Сайтқа кіру Тіркелу

Қош келдің, Наурыз!

Сабақтың тақырыбы: Қош келдің, Наурыз!
Мақсаттары: Оқушыларға Наурыз - жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата - бабамыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын білуге үйрету. Халқымыздың салт - дәстүрлерін сақтауға, балаларды еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақтың киіз үйі, жабдықтары, ұлттық киімдер, ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, наурыз мерекесіне арналған қабырға газеті, көрме т. б.
Барысы: а) Ұйымдастыру ә) Тәрбие сағатының тақырыбын хабарлап, мақсатымен таныстыру.
І. Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру, б алаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу, имандылық, инабаттылық, ізеттілік ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру
Мұғалім: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі 22 наурыз күніне сәйкес кел Наурыз кезінде наурыз - көже дайындалады. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Жарапазан туралы түсінік.
Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын. Ұлыс береке берсін, Пәле - жәле жерге енсін
Игі тілекпен әндете келген жарапазаншыларды қарсы алайық.
Оларға риза болғандар құрт - ірімшік ұсынып, шапан жауып, белдеріне жібек орамал байлайтын болған.
Айтамыз жарапазан отбасыңа, тілейміз денсаулықты бас - басыңа
Тілесек денсаулықты бас - басыңа, амандық келер әр күн отбасыңа.
(Сый – сиапат беріледі. )
Наурыздың 21 түні даланы Қыдыр ата аралайды екен.
Сол себептен осы түн «Қыдыр түні»деп аталады Қыдыр түні ыдыс атаулыны ырысқа (бидай, күріш), аққа ( сүт, шұбат, қаймақ) кәусәр бұлақ суына толтырған. Наурыз айының 22 - інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата бере ді. Жүргізуші: Бекзада
1. Қош келіпсіз, құрметті ата - аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған.
Балғын шақты біз бақытты балалар! Күй:«Ата толғау» Н. Тілендиев.
Жүргізуші: Айсәуле
«Ұлыстың ұлы күнінде»
«Оң болсын, - деп, - ұлысың!»
Төс түйісіп көрісер.
Көжедегі ырысын
Көпшілікпен бөлісер.
Төс түйісу дегені -
Тату болсын ел іші.
Бөліп ішу көжені -
Тоқшылықтың белгісі.
1 - жүргізуші: Бекзада Құтты болсын Наурыз той!
Құлпырып тұр қыр мен ой.
Күн мен түні теңелді,
Жер шуаққа кенелді. 2 - жүргізуші: Айсәуле Құрметті, ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекеміз келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
1 - жүргізуші: Бекзада
Наурыз келсе, құт келгені, халайық! Есік ашып, шашу шашып, Ел боп қарсы алайық.
Той пердесін ашайық, Тойға шашу шашайық.
2 – жүргізуші: Айсәуле
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тіршілікке,
Құтты болсын қуанышың
Ару көктем,
Шақыратын бәрімізді бірлікке.
Көктем ару. Әзима
Армысыздар халайық,
Бармысыңдар халайық,
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық.
Өшкен шырақ жағылсын,
Көктемнің әрбір ақ таңы,
Қуанышпен, жақсылықпен ашылсын.
(Ән. «Наурыз». Әні: М. Ілиясовтікі).
Бекзада: Көрініс. Күн мен Түн шығады ортаға.
Күн: Мөлдір Сәулесі мол Күнмін,
Түн: Асылжан Жұлдызы көп Түнмін.
Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.
Түн: Ал ертең, күн ұзақ,
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмеңдер тек бірақ
Бекзада: Ортада 2 «д»сынып оқушылары бүгінгі мерекеге арналған өлең шумақтарын оқиды.
1 - оқушы: Бекзат
Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп, Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден
Құтты болсын, Наурыз!
2 - оқушы: Асылжан
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
3 - оқушы: Диана
Ұлы күні кәрі - жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!
4 - оқушы: Наурыз
Сағынтып келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарқанға елімнің
Береке, ырыс сыйлашы.
5 - оқушы: Мөлдір
Жыл басы – Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
Наурыз құтты болсын!.
