге келді
2 - оқушы: Ән өмірінде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған Шәмші Қалдаяқұлы – күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Сондықтан да 40 жыл бойы біздің аспанымызда махаббат пен сағынышқа толы Шәмші әуендері шырқалды.
1 - жүргізуші: Қазақ әні мен мәдениетінің алтын қорына елеулі үлес қосқан Ш. Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасы - ұлтымыздың баға жетпес байлығы, рухани қазынасы.
3 - оқушы: Шәмші әндеріне басқа түгілі ағылшынның өнер қайраткері Роберт Файлер таң қалып «Мен қазақтың ұлы композиторымен танысқаныма қуаныштымын. 300 - ге жуық ән шығару дегеніміз - ұлы ерлік!», «Сізге ескерткіш орнату керек» деген екен.
4 - оқушы. ХХ ғ 60 жылдарынан бері бүкіл қазақ шырқап келе жатырған Шәмші әндерімен қаншама жас ұрпақ тербеліп өсті. Содан да халқымыз оны: «Қазақ вальсінің королі» деп құрметтеп мақтан етеді. Шәмші батыс өнеріндегі вальсті қазақ табиғатына жақындатып, ұлтымыздың төл өнеріне айналдырып жіберген.
Ән:«Ақ бантик»
5 - оқушы. «Ән де адам секілді өз тағдырымен туады» деген рас сөз. Шәмшінің 300 - ге жуық әр әнінің өзіне тән туу тағдыры бар.
Жамшид Шәмші атанып оның композиторлық атағы шыққан кезде анасы қайта айықпайтын ауруға ұшырады.. Өзінің о дүниелік екенін сезген анасы Алматыдан Шәмшіні шақыртады.
- Балам, мен өмірден ерте кеттім демеймін, немере сүйіп, келін көруді құдай маған бұйыртпады. Тағдыр солай, қайтейін. Бір тілеуім, сен аман бол! Дүниеге келген әнің айтылмай жатып үзілмесін, бақытты бол, балам.
Анасының ақ лебізін естіген Шәмші өзін сәбидей сезінді. Ойланып қараса, анасы оған әлемнің жарығын сыйлапты, осы сәтте Шәмші ерекше толқиды. Сонда ол былай дейді:
- Ана, мен сенің басыңа кесене ғимарат орната алам деп айта алмаймын, бірақ мен саған әннің ең асылын, ең нәзігін арнап жазамын, ол ешқашанда ұмытылмайды. Бұл 1957 жылдың 4 - қыркүйегі болатын. Шәмші өзінің сөзін 1961 жылы орындайды.
Шәмші Қалдаяқов: «Мен ажарлы әйелді көрсем болды сол сәтте күйіп - жанып махаббат отына түсетін едім. Кейде бұл ісіме күйініп «Менде махаббат жоқ» деп ойлайтынмын. Менде шын махаббат бар екенін маған тұңғыш рет жалтартпай айтқан сол бір көркем қыз болатын. Оның «Сен ғашық адамсың. сен бар дүниеге, анау Алатауға, сылдырлап аққан суға, мөлдіреген аспанға, бүкіл адамзатқа ғашықсың. әйтпесе сен ән шығара алмас едің» дегені есімнен кетпейді» деген бір естелігінде
Ән: «Ана туралы жыр»
2 - жүргізуші: Шәмші өз әндерінің қалай жазылғанын айтып жүретін. «Арыс жағасында», «Сыр сылуы», «Ақ бантик», «Дүнген қызы», «Сыған серенадасы» сияқты әндерін сұлу қыздарға арнап жазған.
6 - оқушы:
Әлі де бұл кеудеме толмай арман,
Жас көңіл еш нәрсеге болмай алаң
Бейхабар жүр едім ғой махаббаттан
Қол созып құшақ жайған қандай адам

Қиялым сәулесінен дірілдеген
Көктемгі күнім бе екен күлімдеген
Әлдебір көктемдегі сандуғаш па
Жанымды елжіреткен үніменен

Қалайша жүрегімді алдай алам
Мен оны жалғыз саған арнай алам
Бейхабар жүр едім ғой махаббаттан
Дариға - ай құшақ жайған қандай адам
1 - жүргізуші: Адамдар жүрегінен орын тапқан әуеннің қашанда өмірі ұзақ. Шәмші ағаның әндері Ремспубликамыздың қай өңірінде болмасын жиі айтылып, ән сүйер қауым арасында кең тараған. Шәмші Қалдаяқов саналы ғұмырының біразін шәкірттерді тәрбиелеп өнерге баулуға жұмсады. Шымкент, Алматы мектептерінде ән - музыка пәнінен сабақ берді. Оның әндерінің негізгі тақырыбы Отанды сүюге, еңбек адамына, жастарға, мектеп жасындағы жастар мен бүлдіршіндерге арналған.
