Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ деген мал баққан елміз, Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақ деген мал баққан елміз, Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Түсінік хат
Тәрбие - жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез - құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Білім ошағында тек қана білім беріп қана қоймай сонымен қатар тәрбиені ұштастыра біледі. Жас ұрпақты ата - бабалардың салып кеткен жолымен тәрбиелеу, ұлттық құндылықты жоғалтпай санаға сіңірту ата - ана мен ұстаздың алдыңдағы міндет. Сіздерге қазіргі таңдағы деңгейлік бағдарламасы бойынша топтық жұмыс арқылы оқушыларды ұжымшылдықта, бірлікте жұмыс жасау әдісін қолданған ашық тәрбие сағатымды ұсынамын. Бұл ашық тәрбие сағатында қазақтың бірлікке, татулыққа, еңбекке арналған мақал - мәтелдері арқылы топқа бөлініп, төрт түліктің бірі қой жылы қойдың сүтінің, етінің, жүні мен терісінің пайдасы мен емдік қасиеттері туралы білгендерін нығайтып, білмегендерін іздену мақсатында жасақтадым.
Тақырыбы: Қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жатқан жай елміз.
Мақсаты: Қазақ халқының бірлікті сақтай білген ел екенін, ешкімді жатсынбай бауыр басқан қонақжай ел екенін, төрт түлік малды өздерінің мінез - құлқымен байланыстырған ерекшелігімен таныстыру.
Көрнекілігі: Слайдтар, таратпа қағаздар, А3 қағазы, түрлі – түсті бояу, стикер

Сабақтың жүрісі:
1. Амандасу
- Сәлеметсіздер ме оқушылар? Мен Деменова Нұргүл Жалау Мыңбаев атындағы мектеп - гимназиясының мұғалімімін.
2. Шаттық шеңберін құрып жақсы тілектер айту. «Сені көргеніме қуаныштымын, себебі...»
3. Таратпа қағаздардағы сөйлемдерді аяқтау арқылы топқа бөліну.
1) «Бірлік» -... түбі – береке
2) «Татулық» -... елге - тыныштық тоқшылық нәсіп
3) «Еңбек»-... қылсаң ерінбей.
Тояды қарның тіленбей
4. Ешкімді жатсынбай, бауырына басып, кең дастарханын жайып жіберіп, қымызын сапыра іше отырып, әңгімесін алға тартып қойып, есігінің алдына құл келсе, қонақ деп төріне шығарып, жан-тәнімен сыйлай білетін қазақтың жайсаң мінезі бүгінде таныған елге үлгі - ақ. Елімізде тұратын қаншама ұлттар мен ұлыс өкілдері қазақтың осы жайдары болмысын өздеріне үлгі етіп, олардың еңбекқорлығын сөз етеді. Бұл еңбекқорлығын төрт түлік малды бағып, қағуында. Көшпенді халықтың белгілі бір шаруашылығына айналған төрт түліктің ішінен қой малына ерекше мән берген. Сол себепті төрт түліктің ішінен қой малына тоқталып өткім келіп отыр. «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған уақытта», «қой мінезді момақан» деп қазақ халқы татулық пен бірлікті жақтаған, ұстанған.
- Олай болса оқушылар биыл қай жылы?
- Қойдың жасы туралы не білеміз?
5. Қойдың қандай емдік және пайдалы жақтарын білесіздер?

1 - топ: Құйрық майы мен жүні
Қойдың құйрық майын шыжғырып, жылы күйінде 100грамм ішсеңіз жөтелді басып, қақырықты түсіреді. Баланың денесін қойдың майымен сыласа, тері тесіктерін бітеп тастайды. «Қойдың еті де, майы да асқазанға ауыр» - дейді. Егер зиян болса, ата - бабаларымыз қойдың майын пайдаланбас еді ғой. Сәби өмірге келгенде, денесін құйрық маймен сылаған. Себебі, жел тиюден сақтайды. Тұмау тисе, қақырық түсіреді деген.

Ж. Мыңбаев атындағы мектеп - гимназиясы
Дайындаған: Деменова Н.

Қазақ деген мал баққан елміз, Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақтың ұлттық мейрамдары

Қазақтың ұлттық мейрамдары

Сабақтан күтілетін нәтиже: 1 - деңгей (білу, түсіну): Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрлері жайында...
Ө.Тұрманжанов

Ө.Тұрманжанов "Малсақ бала"

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ұштаған ауылы, Ұштаған орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Озганбаева Сара...
Шоқан Уәлиханов «Абылайхан»

Шоқан Уәлиханов «Абылайхан»

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, "Абай атындағы орта мектеп - лицейі және балабақша"КММ Бастауыш сынып мұғалімі Кунапьянова Лаура Кусаиновна...
Төл сөз бен төлеу сөз

Төл сөз бен төлеу сөз

Пән мұғалімі: Габдешева А. А. Мақсаты: Оқушыларға жаңа тақырыпты меңгерту, танымдық белсенділігін арттыру барысындағы тапсырмалар орындау, өз ойын...
Төрт түлігім  ырысым

Төрт түлігім ырысым

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Шалхар Рухия...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×