Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі
Курмалова Асель Агисовна
Сабақтың тақырыбы: Жақсы – жан азығы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі жақсылықтар мен жамандықтарды ажырата білуге, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу. Оларды бір-бірінен достық қатынаста болып үлкенді сыйлауға, қоршаған табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырып, қамқор болуға үйрету. Олардың бір-бірімен шынайы достық қатынаста болып, қайырымды да иманды болуға баулу. Қойылған сұрақтарға ойланып толық жауап беруге үйрету. Оқушылардың сөздік қорын байыту.
Әдіс – тәсілдері: Ойындар, әңгіме, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: Суретті картиналар.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Қане, балалар, бір – бірімізбен, қонақтармен амандасайық. Балаларды шеңбер жасап тұрғызып, балалар алақандарымен бір-біріне жылу беріп амандасады.
- Қуан. Шаттан. Алақай.
- Қуанатын күн келді.
- Қайырлы таң!
- Қайырлы күн!
- Сәлеметсіңдер ме!
Балалар осы жылы сезіммен орындарына жайғасып отырады.
Сабақтың барысы.
- Қане, балалар, мен сендерге сұрақ қояйын.
- Жақсы деген немене?
1. Гүл өсірген жақсы.
2. Ағаштарға, гүлдерге су құйған жақсы.
3. Үлкендерге көмектескен жақсы.
- Дұрыс айтасыңдар. Ал, жаман деген немене?
1. Салақ, кір – қожалақ болған жаман.
2. Ағаштың бұтағын сындырған жаман.
3. Кішкентай балаларды жылатқан жаман.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Оқушылардың әңгімелерін, берген жауаптарын толықтыру үшін суреттер көрсетіп әңгімелеймін.
- Балалар, мына суреттен не байқап отырсыңдар? Қандай әңгіме құруға болады?
Балалар серуен кезінде футбол ойнап жүріп, Серік біреумен соқтығысып қалған. Оның мұрны қанап қалды. Қасындағы балалар футбол ойнап жүре берді.
- Әңгімеміз жақсы болды. Енді, осы балалардың іс-әрекеті дұрыс па?
Бір-екі баланың жауабын тыңдаймын да қортынды жасаймыз.
- Иә, бұл дұрыс емес. Олар құлаған Серікті орнынан тұрғызып, көмек көрсету керек еді.
- Ал, мына суретке қарап не деуге болады?
Раушан қызымыз қуыршақпен ойнап отыр еді. Ақбота келді де, қуыршағын сұрады. Раушан қуыршақты бергісі келмеді, себебі ол жаңадан ғана ойнай бастаған еді. Оған қарамай қуыршақты Раушан тартып алмақшы болды, қуыршақтың қолы жұлынып қалды.
- Балалар, осы жағдайда қай қыздардіңкі дұрыс?
Тағы да бір-екі баланың жауабын тыңдап, қорытындылаймыз.
- Дұрыс айтасыңдар. Ақбота дұрыс істемеді. Ол ойыншықты тартып алмауы керек еді. Ойыншықты жұлқылап, тартқылауға болмайды.Ойыншықты күтіп, ұқыпты ойнау керек. Балалар, бұл жерде Раушан да дұрыс істемеді. Ойыншықты жаңадан алған болса, Ақботаға: «Мен біраз ойнайын,сосын саған беремін», - деп айтуы керек еді. Ойыншық тек Раушандікі ғана емес балабақшадағы балаларға ортақ ойыншық. Сондықтан балалардың кезекпен ойнағаны жөн.
Бой сергіту жаттығуы.
Орнымыздан тұрайық,
Екі қолды созайық.
Құс боп қанат қағайық,
Жоғары, төмен қарайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табайық.
Негізгі бөлім:
- Балалар, мен сендерге орыс халқының жазушысы Л.Толстойдың «Екі дос» әңгімесін оқып берейін.
- Орман ішінде екі дос келе жатады. Оларға қарсы аю шығады. Олардың біреуі қаша жөнеліп, ағашқа өрмелеп шығып тығылып қалады. Ал екіншісі жолда қалады. Ол не істерін білмей, жерге жата қалады. Жатқан адамды аю иіскелей бастайды да өлі екен деп жөніне кетіп қалады. Аю кете салысымен , досы ағаштан түсіп, күліп:
- Не болды, аю құлағыңа не сыбырлады?- деп сұрайды.
- Қауіп – қатер төнгенде, қиналған уақытта досын тастап қашып кеткен адамдар жаман болады, - деді.
Әңгімені бір-екі мәрте оқып беремін. Сурет бойынша түсініктерін одан әрі жетілдіремін. Әңгіме желісі бойынша оқушыларға сұрақтар қоямын.
1. Екі достың алдынан не шыға келді?
2. Досы неге қаша жөнелді?
3. Бұл досты қандай дос деуге болады?
Қорытынды бөлім.
- Балалар, бүгін біз жақсы мен жаман туралы әңгімелестік. Сендер жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену үшін біздің ата-бабаларымыз көптеген мақал-мәтелдер айтқан. Ол мақалдардығ мағынасы өте терең. Кәне, тыңдап көрейік.
«Жамандықтан тұра қаш,
Жақсылықпен бол жолдас».
«Жаманнан жирен,
Жақсыдан үйрен».
«Жаманға жан жуымас».
- Балалар, осы мақалдардағы жақсылық деген сөз үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, жолдасына көмектесу, еңбекті сүю екенін ұмытпайық . Балалар, жақсымен дос болып, жақсыдан үйрену керекпіз, ал жамандықтан аулақ жүрейік. Осы айтылған мақалдарды есімізден шығармайық.Бүгін бір мақалды жаттап алайық.
- Жамандықтан тұра қаш,
- Жақсылықпен бол жолдас
Балалармен бірге 2-3 рет қайталап жаттаймыз.
- Бүгінгі сабақты осымен аяқтаймыз. Барлығың да жақсы қатыстыңдар, сендерге үлкен рахмет.
Жақсы – жан азығы
- bibka
- 11 қараша 2012
- 20868
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ашық сабақ, жақсылық, жамандық, тәрбие сағаты, бастауыш
Ұқсас жаңалықтар:
Екі дос
Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады....Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Балаларды жақсы мен жаманды ажырата және өмірде қолдана білуге үйрету. жақсы, жаман туралы түсінік беру;...Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Құндылық: сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, қиянат жасамау. Қасиеттер: сыйластық, адамгершілік, кішіпейілділік, мейірімділік, ізгілік...Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Шығыс Қазақстан облысы, Аягоз қаласы, "Д. Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп"КММ 5 жас даярлық тобының тәрбиешісі Садвакасова Гульнур...Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №89 Шамшырақ бөбекжай-балабақшасы Рустемова Райхан Алтыбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.