Тәрбие сағатының тақырыбы: " Өз орны бар замана үлесінде"
Тәрбие сағатының білімділік мақсаты: Оқушыларды "замана үлесінен өз орнын тапқан" өнер перзентінің шығармашылығымен таныстыру.
Тәрбие сағатының тәрбиелік мақсаты: Отанын, елін, туған өлкесін сүюге, өнер табиғатын түсінуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының дамытушылық мақсаты: Оқушыларды сұрақ - жауап арқылы өз ойын толық жеткізу дағдыларын қалыптастыру, эстетикалық танымын арттыру.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Интербелсенді тақта, кітаптар, музыкалық құралдар.
Жүрісі:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Алтын күн шуағын көк байрақ шашатын
Жатсынбай әлемге құшағын ашатын,
Қазақтың терінен нәр алған даласы -
Тәуелсіз, бейбіт ел! Мәңгіге жасасын!- деп жерлес ақынымыз Сайын Назарбекұлы жырлағандай Тәуелсіздікке биыл неше жыл?
/оқушы жауабы: 20жыл /
Ал, осы тәуелсіздігіміздің басты нышандары қандай?
/оқушы жауабы: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны /
Қазақ елі 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, 1992 жылы маусымда мемлекеттік рәміздерін бекітті. Туымыздың авторы: Шәкен Ниязбеков, Шотаман Уәлиханов екенін өздеріңіз білесіздер.
Тәуелсіздігіміздің басты нышандарының авторлары осы кісілер болса, Тәуелсіздік таңын жырға қосқан егемен Қазақстанымыздың түкпір - түкпірінен ақындар мен сазгерлер қаншама.
Осынау елде бақ табам,
Осынау елде шаттанам,
Мерейін елдің арттырған
Астанам менің асқақ ән,
- деп жырлаған ақын - сазгеріміздің өзімізбен бірге Тәуелсіздік туы астында жасампаздықпен өркендеп келе жатқан биылғы жылы 48 жасқа толатын Ақтау қаласында тұратынын білеміз бе? Білмейміз бе?
Ендеше білгілерің келеме?
Олай болса, ортамызға қонағымызды шақырамыз.
- Құрметті балалар ортамызда балалар ақыны, "Тіл мәдениетін талғаммен қарайтын Көмектің ағынды және жағымды жырлары, ұйқас жолдарының ырғағы күмбірлеген күй сарындас. Мұның сыры күйшілігімен әуен қуған сазгерлігінен болса керек,"- деп Әбіш ағамыз айтқандай балалар ақыны, "Ақ бұлақ" таңдамалы шығармалары "Ақ кеме" әндер жинағы, "Көжек", "Көбелек", "Сыйлық" шығармалар жинағы мен күйлер жинағының авторы, әрі сазгер, күйші,"Халыққа білім беру ісінің үздігі ", ұстаз Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, қазіргі уақытта №21 мектепте саз пәнінен беретін ұстаз - Көмек Ыбырайұлы ортамызда.
- Қош келдіңіз Көмек аға!
Сұрақтар:
• Сізге қояр алғашқы сұрағым мынадай. Сіздің жан - жақты өнер адамы екеніңізді білеміз, бірақ ең көп қалам тартқан салаңыз - балалар әдебиеті екен. Неліктен? /ақын жауабы /
• Әрбір шыққан өлең ақынның өз баласындай дегенмен жаныңызға ең жақын бір өлеңіңізді балаларға арнап оқып берсеңіз. /ақын жауабы /
- Балалар! Атамыз бізге бір өлеңін оқып берді. Енді мен сіздерге атамыздың бірнеше өлеңдерін дайындап әкелдім. Бұл өлеңді сіздерге естелік ретінде қалады, келесі кездесуге дейін жаттап алыңыздар. Ал қазір дауыстап оқиық.
Ақын өлеңдерін оқу.
• Екінші қырыңыз - күйшілігіңіз. Мына жинақта 37 күйіңіз бар екен. Әр күйдің өз тарихы болатыны белгілі. Сондай бір күйіңіздің шығу тарихын айтып берсеңіз.
