Сайтқа кіру Тіркелу

Қызы батыр ел - ұлы ел

Тақырыбы: «Қызы батыр ел - ұлы ел»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Әлия Молдағұлованың өжеттілігі, қайсарлылығы, ерлігі туралы әңгімелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды Әлияша елін, жерін сүйетін, тәуелсіз еліміздің патриоты болатын ұл - қыздарды тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Сөйлеу мәнерін қалыптастыру, тіл байлығын дамытып, ой – өрісін кеңейту.
Көрнікіліктер: плакаттар: Әлияның суреті, буклеттер, кітаптар «Арулар отты жылдарда», «Шығыс шынары», «Әлия - ғасыр аруы», газет қиындылары
Сабақтың барысы:
Сынып жетекшісі:
Ерлермен қатар атқа мініп, найза ұстап, ел қорғаған азаматтар аз емес.
Біздің заманымызға дейінгі ІҮ ғасырда өмір сүрген Массагеттен(Батыс Қазақстан) шыққан, Үстіртті мекендеген «Дай» тайпасынан, соңғы зерттеулерде Томирис «Тұмар қыз» Отан қорғаудың үлгісі. Қорқақтық пен сатқындықты кешірмейтін піріміз - Ұмай да тектіліктің тәрбиесінен тамыр тартқан, аты аңызға айналған аналарымыз. Шығыс қыздарына тәңірі Берген өжеттілік, жауға деген өшпенділігі осы Томирис рухына бастау алған болар. Әрісі - Керей хан, Әз - Жәнібек, берісі - Абылай хан, қанжығалы Қабанбай, Бөгембай, Есет батыр бабаларымызбен бүгінгі ұрпақты жалғастырып тұрған алтын желінің бар тармағы – асқар таудай, ғасырлар тоғысында қас батыр атанған Б. Момышұлы, Қ. Қайсенов, Т. Бегелдинов, шығыстың қос шынары ХХ ғасырдың арулары атағы берілген аяулы - Мәншүк, Әлия десек, бұл батырлардың щығуы кездейсоқ құбылыс емес. Әлия меен Мәншүк халық үшін егіз есім, бір ұғым. Қос ару шығыс елінің Жанна - д Аркі атанып бүгінгі таризх төрінде бірін - бірі биіктете, бірін - бірі асқақтата түсуде. Бұл есімдер халқымыздың қадір - қасиетін, ұлттық мінезін, патриоттық қасиетін аласартпайтын тұлғалар. Олар ақын айтпақшы «Қыз емес қызыл от» болып жаралған тұлғалар.
Келер жылы ерлігімен Кеңес Одағының есінде қалған қазақтың қаһарман қызы Әлия Модағұлова 80 - ге толады. Әлия - ғасыр аруы атанып жиырма бірінші ғасырдан аттанған тұлғалардың бірі. Ол әлі тәуелсіздік туын көтерген еліміздің ұрпақтарына ерлігімен үлгі ұлы жүрегімен достық дәнекері бола береді
Екі ғасыр өлшеміне өткен Әлияны туған жері ғасырлар бойы ұмытпайды.
1 - оқушы:
Әлия, Мәншүк қайсар гүлі қазақтың,
Ерлігіне таңданамын ғажап тым.
Солар төккен қызыл қанның арқасы,
Қазақстан аспанында азат күн.
Желбірейді бейбітшілік жалауы,
Орындалып жас ұрпақтың қалауы.
Әлия, Мәншүк жүрегі боп жанып тұр,
Мәңгілік от ескерткіші алауы.
Көктем келіп гүлдегенде бар аспан,
Кең жазира нұрға тұнар ғаламат.
Әлия, Мәншүк бүлдіршіндер есімі,
Балабақша, мектепте жүр аралап.
Әлия, Мәншүк өлмегені сол болар,
Қос қарлығаш ардақталар қорағалар,
Ұмытпаса қазақ өткен тарихын,
Болашаққа даңғыл Сара жол болар.
2 - оқушы:
Әлия Молдағұлова(шын есімі Әлия) Нұрмұхамедқызы 1924 жылы 15 маусымда Қобда ауданы Көкбұлақ деген жерде туған. Әлияның әкесі Нұрмұхамбет Сарқұлов кезінде бай тұқымынан шыққан ұрпақ ретінде қудалаған адам. Ал анасы Маржан 1932 - 1933 жылдары ашаршалақ кезінде кортоп еккен бақша күзетшісінің оғынан қаза болған. Сегіз жасында жетім қалып, Әубәкі деген ағасы өз тәрбиесіне алады. Кейін ол ағасы Санкт - Петебург(Ленинград) қаласын көшіп келді де Әлия сол қалада оқиды. Отбасының жағдайын байланысты Әлия кейін балалар үйінде тәрбиеленеді. Әлия ерекше ұстамды, зерек, жаңалыққа бой ұрғыш болып өседі.
3 - оқушы:
Жүріп өткен жолдары нағыз аңыз
Әлияны бүгін біз сағынамыз
Дастанындай керемет мәңгіліктің,
Иесіне ерліктің табынамыз
Әлия деп ағады бал бұлақта
Әлия деп сайрайды бұлбұл бақта.
Көтеріліп күн көзі Әлия деп,
Әлия деп ай туады біздің жақта
Батырлықтың үлгісін бастады да
Жарқырады Шолпандай аспаныма.
Жалғасытыр деп ұрпаққа ерлігімді
Өзі өтті өмірден қасқағымда
4 - оқушы.
Соғыс басталғанда ол небәрі 17 жаста болған екен. Сол кезде майданға өзі сұранып, атқыштар даярлайтын бөлімді бітіреді. Майдан даласында: Сіз жауынгерлік тапсырманы орындауға нәзіксіз ғой? Майданға қалайша келдіңіз? Жасыңыз нешеде? деген сұрақтарға -
Мен Молдағұловамын. Қазақстандықпын. Жасым 17 - де. Майданға өз бетіммен келдім. Қандай болсын жауынгелрік тапсырманы орындауға дайынмын. Керек болса, Москва қорғағанда өлген біздің 28 бауырлар сияқты өлеміз, Отан үшін:
5 - оқушы:
Отан!
Отан!
Сен болмасаң не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансызжан өмірінде оңбайды
Өзін - өзі қорлайды да сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы!
6 - оқушы.
Күн көреді,
Әкесіз де анасыз,
Өмір сүрер
Әйелсізде баласыз,