7 - оқушы:
Отаным, алтын ұям, абзал анам
Жайнай бер, жайқала бер болма алаң
Тамаша, дархан, бейбіт өміріңді
Қорғайды, күзетеді мың сан балаң
Теңелткен елімде бар ұлтты
Дос еткен халық пен халықты
Қастерлеп ананы, баланы
Жайнатқан даланы - Отаным

8 - оқушы:
Ұлан байтақ кең далам
Көк майса бал тамызған
Төрт түлік малың түгел жүр
Сүт пен майын ағызған
Шетелдегі қандастар
Оралып жатыр еліне
Құрметпен қарсы алып
Жасадың жағдай бәріне
Балаға жасап қамқорлық
Білім бердің тереңнен
Азамат болсын жеткіншек
Қызметі елге еленген
Ән: «Қайықта»
9 - оқушы:
Бақыт соққан заманның балғасынан
Барлық игі істердің жалғасынан
Сен мені іздесең табасың
Күн батыстан шығысқа иық керген
Әлі ешкім шықпаған иіктерден
Бүкіл адам бас иетін
Сенің ерлік қасииетің
Қопсымайтын қанат үнің
Ел таныған жомарттығың
Келер күнге менімен бірге барады.
Қатал қайсар махаббаттың жүрегінде жанады.
Сондықтан да болашағы мына ұлы даланың
Ертең біздің есімімізбен байланысты болады.
10 - оқушы:
Ән: «Сыған серенадасы»
Пай, пай киелі неткен жер
Батырлар дүбірлеп өткен жер
Тұлпырлар дүрсілдеп тепкен тер
Ғашықтар бір - бірін өпкен жер
Сарылып сал - сері кеткен жер
Бас иіп иіскеп топырағын
Тағзым жасамай өтпеңдер
Мына өлке
Мына айиақ
Бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға
Құлшылық етемін құмдарға
Тағзым жасаймын қырларға
Шүкірлік еметін қашанда
Осы бір Отанда тұрғанға
11 - оқушы:
Күндік бақыт күндегі күлкің емес,
Гүлдің гүлзар болуын кім тілемес.
Иә, иә сәулелі болашақтың
Бізге соқпай өтуі мүмкін емес
Шыншыл мақсат қай кезде де жол табар
Кезің келді қоғам жүгін арқалар
Бұл сұраққа сен бересің жауапты
Дүниеге ертең келер нәрестенің адында
Тек жүзіңді төмен салма
Тек көзіңді жасауратпа
Сенің көзің заман үшін бағалы
Сенің әнің асқақ шықса
Менің даңқым жоғары
Сондықтан да жолың болсын
«Менің Қазақстаным» қоғам үшін бағалы
2 - жүргізуші: Шәмшіге бірі аға, бірі іні болып өлең арнаған Мұқағали Мақатаев пен Мұхтар Шахановтың арнаулы өлеңдері де бар. Аспанынан қазақтың ән боп ұшқан, дара туған дарын Шәмші Қалдаяқовқа 83 өлең арналыпты. Қазақтың Шәмші ағасы - ән ағаға айналып кете барды.
Ән: «Кешікпей келем деп ең»
12 - оқушы:
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады.
Өкініш пе, білмеймін, қуаныш па,
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
Әнсіз өмір өмір ме, қаңсымай ма?
Махаббатқа арнап бір ән шығарсын,
Шәміл - ау.
Шәмші қайда,
Шәмші қайда?
Шәмшіге айт
Тағы да бір тандандырсын,
Жындандырсын жүректі, жандандырсын.
Мәңгі өлмес Махаббатым айта жүрер
Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын.
13 - оқушы:
Бар қазақты тамсандырған,
Таңнан таңға ән салдырған,
Өзін әнмен қарсы алдырған Шәмші едің.
Ал сен ұлы жүрегіңмен,
Пейіліңмен, тілегіңмен,
Күллі тамыр тілегіңмен
Дарын едің алдыңа жан салмаған,
Ұлт сезімін арқалаудан талмаған.
Отырардың еңкеймеген рухын,
Әр қазаққа ән арқылы жалғаған.
14 - оқушы:
Шәміл, Шәміл, шаршадым қалжырадым,
Ет жүрегім езілді, қан жылады.
Темір емес мендағы адаммын ғой,
Аңнан емес адамнан жаралдым ғой
Шәміл - ау, тұңғиыққа қамалдым ғой.
