Тақырыбы: «Айналайын, ана, мерекеңізбен!»
Мақсаты:аналар мен әжелерді, қыздарды халықаралық 8-наурыз мерексімен құттықтау.
Көрнекі құралдар: плакат, шар, сөздер, магнитофон.
1-жүргізуші:
Қуанышы баланың-
Қуанышы ананың.
2-жүргізуші:
Қуанышы ананың-
Қуанышы баланың.
1-жүргізуші:
Бізді өсірген анашым,
Еңбегің де зор екен.
2-жүргізуші:
Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!
Хор :»Құттықтаймын, ана, туған күніңмен!»
1.Жан анам, құттықтаймын, мейрамыңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесем елің берген бақыт бағың,
Жазбасын шат көңілің, шат күйінен.
2.Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған;
Аялы қолды талпынтқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан;
Суық болса жөргегін,
Қорғасындай балқытқан;
Айналасына ас қойып,
Изенді көлдей шалқытқан;
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан
Бұл кім?
Бәрі: - Ана
3. Сөздерді ең аяулы,
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын.
«Ана» деген сөзді де,
«Аға» деген сөзді де,
«Әке» деген сөзді де,
«Тәте» деген сөзді де,
«Ата» деген сөзді де,
«Апа» деген сөзді де, -
Ойлап тапқан балалар!
«Жаным, күнім» дегенді,
«Құлыншағым» дегенді,
«Ботақаным» дегенді,
«Қошақаным» дегенді,
«Айналайын» дегенді,
«Толған айым» дегенді,
Ойлап тапқан аналар!
4.Анам мені: «Айым» - дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді,
Анам мені: «Күнім» - дейді,
Мен қуансам, күлімдейді.
Ән «Ақ мамам»
5. Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған!
Ол жанымда жүрсе ,мен де,
Батырларша батылданам.
6. Мәпелейсің мені, анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қажымай.
7. «Күнім»,- дейсің мені,
Күн мейірі сенде.
Күннің ыстық лебі,
Құшағыңа тең бе?
Айналайын ,ана! (бірге)
8. «Жаным»,- дейсің мені,
Жаратушым бір сен.
Жалғыз өзің тегі,
Жанашырым білсең.
Айналайын ,ана! (бірге)
9. «Құлыным», - деп мені,
Құрақ ұштың дәйім.
Қамқоршым-ау, сені
Қалай ұмытайын.
Айналайын ,ана! (бірге)
10. Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені, өйткені,
Өте жақсы көреді.
Сахналық көрініс
«Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.
- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ-қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.
1-жүргізуші:
Болар күнде алаң,
Жанашыр кім саған?
Бәрі:Анам
2-жүргізуші:
Болсаң егер жаман,
Кейитін кім саған?
Бәрі:Анам
1-жүргізуші:
Таң қалғандай ғалам,
Кім ең сұлу адам?
Бәрі:Анам
2-жүргізуші:
«Боташым» дер саған,
Кім сүйікті адам?
Бәрі:Анам
11. Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін шаттандырып.
12.Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім», - дейтін.
13. Айналайын, анашым,
Көкте нұр боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп,
Құшағыңа аласың.
14. Айналайын, анашым,
Аялайсың, бағасың.
Менің үшін не керек –
Бәрін іздеп табасың.
15. Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.
16. Гүл ектік аулаға,
Көктемде көңілді.
Бақта да, бауда да,
Ақ гүлдер өрілді.
Ән «Анашым»
1-жүргізуші:
Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтіңді ақтармын.
2-жүргізуші:
Көрсетемін күллі елді,
Жарық етем түндерді.
Өсіріп мен сыйлаймын
Жұрт көрмеген гүлдерді,- дей отырып 8-наурыз мерекесіне арналған концертімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.
Бәрі:
Бәрі жақсы ананың,
Бәрі де оның керек-ау...
Бірақ әрбір баланың
Өз анасы бөлек-ау!
Павлодар қаласы,Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ
Бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна
Тәрбие сағаты "Айналайын, ана, мерекеңізбен!"
- Жомартова
- 14 ақпан 2023
- 64989
- 0
- 100
Ілмек сөздер: тәрбие сағаты, ана, мерекеңізбен, 8 наурыз сценарий
Ұқсас жаңалықтар:
8 наурыз мерекесіне арналған сценарий
«Анамызды аялайық!» Мақсаты: Балаларға 8 наурыз халықаралық әйелдер күні екенін түсіндіру. Аналарын, әжелерін, апаларын, сіңлілерін сыйлауға, оларды...Аяулы анашым
Мақсаты: 1. Балалардың өз бойларындағы өнерлерін, ерекше қабілеттерін көрсете отырып, білімге, өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. 2. Сөздік...Әрқашан күн сөнбесін!
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы "Асанәлі" бала бақшасының тәрбиешісі: Ерішева Ардақ Асқарқызы...Аналар асыл қазынам
Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге...Аяулы -анашым
Тақырыбы: «Аяулы аналар»...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.