Ал Отансыз -
Нағыз сорлы панасыз?
Білесің бе?
Отанның сен не екенін?
Екі Отан жоқ
Жалғыз Отан - мекенің.
Хор: «Қазағым елім менің»
7 - оқушы:
Әлияның Сапураға 1943 28 июльдегі жазған хаты.
Сәлем!
Қайырлы таң, қымбатты Сапура!
Менің хатымның саған қашан жететінін білмеймін, бірақ сонда да өзімнің жауынгерлік өмірімдегі соңғы жәйтті хабарлауға асығамын. Қазір мен жол үстіндемін, ладыңғы күні атанғанбыз, бүгін, сірә, көздеген жерге кетіп қалармыз деп ойлаймын, бірақ бұл аса анық емес. Қайда бет алғанымды өзің былайша да түсінесің ғой деп ойлаймын. Бірақ, сенен бұл жөнінде қынжылмауды өтінемін, неге десең мектепте әлде де болса бір - қатар уақыт оқуға қалдырса да, өзім сұранып аттандым.. Өміріме өкінішім жоқ.. Бірақ жүректі билеген бір қалтқы ой бар. Жоқ, ол - өзім турал емес сенімен, сәбилермен, жеңгеммен, жалпы туыстарыммен кездесе алмағаным. Жеңешеме мені майданға аттанды, көңіл хошы тамаша, хал - ақауы өте жақсы, тек қобалжымасын деп тілек айтады деп жаз. Ол кісіге Әлия сәбилерге мейірімді қаруды өтінеді деп жазуды өте сұраймын. Жеңешем балаларды адал ниетті, батыл, халық ісіне берілген, әсіресе ата - аналары мен жақындарын сыйлайтын адам болатындай етіп тәрбиелесін.
Өмірде барлық жақсылыққа жет деген өзіңе дара ізгі тілекпен Әлия

