Сабақтың тақырыбы: Өз құқығыңды білесің бе?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Конституциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек, қылмыстық құқық негіздерінен қазіргі заман адамына ең қажеттерін іріктеп ала білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды жаңа тақырыпты талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, ой өрісін, ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру.
Дамытушылық: Заң сыйлағыш тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Тренинг – сабағы
Сабақтың әдісі: Глоссаий. Блиц- сұраныс. Талқылау.
Сабақтың көрнекілігі: Қанатты сөздер
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, сынып ұжымын сабаққа бейімдеу.
Кіріспе сөз
Мұғалім: Қазіргі таңдағы еліміз тәуелсіздігін алып, оңы мен солын танып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетіміздің қабылданған Конституциясы ел дамуының тұс бағдары болды десек қателеспейміз. Мемлекет дегеніміз белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты бір жалпы халықтық ірі ұйым десек, сол қазақ ұлтының төл конституциясының қабылданғанына 15 жыл толып отыр.
Енді аздап тарихқа көз жүгіртсек қыпшақ халқындағы (Х-Х1 ғғ.) «Кодекс Куманикус» яғни кумандар заңдары, XVI ғ. «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты заңдар жинағы бұл қазіргі тәуелсіз қазақ елі Конституциясының бастамасы болып табылады. Ал ХХ ғ. өзінде КСРО құрамында болып тұрған кезде 1936 жылы 28 қаңтарда және қазіргі қолданыста жүрген 1995 жылы 30 тамызда жүрген Ата заңымыздағы биліктің үш тармағының заң шығарушы (парламент), атқарушы (үкімет) және сот қызметтері бір арнаға тоғыстырып, саяси институттардың жұмысы әбден жетілдірілді және ең бастысы бұл Конституция адам және азамат құқықтарының қорғалуы жан – жақты қарастырылған орнықты құжат болып отыр.
Дүниежүзілік адамзат тарихының өткен кезінде көз бойлатып үңілсек, алғашқы адам құқықтары жайлы құжат 1644 жылы Англияда император Вильгельм Оранскийдің қаулысы «Адам құқықтар туралы билль» (қаулы, заң)
қабылданды.
Ал қазіргі заманғы адам құқықтары жайлы құжат яғни, «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ – ның шешімімен қабылданды.
Адам және азаматтардың құқықтары, ерік бостандықтары терең қарастырылған құжат, бұл – өзіміз жиі айта беретін 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясы. Бұл кезге 200 жылдан астам уақыт өтсе де сол Конституция әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Соның жарқын дәлелі әрбір американдық азамат қайда жүрсе де ел Конституциясы жазылған кітапшаны өз жандарынан тастамайды екен. Егер қандай да бір уақытта өз құқығы бұзылғандай жағдай болған жағдайда дереу өз заңды міндеттерін талдауға кіріседі екен.
Яғни, олардың заңы бойынша Конституция алдында Президент те, қарапайым адамда бірдей құндылыққа, бірдей жауапкершілікке ие.
Қабылданғанына 15 жыл толған қазақ елінің Ата Заңы бүгінге дейін жалғасып келе жатқан гуманистік (адамгершілік) принциптерге негізделген демократиялық қоғамды құрудағы өзінің адал дәстүрлерін алдағы уақытта әрмен қарай жалғастыра бермек.
Сынып екі топқа бөлінеді: 1 – топ және 2 – топ. Сабақ 8 турдан тұрады. Әрбір турдан кейін баға беруші мұғалімдер жауаптың, ереженің дұрыстығы жөнінде және балдарын атап өтеді.
№1 Глоссарий «Тәртіп орнат»
1. Құқық -----------------------------------------А – Еліміздің негізгі заңы.
2. Конституция ---------------------------------Б – Мемлекет басшысы
3. Мемлекет ------------------------------------В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым
4. Азамат -----------------------------------------Г – Тәуелсіздік
5. Құқық бұзушылық -------------------------Д – Заңдар жүйесі
6. Президент ------------------------------------Е – Заң шығарушы орган
7. Парламент ------------------------------------Ж – Заң жүйесін бұзу
8. Егемендік --------------------------------------З – Құқығы бар ел тұрғыны
1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г
№ 2 Байқау
«Құқық дегеніміз не?»
Оқушылар спикермен бірге 2 топқа бөлінеді. Топтың әр жауабынан кейін мұғалім өзінің толық жауабын оқу керек.
Сұрақ - Жауап
1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не? - Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған тәртіптік шара.
2. Құқықтың қандай түрлері бар?
- Жеке (азаматтық)
- Саяси
- Экономикалық
- Әлеуметтік
- Мәдени т.б.
