Сайтқа кіру Тіркелу

Ауылым, неткен көркем!

Тақырыбы: «Ауылым, неткен байтақ!»
Мақсаты: а) Оқушылар ауылдың мәдени ортасы, тарихы және табиғаты, шаруашылығы, экономикасы туралы білім алады.
б) Ойлау қабілеттерін, өз ой, пікір тұжырымдарын байланыстырып сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту.
в) Шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана - сезімі жоғары, білімге құштар, азаматтық ұстанымы берік және патриоттық сезімі жоғары ұрпақ тәрбиелеу.
Сабаққа керек техникалық құралдар: интерактивті тақта, проектор, колонкалар.
Сабақтың көрнекіліктері: Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ауыл жайлы сөзі; «Ауылдың даласыз күні жоқ, Даланың ауылсыз құны жоқ», слайдтар, ҚР картасы, бейнетаспа, аудиотаспа.

Сабақта пайдаланылатын тақырыпшалар:
Кіріспе сөз.
- Тарих тіл қатқанда...
- Отты жылдарда.
- Қазіргі ауыл жетістіктері.
- Бейнетаспа «Ауылым».
- Аудио таспа «Шыңғырлау гимні»

Сабақтың барысы:
Кіріспе сөз: «Қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Жерімізді жау баспасын деп,
Елімізден құт – береке қашпасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз, - деген екен рухы мәңгі өлмейтін Қазыбек би.
Біздің Отанымыз - Тәуелсіз Қазақстан! Қазақстан дегенде көз алдымызға кең байтақ дала, шексіз жазира дала елестейді. Яғни, дала бейнесі көз алдыңа келеді. Бұл кең дала – қазаққа қымбат дала.
Жүрегім, жырым сенікі,
Кеңісті далам, кең далам.
Тудым, өстім, есейдім...
Сен далам - анам, мен балаң!
Қазақ даласы шежіреге бай дала. Олай болса, бүгінгі сабағымызды суретті ребус шешуден бастасақ.
Ребустың шешуі: Ауылым неткен байтақ.

«Ауыл» дегенді, «алтын бесік» дегенді, «туған жер»дегенді қалай түсінесіңдер?
«Ауыл кімдердің мекені?» осы ой төңірегінде сөз қозғасақ.
(Оқушылардың ойлары тыңдалады).

Айнұр: Менің ойымша ауыл әр адамның ата - тегінің бесігі, арқа сүйері, балалық шақтың мекені. Атамекенге деген махаббат, Атамекенге деген сағыныш ауылдан басталса керек.

Сұлтан: Қазақтың хандары мен батырлары, ғалымдары, ғылымдары мен қаламгерлері осы ауыл даласынан қанат қағып қияға ұшқан.

Асылхан: Қазақтың ұлы ақыны Абай, ұлы жазушы Мұхтар ауылдан шықса, батыр Бауыржан Момышұлы ауыл баласы.

Тұран: Осы кең даладан тұңғыш ғарышкер ұшырылды, Қаһарман батыр Қасым Қайсенов, тіпті Елбасымыз Нұрсұлтан ата да ауыл перзенттері.

Мұғалім: Жақсы, олай болса, ауыл - әр адамның құтты, киелі мекені.

Сен де кеттің, мен де кеттім, ол да кетті ауылдан,
Ұят болды, ұят болды - ау ауылдағы қауымнан,- деген өлең шумағында Мұқағали ағамыз не айтпақ болды?

Батырхан: Осы бір өлең жолдарында Мұқағали ағамыз бәрімізге ой салып, ауыл жағдайын жырласа, Елбасы жолдауымен « Ауыл жылдары» жарияланғанын білеміз. Бұл тарих беттерінде қала береді.

Дияр: Ауыл десем, мал елестер көзіме,
Ауыл десем, дән елестер көзіме
Ауыл десем, ер саламын құр атқа
Ауыл десем, ән естілер құлаққа,- дегендей «Ауылым»әнін Нұрбек орындап береді.

Мұғалім: Міне, ауыл жайлы бірер сөз қозғасақ, «Ауылым, неткен байтақ!» тәрбие сағатымызда өз ауылымызға тоқталсақ... (бейнетаспадан ауыл көрінісі көрсетіледі).

Ай-хой, шіркін Қонақай мен Елегім,
Ата - ана, құрбылар мен бауырым,
Қиындыққа мойымаған әр уақыт
Қайран менің өсіп - өнген ауылым!

Жанерке: Шыңғырлауым сәнді өлкем,
Барма сенен жер көркем?
Сан тарапта ұл - қызың,
Сені әнмен жыр еткен.
Тарих тіл қатқанда...
Ислама: Ұлы байтақ даламыз Қазақстанның бір бөлігі - Жер Ана төсіне табан тіреген Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы.

Алыста жүрсем аңсарым менің
Шөліркей қалсам кәусарым менің
Кеудемде жүрек сағына жаздап,
Сүйемін сені, Шыңғырлауым менің!
Шыңғырлау ауылын Ресей мемлекетімен Елек өзені ғана бөліп жатыр. Ара қашықтығы 3 км болады.

Отты жылдарда: (музыка әуенімен)
Аружан: Ұлы Отан соғысының отты жылдарында Шыңғырлаудың колхоздары майдан қажеті үшін өнімді еңбек етті. Жалпы аудан өңірінде ең ауыр, жауапты болған кезең - Ұлы Отан соғысы жылдары болды. Соғыста шыңғырлаулықтар басқалармен қатар Москваны, Ленинградты, Беларуссияны, Қырымды қорғады. Солардың қатарында ауылдастар да бар еді. Атап айтсақ. Сүндетқали Есқалиев, В. Тихоненко аталарымызды мақтан етеміз.

Қазіргі ауыл жетістіктері:

Алихан: Біздің ауылымыз қазір көркейіп келе жатыр. Үйлерге, мекемелерге көгілдір отын өткізіліп, интернет жүйесі әр үйге қосылды. Және ауданымызға ауыз су өткізіліп жатыр. Аға - апаларымыз егін мен мал шаруашылығына көп көңіл бөліп отыр. Балаларға арналған демалыс саябақтары, лагерлер салынып, жағдайымыз күннен күнге жақсарып келеді.
Бейнетаспадан «Шыңғырлау» ауылының көрінісін көреді.
Аудио таспадан «Шыңғырлау гимні» әнін хормен орындайды.
Барлығы хормен: Туған жерді сүйеміз,
Ауылды көркейтеміз! Сабақтың соңы.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Дүниетану 3 сынып

Дүниетану 3 сынып

Сабақтың мақсаты: Қала мен ауыл туралы, осы елді-мекендердің бір - біріне ұқсастығы мен айырмашылығы, қала мен ауылдағы адамдардың қандай қызметпен...
Туған өлке – тұнған шежіре

Туған өлке – тұнған шежіре

Мақсаты: Оқушыларда туған өлкеге деген қадір – қасиетті оята отырып, сол арқылы туып - өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру....
Біздің ауыл

Біздің ауыл

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Комсомол селосы Т.Жүргенов атындағы орта мектебінің 2 "ә" сынып оқушысы Абдукаримов Диас Артурович Мұғалімі:...
Туған ауылым шығарма

Туған ауылым шығарма

Менің ауылымның табиғаты көркем, тамаша, керемет! Мен ауылым туралы айтып жырлығым да, әндеткім де келеді. Мен - Қуанышбек Құндыз, 2 - класс...
Біріккен сөздер

Біріккен сөздер

Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназиясы. Бастауыш сынып мұғалімі Асанғалиева Дина Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөз Сабақтың мақсаты: Біріккен сөз туралы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×