Сайтқа кіру Тіркелу

Тәуелсіздік – ел тұғыры

Тақырыбы: «Тәуелсіздік – ел тұғыры» танымдық сайыс.

Сайыстың мақсаты: Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру. Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру. Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.

Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет» Ш. Уәлиханов.
Көрнекіліктері: слайдтар, шар, күй дискілері, буклеттер, т. б.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, әдебиет
Өтетін орны: химия кабинеті.
Сайыстың жүру барысы:

Жүргізуші: Тәуелсіздік - қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс. Сандаған ғасырлар мен замандар бойы бабаларымыздың асыл арманы болған. Тәуелсіздік ақ қанатты періште сипатында халқымыздың басына бақ болып қонды. 1995 жылы 13 шілде күні ҚР президенті Алматы қаласында Тәуелсіздік монументін орнату туралы қаулы қабылдады. Осы монументтің авторлар тобының жетекшісі Шот - Аман Ыдырысұлы Уәлихан. Тәуелсіздік монументі Алматы қаласындағы Республика алаңында Қ. Сәтбаев пен К. Байсейітова көшелерінің қиылысатын жерінде орналасқан. Монумент орналасқан ауданның ұзындығы 180 км жерді қамтиды.

Маңғыстаудың бедерлі құлпытастарға ұқсас оюлы Сынтас. Осы Сынтас үстінде бойы алты метрлік қанатты барысқа мінген «Алтын адамның» мүсіні тұр. Бұл көркем бейне ойдан алынбаған, негізінен Есік қорғанынан табылған атақты «Алтын адам» сипаты пайдаланылған. Үстіндегі сәнді, салтанатты дүниежүзілік дәрежедегі өнерлік туындыға жататын зергерлік бұйымдарға қарағанда бұл өзі ханзада болса керек. Ол патшаның баласы болса - онда оның әкесі билеген патшалық болғаны да даусыз.

Осы тұста «Мен - қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деген ақын Жұбан Молдағалиевтің өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Сынтастың түбінде, төрт жағында мүсіндер тобы орналасқан. Олар: Ақыл - ой иесі - Абыз, Жер - Ана, тайға мінген қыз бала мен ұл бала. Төмендегі мүсіндердің төртеу болуы да тегін емес. Қазақ шартарапты дүниенің төрт бұрышы дейді, ол түгел болса жақсылық және береке табады. «Төртеу түгел болса төбедегі келеді»- деуі содан. Тайға мінген балалар - жаңа құрылып жатқан тәуелсіз мемлекеттің нышанындай. Олардың келешегі - алда; «біз көлденеңнен қосылған көк дөнен» емеспіз, адамзат өркениетіндегі игілікті істерге ат салысамыз, сайысқа түсеміз деген ойды білдіреді. Батыр ханзаданың бас киімінің тәжі, кеудесіндегі қалқан, белбеу, барыстың қанатына алтын жалатылған.

Егер Тәуелсіздікті ақ сұңқар құсқа теңесек, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, мәпелеп - әлпештеп, құрметтеп ардақтайық! Бәйтеректей асқақтап, аспан құшағына өршелене құлшынып өссін, Отанымыз көркейсін!
Сайысқа қатысушы топтармен таныстыру:
I - топ. Қыран тобы,
II - топ. Бірлік тобы,
III - топ. Сұңқар тобы,
IV - топ. Бүркіт тобы.

Сайыс шарттарымен таныстыру:
1. Таныстыру
2. Әріптер сөйлейді
3. Сөз мәйегі
4. Тапқырлық
5. Жылдар жемісі
6. Елші
7. Қазақ елі – менің Отаным
8. Шығармашылық жұмыс

Алғашқы кезең «Таныстыру». Әр топтың жетекшілері өз топтарының аттарын, ұранын, өздерін таныстырады.
Екінші бөлім «Әріптер сөйлейді». Бұл бөлімде экраннан әріптер көрсетіледі. Әріпті таңдағаннан кейін сұрақ қойылады, ал жауап сол әріптен басталады немесе жауаптың ішінде таңдаған әріп кездеседі.