3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады? - Туылғаннан беріледі
4. Оларды орындау үшін не қажет? - Міндеттерін орындау
5. Адамның негізгі құқығы? - Өз құқықтарын пайдалану құқығы
6. Құқық қашан және қайда пайда болды? - Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады.
7. Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық – деген не? - Бостандық – бұл таңдау
8. Бостандықты не шектейді? Бостандық және өз қалауымен орындамалық – бұлар бірдей ме? -Бостандықты шектеу әр адамның саналығында
№ 3. Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерін анықтаңыз.
Қоғам қарапайым ағыммен даму үшін оның азаматтары құқықтарымен пайдаланып ғана қоймай, өз міндеттерін орындау керек.
Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерінің мысалдарын келтіріңіз.
Байқау ережелері: Тақтаға әр командадан бір – бір оқушыдан шақырылады. Оқушылар алма – кезек бір міндеттен тақтаға жазады. Бүкіл міндеттерін дұрыс орындап, жазған топ жеңеді.
Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері:
1. Заңдарға бағыну;
2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу;
3. Мемлекет рәміздерін құрметтеу;
4. Қаржы, салықты төлеу;
5. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау;
6. Табиғатты және табиғи байлықтарын сақтау;
7. Ата – аналардың балаларына қамқорлық етуі, алдындағы міндеттерін орындау;
8. Орта мектеп білімін алу;
9. Қазақстан Республикасын қорғау;
№ 4. Талқылау
«Жаза мен қылмыс»
1. Жол ережесін бұзу адам үшін қылмыс па? Неге?
2. Адамды қылмыс жасаудан не сақтайды? Құқық туралы білімі не өз санасы.
3. Қылмыс жасағанға қоғам кінәлі ме?
4. Қылмыскерге рақымшылық беруге сіздің көзқарасының қандай?
5. Адамның заңға немқұрайлы қарауы неден басталады деп ойлайсыз?
6. Жайбарақат қараушылық қылмысқа жата ма?
№ 5. Конституцияңды білесің бе?
1. Мемлекет билігінің қайнар көзі? Халық (3 бап)
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды? 1992жылы
3. ҚР- ның азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқықты ма? Жоқ (10 бап)
4. Өз дінім мен ұлтымды айыптауға құқығым барма? Ия (19 бап)
5. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауға құқығы барма? Ия (23 бап)
6. ҚР – ның Президентін сайлау қашан өтеді? Желтоқсанның бірінші жексенбісінде (44 бап)
7. Президент кәсіпкерлік қызметпен айналыса алама? Жоқ (43 бап)
8. ҚР – ның жоғары өкілетті органы? Парламент (49 бап)
9. Үкімет қызметтерін ұйымдастырушы кім? Премьер – Министр (67 бап)
10. ҚР-ның атқарушы билігін билігін жүзеге асырушы? Үкімет (64 бап)
11. Премьер – Министрдің орнынан түсуінен кейін ... өкілеттігі тоқтағанын білдіреді. Үкіметтің (70 бап)
12. ҚР нешінші Конституция пайдаланылады? Екінші
13. Заң құдайы? Фемида
14. ҚР – ның азаматы қашан болуға құқылысыз? Дүниеге келген кезде(12 бап)
15. ҚР – ның төл мейрамдарын атаңыз? - Конституция күні
- Республика күні
- Тәуелсіздік күні
№ 6. Жұмбақ
Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек,
Ондайлар отаныма өте керек.
Тәуке хан жазған екен заң жинағын,
Тапсаңдар болғандарың асқан зерек.
(Жеті жарғы)
Мерекең құтты болсын ұстаздарым,
Оқушы, келім – кетті бар достарым.
Тәуелсіздік заңының қабылданған,
Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық.
(1991 жыл)
Еліме білім керек, ғылым керек,
Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып.
Білесің бе Нұрекеңнің төл еңбегін,
Жазған екен болашаққа көзін тігіп.
(Қазақстан – 2030)
Жақсы ел шығарып заң игілікті,
Депутат заң шығарып билік қыпты.
Парламент палатасы нешеу екен,
Таба алсаң бұл жауапты игі екен.
(екі)
Қорытынды
- «Бақытты өмір» - дегенді қалай түсінесіз?
- Бақытты өмір сүру үшін не істеу керек?
Өз құқығыңды білесің бе
- botakoz
- 19 қазан 2012
- 102830
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Құқықтық, тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Құқықтық сауаттылық – заман талабы
Мақсаты: 1. Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу. 2. Оқушылардың ойлау, тыңдау,...Құқық бұзушылық және жасөспірім
Мақсаты: Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық...Құқық- әділет пен парасат жолы
Мақсаты: Білімділік – оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру; Дамытушылық –...Заңды білу – заман талабы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы №9 орта мектептің информатика пән мұғалімі Матеуова Жанаргүл Нұрымқызы...Мен және менің құқығым
Мақсаты: - оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.