Сабақтың мақсаты:
Табиғатты сүюге баулу, табиғатқа қамқор бола білуге үйрету. Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту. Құстардың пайдасына тоқталу. Құстар туралы өлең, жырлар үйрету.
Сабақтың білімділігі: Жер анаға табиғатқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу. Үй құстары, дала құстары, орман құстарымен таныстыру. Құстар туралы бірліктерін слайдтар арқылы үйрету.
Сабақтың тәрбиелігі: Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Құстар адамдардың досы екендігін үйрету.
Сабақтың дамытушылығы: Көктемде алғашқы келетін құстарды айту, ағаш зиянкестерін құстар құрататын білгізу.
Сабақтың көрнекілігі: ағаштар суреті, құстар суреті, құстардың слайдқа түсірілген суреттері.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
II. Жүрісі
1. Ойлан тап
Қар, мұз еріп су көбейіп сай салаға толады,,
Бүршік атып жапырақ шашып.
Гүл бәйшешек толады
Бөбектерім айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?
(Көктем)
III. Жаңа сабақ:
IV. Құстар – біздің досымыз
V. Үй құстары
Орман құстары
Дала құстары
VI. Сергіту сәті
Қане қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып – ұшып алайық,
Қане жерге қонайық.
VII. «Құстарды құтқарайық» ойын
VIII. Құстар қалай дыбыстайды?
IX. Қорықтар
Экологиялық әліппе
Құстардың ұясын бұзба, балапандарына тиіспе.
Суық күндері қыстап қалған құстарға көмектес.
Құстарды таспен атпа.
X. Не үйрендік? Не білдік?
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.