А Ә Б В Г Ғ
Д Е Ё Ж З И
Й К Қ Л М Н
Ң О Ө П Р С
Т У Ұ Ү Ф Х
Һ Ц Ч Ш Щ Ъ
Ы І Ь Э Ю Я
А - Еліміздің оңтүстік астанасы /Алматы/
Ә - Абылай ханның шын есімі /Әбілмансұр/
Б - Астана қаласының символы /Бәйтерек/
В - 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға /Валюта енгізілді/
Г - Тарихтың атасы /Герадот/
Ғ - Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ /Ғасыр Адамы/
Д - Алла тарапынан берілген әмір, міндет пен тыйымдардың жиынтығы /Дін/
Е - «Алтын адам» қайдан табылды? /Есік

қаланың маңынан/
Ё - Мемлекеттік рәміздер қашан бекітілді? /1992ж 4 маусым/
Ж - «Мен қазақпын» поэмасын жазған адам. / Ж. Молдағалиев/
З - Сиырдың пірі /Зеңгі баба/
И - Елбасымыздың мамандығы /Инжинер - металлург/
Й - Алаш сыйлығын алған жазушы, қажы. /Халифа Алтай/
К - Қазақтың соңғы ханы /Кенесары/
Қ - Ж. Баласағұнның XI ғ жазған еңбегі /Құтты Білік/
Л - 1959 ж М. Әуезоке «Абай жолы» роман - эпопеясы үшін берілген сыйлық /Лениндік сыйлық/
М - Қ. Р «Мәдениет және ақпарат» министрі /Мұхтар Құл – Мұхамед Абрар ұлы/
Н - Күйші - сазгер, дирижер, домбырашы / Н. Тілендиев/
Ң - 1993 ж белгіленген ҚРҚК әскері құрымының жоғарғы офицерлері, ҰҚК, ІІ, прокуратура т. б органдар басшыларына берілетін орден. /Даңқ ордені/
О - Қазақстанның бұрынғы астанасы /Орынбор/
Ө - Қазақстандағы түсті металлургияның орталығы /Өскемен/
П - Жоғарғы заң шығарушы орган /Парламент/
Р - 1995 жылы «Әлемнің әйгілі әйелдері» деген энциклопедияға енген адам /Р. Бағланова/
С - Сүтке араластырып желінетін тарыдан жасалған қазақтың ертеден келе жатқан тағамы /Сөк/
Т - Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел /Түркия/
У - Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті /Уыз/
Ұ - 1999ж Қазақстанда қандай жыл болып жарияланды /Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жыл/
Ү - Жыл мезгілдерін қазақтар қандай жұлдызға байланысты білген /Үркер/
Ф -«Екінші ұстаз» атанған ғұлама /Фараби/
Х - 2009ж 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстанда болған оқиға /Халық санағы/
Һ - Қазақстан Республикасына сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында күресі үшін берілетін орден /Халық қаһарманы/
Ц - Астана қаласының бұрынғы атауы /Целиноград/
Ч - Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы ұлы ақын /Абай/
Ш - Аса көрнекті сазгер, ән жанрының майталманы.
/Ш. Қалдаяқов/
Щ - Биыл тәуелсіздікке неше жыл /18жыл/
Ъ -«Семей полигоны» атты кітаптың авторы /К. Бозтаев/
Ы - Қазақтан шыққан кескіндемеші қыз /Г. Ысмаилова/
І - Көшпенділер трилогиясының авторы /І. Есенберлин/
Ь - Қазақстанның ең биік тауы /Тянь - Шань/
Э - Халықтардың әдет - ғұрып, салт - дәстүрін зерттейтін ғылым /Этнография/
Ю - Халқымыздың қолданбалы өнерінен жеткен табыстарының бірі /Ою/
Я - Кеңес Одағы Батыры атағын алған қазақ қызы /Әлия/