/ ақын жауабы /
• Көмек аға! Келесі - өнеріңіз сазгерлік өнері. Сіздің сазын жазған әндеріңізді белгілі әншілер Айгүл Қосанова, Ақылбек Жеменей, Лұқпан Жолдасовтар орындап жүр. Саз шығару жөнінде 1 - 2 ауыз айтып кетсеңіз. Әуен сазы қандай жағдайда дүниеге келеді. Қандай жағдай әсер етеді?
/ақын жауабы /
Ендеше ағайымыздың бір әнін тыңдағыңыз келеме? Олай болса ағайымыздың кішкентай күнінде сіздер сияқты шәкірті болған, бүгінгі күні ағайдың жолын қуған, ән сазының ұстазы Серік Оразбаев ағайларыңның орындауында "Аяулым" әніне кезек береміз.
/ ән орындау. /
• "Жігітке жеті өнер аз" дегендей осыншама өнерлеріңізбен қатар ұстаздықты да қатар алып жүрсіз. Өнер жолына түбегейлі бет бұрмай ұстаздықты сақтап қалуыңыздың себебі не?
/ ақын жауабы /
Көмек аға туралы балалар бар ынтасымен тыңдап отыр екен. Мүмкін балалардың өздері қызықтырып жүрген сұрақтары болар? Соны тыңдайық. (Балалар сұрақ қояды)
Мұғалім: Көмек аға туралы Әбіш атамыздың сөз лебізімен таныстық. Сонымен қатар басқа да ақындар мен жазушы ағаларымыз өз пікірлерін білдірген. Соларға назар аударайық.
Мұғалім; Бүгінгі менің басты мақсатым: замана үлесіндегі өз орны бар Көмек ағамызды сіздермен жан - жақты таныстыру.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан.- деп Абай атамыз айтқандай, тәуелсіз еліміздің 20жылдық еркіндігін бүгінгі күн жырлаған Көмек ағамыз болса, ертеңгі Тәуелсіздіктің ақтаңдықтарын жыр етер сіздер, сіздердің ұрпақтарыңыз екенін әрбір адам өзінің қандай да бір игілікті ісімен туған елінің кірпіші болу деп ұғыну керек.
Мүмкін араларыңызда болашақ ақындар, сазгерлер, күйшілер болашақ ел басқарушы азаматтар отыруы мүмкін.
Сіздер мен біздердің атымыздан бүгінгі тәрбие сабағымыздың қадірлі қонағы болған - Көмек ағайға рахмет айтамыз. Зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз. Қаламыңыз мұқалмасын деп ыстық ықыласымызды білдіріп, сыныбымыздың атынан азғана сыйлығымызды қабыл алыңыз.
Қолымнан келсе, атыңды сүйікті етем,
Бұл жолда жанып өтем, күйіп кетем.
Ең азы соңғы сәтте, о, туған жер,
Төбеңді төмпешік боп биіктетем.- ақын ағамыз жырлағандай, ел үшін, халық үшін өзінің жырларын арнаған азаматтарымыз көбейе берсін. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы құтты болсын.
Қорытындылау. Сабағымызды ағамызбен бірге құрметті қонағымыздың "Қазақстаным - менің" әнімен аяқтау.
Өз орны бар замана үлесінде
- gulsim
- 9 наурыз 2013
- 5492
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тәрбие сабағы, өз орны бар замана үлесінде, бастауыш, мемлекеттік рәміздер, тәуелсіздік, сыныптан тыс шара
Ұқсас жаңалықтар:
Бүгін менің туған күнім, ой пәлі - ай әдеби – композициялық кеш
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу. Ақынның өлеңдері мен поэмалары арқылы жасөспірімдерді...Тәуелсіз елдің ұландарымыз
«Тәуелсіз елдің ұландарымыз» атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!...Азаттықтың ақ таңы!
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Тана мырза орта мектебінің химия пәні мұғалімі Ожанова Жанар Ахметбекқызы...Көркем сөздің жұлдызы» атты әдеби-сазды кеші
Қазақстан Республикасы халқы тілдерінің XV облыстық фестивалі аясында өткізілетін сыныптан тыс іс-шара Мүтәллап Мұхамадиұлы Қанғожиннің...Сыныптан тыс іс-шара "Жеткізсем деймін биікке, Қазақтың қара баласың!"
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №19 орта мектебі қазақ тілі пән мұғалімі Қалиева Ақжанай Еркінбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.