НАУРЫЗ БЕЛГІЛЕРІ Гүлсәт
Наурыз айында мал төлдей бастайды. Оны ешкімге сыйға бермейді, сатпайды.
«Наурыз төл» деп атайды.
Наурыз күні ұшып келетін көктем құсы – «Наурызкөк».
«Наурыз шешек» - өте бағалы өсімдік. «Қызыл кітапқа» енген.
Наурыз күні қар жауса, нұр жауды, жаңа жыл жақсы болады, деп қуанған.
«Наурызша» - деп атаған.
Бұл күні 7 түрлі дәмнен «Наурыз көже» пісіріледі
«Наурыз тілек.» Әр адам өзіне, от басына немесе жақын туыстары мен дос жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір бірінің үйіне кіріп дәм татады.
«Наурызнама»- шат шадыман ойын – сауық той. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады.
«Наурыз бата.» - Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі - осы Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші палуандарға бата беріледі.
Мұғалім:
Оқушы: Дамир
Сәнді көктем – Наурыз,
Наурыз тойы – жырымыз.
ай,
Құтты болсын Наурыз той!
Мұғалім: Наурыз жыл басы. – деп наурыз тойына тұсауын кестіруге әкелген мына бүлдіршіннің тұсауын кесейік.
Тұсау кесу салт - дәстүрін көріп тамашалайық.
Гүлсәт: Қане мына қызымыздың тұсауын кесу үшін мұнда аяғын жіппен байлап, қазыққа бекітіп қояйық. Бұл жіптен босатып алу үшін жүйрік деген 4 бала ортаға шықсын. Ат жарысында кім 1 - болып мәреге жетсе сол баланы жібінен босатып, тұсауын кесуге жол ашып береді. Мына сұрақтарға кім көп жауап берсе сол жеңіске жетеді.
Сұрақтарға жауап беру.
№1. Наурыз дегеніміз не?
№ 2. Наурыз туралы қандай мақал - мәтел білесің?
№3. Жеті қазынаны ата. №4. Жеті ата дегеніміз қандай ұғым? Атауларын ата.
Диана: Ал ендеше жарыста жеңген Бекзат өзі сияқты білімді болсын деп қызымыздың жібін шешіп тұсауын кесуге дайындап берсін.
Бала: Жарайды ендеше мен сияқты білімді бол қарындасым.
Мұғалім: арамыздан жасы үлкен үлгі болардай әжелеріміз немесе аналарымыздан 1 - кісі ортаға шығып қызымның тұсауын кесіп берсе жақсы болар еді.
Әже: тұсау кеседі.
Диана мен Гүлсәт:
Қаз, қаз балам, қаз балам
Қадам бассаң мәз болам
Қаз қаз балам, қаз балам
Тақымыңды жаз балам
Күрмеуіңді шешейік
Тұсауыңды кесейік
Қадамына қарайық
Басқаныңды санайық.
Жүргізуші: Бекзада
Ал, балалар бүгінгі біздің кешімізге Тазша бала да келіпті.
Осы кезде «Тазша бала» келеді.
Құрметті қонақтар, балалар, сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Менің мына сандықшам сұраққа толы, ауыр болып тұрғаны, Менің сұрақтарыма жауап беріңдерші. Балалар сандықшадан асықтарды алады. Асықтың нөмірлеріне сәйкес сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар:
№1. Бір жылда неше ай бар? (12ай бар) №2. Аптаның бесінші күні (жұма)
№3. Апта күндерін ата. Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
№4. Төрт түлікті ата. (түйе, жылқы, сиыр, қой - ешкі)
№5. Сүт тағамдарын ата. (сүт, айран, қымыз, шұбат, ірімшік, май, қаймақ, құрт
Тазша бала: Наурыз
Өте жақсы балалар, білімді екенсіңдер, сендерге көп - көп рахмет.
Бекзада: Тазша бала төрлет, қонақ бол.
Қазақ биі: Қамажай
Жүргізуші: Айсәуле:
Ортамызды ашайық.
Ән мен күйді шалқытып,
Інжу - маржан шашайық!