3 кезең: «Сөз мәйегі» жарысында мақалдың жалғасын табасыңдар?
Тіл тас жарады ------------------
Бал тамған тілден -------------
Тауды, тасты жел бұзар,-------------
Жақсы сөз ------------------------
Шебердің қолы - ортақ,---------
Өнер алды - ---------------
Айтылған сөз - ------------
Жылы - жылы сөйлесең,-------------
Басқа пәле - ------------------
Тілге құрмет -----------------------

Ән: «Көк тудың желбірегені»

4 кезең: «Тапқырлық» деп айтылады. Сұрақтарға жылдам жауап беру керек.
1. ҚР Мемлекеттік тілі - қазақ тілі деп Ата заңның нешінші бабында жазылған?
2. Төл теңгеміз қашан айналымға енгізілді?
3. Қазақ тілінде неше жалғау бар?
4. Қазақстан Республикасы БҰҰ - на қашан мүше ел болып кірді?
5. Отан, жер туралы мақал - мәтел айт.
6. Қазақ халқының қасиетті сандарын ата.
7. Жеті атаңды білесің бе?
8. Жаңылтпаш айт.
9. Қазақстанда қандай елдер мекендейді?
10. Көп тілді білетін адам.
11. Қазақстан мемлекеті өз тәуелсіздігін қашан алды?
12. Әнұранның авторларын ата?

5 кезең: «Жылдар жемісі» ( Бұл жылдары қандай оқиғалар болды? )
1991 жылы
1992 жылы
1993 жылы
1994 жылы
1995 жылы
1998 жылы
2006 жылы

6 - кезең: «Елші» сайысында жұмбақтың жауабын тауып, үш тілге аудар.
1. Асқар тауда қара орман.( ШАШ - ВОЛОСЫ - HAIR)
2. Қимылдаса қос шебер, қыруар - қыруар іс өнер. (ҚОЛ - РУКА - HAND )
3. Жүзіне салсаң көзіңді, көрсетеді өзіңді. (АЙНА - ЗЕРКАЛО - TIRROR )
4. Бетін адам ашады, білім нұрын шашады.(КІТАП - КНИГА - BOOK )
7 - кезең. “Қазақ елі – менің Отаным”
І - топ. Отан, жер туралы ән.
ІІ - топ. Отанға, жерге байланысты мақал – мәтелдер.
ІІІ - топ. Отанға, жерге, тәуелсіздікке арналған өлең жолдары.
IV - топ. Отанға, жерге байланысты жұмбақтар.

8 - кезең. Шығармашылық тапсырма.
1.“Біздің қиялымыздағы рәміз”
2.”Біздің сынып”
3. “Біз таңдаған мамандық”
4.”Менің Отаным – Қазақстан”
(Оқушылар өз қиялындағы жобаны жасап, қорғайды).
Ән: «Елім менің» (сөзі: Н. Назарбаев, әні: Б. Тілеуханов)
Әр топтың ұпай саны саналып, жеңімпаздар марапатталады.
Мұғалім: Оқушылар осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақсыңдар! Олай болса, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік күні

16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан...
Жас тарихшы танымдық білім сайысы

Жас тарихшы танымдық білім сайысы

Атырау қаласы, №34лингвистикалық мектеп - гимназиясының мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және тарих пәні мұғалімі Орынбасарова...
Қазақ тілінің білгірі

Қазақ тілінің білгірі

Қазақ тілінің білгірі Сайысты өткізудегі негізгі мақсатым: Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген (класты) топты анықтау. Сайысқа үш кластан алынған 3...
Білгірлер сайысы

Білгірлер сайысы

Мақсаты: алған білімдерін саралай отырып, оқушылардың қазақ тілін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру;...
«Жас тарихшы» танымдық білім сайысы

«Жас тарихшы» танымдық білім сайысы

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы. Қ.Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәні мұғалімі Абжаппарқызы Мира...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×