Қайтермін!!!
Қайда барып жазармын бой
Тағы түн,
Тағы сенен ұйқы қашты
Қайтемін қаңыраған күйкі басты
Алдыма мына пәни тыр жалаңаш
Шығарып тілін маған сыйқын ашты.
Махаббат меннен қашты
Бөлекте жүр,
Мен де бір жасын түскен терек те бір.
Тіршілік махаббаттан таралған ғой,
Шәміл - ау,
Енді маған керек пе өмір?!
17 - оқушы:
Жасымнан жақсы көріп сүйдім әнді
Атырдым әнге бөлер талай таңды.
Асқақ үн, әдемі ән құшағында
Күн күліп ұясына талай барды.
Келемін кешіп таң шығын әлі,
Шығысты шапақ бояпты,
Шәмшінің әні, Шәмшінің әні
Көкірегімді оятты!
Келемін кешіп таң шығын әлі
Қырқада жұпар бұрқырап
Естіліп тұрды Шәмшінің әні,
Сезімтал жанның ырқын ап.
1 - жүргізуші:
Әндерің ғасырларға жалғасатын
Жаңғырып жадымызда қалар атың
Дүбірлі дүниені түгел шалсам
Өзіңнен сазгер - әнші бар ма асатын.
Әуезді әуеніңе дала тұнған,
Ауаның торабымен таралды ән,
Ерекше ел аузында дара тұлғаң,
Жүрегің сазды әуеннен жаратылған.
2 - жүргізуші: Шәмшінің «Менің Қазақстаным», «Ақ маңдайлым», «Ақ сұңқарым», «Қара көз», «Қуаныш вальсі», «Ақ ерке - Ақ Жайық», «әнім сен едің», «Кешікпей келем деп ең», «Бақыт құшағында», «Сағынышым менің», «Отырардағы той» сияқты әндерінің қай ұрпаққа да берері мол. Тек оны жүрекпен ұғып, жүрекпен айта отырып, жүрекпен айта білейік. оны айта білуші сіздер мен біздер
16 - оқушы: Республикамыздың талай - талай жерлерінде болып, асыл азаматтармен танысып, олардың Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін көрдім. Бұл қасиет мені қатты толқытты. Керемет сезімдер оятты. Мен әнімді Қазақстаныма арнап отырмын. Бұл ән сонау тың жылдары Ақмоланы «Целиноград» атап, сол жақтағы бес облысты Ресейге қосқалы жүрген кезде қазақ жерін бөлшектегелі жатқанда туды. Асқақтығымызды биік рухымызды алтын күн шұғыласыны бөленген қазақ жерін, елін, әнге түгел сыйғызғым келеді. Сөйтіп, 1956 жылы «Менің Қазақстаным» әні өмірге келді. Өлеңі Жұмекең Нәжмеденовтікі, әнді радиоға Жамал Омарова жаздырды
1 - жүргізуші: Бұл әнді елімнің әнұраны болады деп Шәмші аға біліп айтқандай. Бүгінгі егемендігіміздің негізі болған 1986 жылы 17 - желтоқсанда еркіндікті аңсаған қазақ жастары Алматыда алаңда «Елім - ай»мен бірге осы әнді айтып шықты. «Менің елім» деп ұрандаған жастардың арманы орындалып еліміз тәуелсіз, алтын арайлы елге айналды. Республикамыздың жаңа әнұранына конкурс жариялаған кезде «Қайнар» баспасы «Менің Қазақстаным» әнін әнұран болсын деп ұсынды. Әуені лирикаға жақын деген сылтаумен мемлекеттік комиссияға жіберілмеген. Ата заңымыздың екінші бабында «Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет» деп жазылған. Бүгінде халқына рухани қару болған «Менің Қазақстаным» әні 2006 жылы 7 - қаңтар №112 баптың ІІІ тармағында Қзақстан Республикасы Заңына сәйкес әнұран болып халқына қайта оралды.
17 - оқушы:
Әлдиледің әуеніңмен қазақтың кең даласын.
Әлдиледің ырыс шашып әр ұрпақтың санасын.
«Менің Қазақстаным» әміршіл сонау заманға
Жұмекен мен Шәмші аға қорықпай қалай қарадың?
«Менің Қазастаным» Тәуелсіз елді әнұран болып оятқан,
Жан біткенді сағындырып, тамсандырып тояттар.
Әр қазақтың жүрегінің дүрсілінің жыры боп,
Ұлылықтың төріне саф алтын болып қаландың.
Хор: «Менің Қазақстаным»
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×