8 - оқушы:
Ару қыздар алаулап от кешкендер
Сыздап тұр - ау әлі күгн оқ тиген жер,
Қаласыңда мәңгілік ел есінде
Ару қыздар алаулап от кешкендер
Бріктіріп үміті мен тілегін
Біріктіріп барлық күшін жігерін
анна үшін, бала үшін, джар үшін
Жасқанбастан тосыты оққы жүрегін
Сол бір қиын тым сұрапыл шақта олар
Кеудесіне ерлік отын жақты олар.
Отан үшін опат болған арулар
Есімдері мәңгі бақи сақталар
Дүниеде ажал барын білместен
Екі қыршын, екі ақ қайың бірге өскен
Қатар ұшқан екі аққу тұр мұнда
Күн астында қанат жазып күн кешкен
9 - оқушы:
Әлия Молдағұлова 54 - ші атқыштар бригадасын 4 - ші батальонның 3 - ротасының мергені. Ұрыс басталғанға дейін оның есебінде өлтірілген 35 неміс болды. Ноовосокольники ауданының солтүстік жағында болған шайқастарда Молдағұлова асқан тұрақтылық, ержүректілік, батылдық көрсетті. Сапында әлия болған 4 - ші батальон жауды Казачиха деревнияснан қуып Новосокольники – Дно темір жолын кесіп, тастау бұйрық алды. Жауынгерлік қарсыласқан жау торабына лап қойды.
10 - оқушы:
Ержүрек жауынгерді байқап қалған гитлершілер сол шақта борандатып оқ жаудырды. Әлия жараланып еттбетінен түсті. Әлия жараланғанына қарамастан «Алға!» деп атой салып қайтадан жүгіре жөнелді де бірінші болып жау траншеясына басып кірді.
4 - ші батальонның Әлия болған он қанаты түгелдеі атакаға шығып қысқа ғана ұрыстан кейін жаудың қорғаныш шебін бұзып өтті.
1944 жылдың 14 қаңтар айында Әлия Молдағұлова Казачиха түбінде ерлікпен қаза тапты.
1944 жылдың 4 маусым айында Совет Одағының Батыры атағын берді.
11 оқушы:
Ар намысы азаматтың,
Таразыға түскен ашқ
Күндері үшін болашақтың
Әр қарыс жер қорғалмақ
Бір Қобдадан сегіз ердің
Шығуы бұл тегін бе еді?
Айғағындай күш - жігердің,
мерген қызым Әлия еді.
атқан оғы мүлт етпеген
Дұшпандарын ойсыратты.
Бір шайқаста жұрт күтпеген
Жиырма үш неміс ол жайратты.
12 - оқушы:
Даңқ жетті туған жерге
Қазақ қызы қол басындай
Жауға тиген қорғасындай
Бір сұрапыл жекпе - жекте
Қол бастады Әлия қыз
Ол жоқ. Қалды келешекке
Үлгі болып ерлік аңыз
Хор: «Әлия»
13 - оқушы:
Даламыздың даңқысысың
Балауса гүл балғын қыз
Жанын қиып халқы үшін
Жанып түскен ақ жұлдыз
Мәңгі жасап жерде енді.
Биік бол деп таулардан,
Сенің балғын бейнеңді
Жасап қойдық мәрмардан.
14 - оқушы:
Бірге соқсын дүрсілдеп
Туған жер мен жүрегің
Ауасында жүресің сен
Әнге қосып жүр елің.
15 - оқушы:
Бүгінде Әлия Молдағұлова есімімен аталатын теплоход, мектептер, бригадалар көптеп саналады.
Е. Хасанғалиев «Әлия жаны», Мансур Сағатовтың симфониясы, Б. Аюхановтың балеті Әлияның есімін ғана емес оның ерлігін қастерлеп, аруағына риза болу емес пе?!
әлия туралы көптеген кинолар да түсірілді.
Москвада, Ленинградта, Ақтөбеде, Қобдада, Новосокольники қалаларында әли Молдағұлова атындағы мұражайлар, көшелер бар.
Болса да күткені таң, аңсары - нұр,
Он тоғыз жаспен бітті барша ғұмыр
Он тоғыз жас тағы сол Әлияны
Күтумен сарғайды бел, шаршады қыр.
Сағынса жер шалғында, аспан - қазды,
Күтті ол бейбіт сәуле шашқан жазды,
Алия майдандағы ерлігімен
Он тоғыз жас туралы дастан жазды.
Оранды жайсаң күндер, тұнықтаңдыр
Есімін батырлардың, ұлықтардың
Он тоғыз жас толған балғын ұрпақ
Салмағын он тоғыздың ұмытпаңдар
17 - оқушы:
Әлияның туған жеріндегі мұражайында 198 жылы 15 тамызда Дінмұхамед Қонаев пен Нұрсұлтан Назарбаевтың қалдырған қолтаңбаларында мынадай жолдар бар:
«Әлияның жарқын өмірі, Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі, туған еліне деген зор махаббаты халқымызға, барлық ұрпаққа үлгі өнеге. Ол жастарды ерлікке, Отанын сүюге тәрбиелейді».
Бұл сөздердің маңызы бүгін де кеміген жоқ.
17 - оқушы:
Ғасырлардың қойнауында адасқан,
Ашылғандай қазақ үшін ақ аспан
Егеменді ел болуға бекіндік,
Сәтті жылы дәуір бастап, бақ ашқан.
Бүгінде бар армиясы айбынды
Қазақ жерін қорғайды олар байырғы.
Сарбаздар мен сардарлары Сайма - сай,
Болдырмайды қасірет пен қайғыңды.
Сынып жетекші:
Бүгінгі әлем таныған Қазақстанның тәуелсіздігін көздің қарашығындай қорғау - әрбір азаматтың парызы. Өмір бар жерде Талас - тартыстың болмай тұрмайтыны сияқты, ерлік өлшемі Отанды, досты, болашақты Әлияша сүюден басталады.
Әлия - өмір ерліктерден құралған,
Тарихүшін қас - қағым сәт мұң алған.
Сан ұрпақтар үлгі етеді оны әлі,
Ерлігімен елдің атын шығарған.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі

Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі

Мақсаты: Ұлы Отан соғысының батыры Әлия апамыз ерлігін үлгі ету. Оқушыларға патриоттық, интернационалдық тәрбие беру. Оларды Отанын сүюге, елін...
Ұлы даланың батыр қыздары

Ұлы даланың батыр қыздары

Кеңес Одағының батыр қыздары Әлия мен Мәншүктің биік тұлғасын суреттеу арқылы - ұлтын сүйетін, еліміздің өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды...
Ер есімі - ел есінде

Ер есімі - ел есінде

Мақсаты: Балаларды ҰОС батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы ерліктерімен таныстырып, отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу,...
Қос жұлдыз

Қос жұлдыз

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғынуларына жағдай туғызу. Ұлы Отан соғысында туған жерін...
Ұлы жеңіс - жасасын!

Ұлы жеңіс - жасасын!

Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты) Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!» Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×