Жиналған халық таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық. Күй: «Кеңес»күйі тартатын: Мөлдір Мүсілімова
Жүргізуші: «Мақал – сөз атасы» атты мақал – мәтел сайысына ата - аналарымызды шақырамыз
1. Қар жана ма? (Қалауын тапса қар жанар)
2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай)
3. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дер)
4. Қой мен қасқыр ойлана ма? (Қойдың ойлағаны амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық)
5. Қарғыстың ең жаманы не? (Өзің білме, білгеннің тілін алма)
6. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр. (Көз қорқақ, қол батыр)
7. Етікті қонышынан басып киюге бола ма? (Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас)
8. Үлкен көз, үлкен сөз бол ма? (Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен)
9. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді) 10. Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман)

Жүргізуші: Бекзада
Ортаға айтыскер ақындарымызды шақырайық.
2 «д»сынып оқушылары Самал мен Сағындық
Сағындық: Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық!
Хәйләйлім - хайлі – хайләйлім - ай
Самал: Ей, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық
Құтты болсын Наурызың!
Бастарыңа бақ қонсын!
Хәйләйлім - хайлі – хайләйлім - ай
Сағындық: Сәлем, саған Самал!
Сөйлесейік, қазақша
Ән салсаң сен тамаша,
Мен қуанам балаша
Хәйләйлім - хайлі – хайләйлім - ай
Самал: Ата жолын жалғаған,
Ел дәстүрін қолдаған.
Ер намысын қорғаған
Сәлем, саған Сағындық
Қызық сұрақ қояйын,
Сені сынап байқайын
Жауап айтшы бөгелмей,
Бар ма сенің арманың?
Сағындық: Арманы жоқ бар ма адам?
Көктің жүзін шарлаған
Ұшқыш болсам деймін мен
Қырандай боп самғаған.
Ау, Самал..
Әнің қандай тамаша!
Мен де сұрақ қояйын,
Өскенде сен, кім боласың Самал?
Хәйләйлім - хайлі – хайләйлім - ай
Самал: Айтқан сөзді ұғамын,
Ертең өсіп шығамын.
Гимназияда істейтін
Болсам деймін мұғалім.
Ау, аталар, аналар,
Айналайын балалар,
Наурыз көже пісірдім
Тойға қазан түсірдім
Көжеге жас - кәріңді
Шақырамын бәріңді!
Хәйләйлім - хайлі – хайләйлім - ай
Сағындық: Бүгін тойға әкелген,
Баппен оны пісірген.
Самалдың көжесінің
Дәмін татып көрейін!
Хәйләйлім - хайлі – хайләйлім - ай
Екі ақын бірге айтады:
Қазақ деген халықпыз,
Бауырласқа бәріміз
Өзге ұлттар секілді,
Бар дәстүр мен салтымыз!
Хәйләйлім - хайлі – хайләйлім - ай
Хор: Дастархан әні Осы кезде Наурыз көжені қонақтарға беру.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар Самал мен Мөлдірдің мамаларының пісірген Наурыз көжесінен дәм алыңыздар!
Халық сүйген мейрамды
Қарсы алайық Жыланды.
Ортаға Жыланды шығады.
2013 жылға арналған жорамалын айтады.
Жылан: Саламат
Мен Жылан, жыл алды бола білдім.
Жалғаймын өткен жылдың жора күнін.
Келдім мен ақ тілекті жалау етіп,
2«д» сыныбының қонағымын.
Осы жыл сіздерге тек қана табыс, молшылық, балаларға базарлық,
елімізге тыныштық, халқымызға береке әкеледі.
Мұғалім: Рахмет, саған Жылан.
Біздің қонағымыз бол, төрлет.
1 - жүргізуші: Айсәуле Құтты болсын Наурыз той!
Ұлттық ойындардан көрініс: «Арқан тарту», «Теңге алу»
(Қыдыр ата кейпінде оқушы келеді) Ералхан:
Қызыр ата: Армысыңдар, жәмиғат! (қолын жайып)
Бәрі: Қош келдіңіз, Қызыр ата! (Қызыр ата бата береді).
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын, Көйлектерің көк болсын, Қайғы уайым жоқ болсын, Қуаныштарың көп болсын!
Әумин! (бетін сипап бата береді.)
Қорытынды:

Осы сәтте «Дастархан» әні орындалып, бәрі дастарқанға жайғасады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×