Сайтқа кіру Тіркелу

Тәуелсіздік бастауы – желтоқсан

«Балақай» ерте жас тобы
Тәуелсіздік бастауы – желтоқсан
Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қазақстан – егеменді ел, тәуелсіз ел
Болашаққа нық басып буынған бел
Көкке өрлеген байрақты желбіретіп
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел

Жүргізуші: Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған Желтоқсан оқиғасының орны ерекше.
Тәуелсіздік үшін жанын құрбан еткен азаматтарымыздың рен еңбегі ешқашан ұмытылмас.
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым ертеден басталған.
Бостандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.

Жүргізуші: Ендеше, сол Ұлы мерекеге арналған «Тәуелсіздік бастауы - желтоқсан» атты отбасылық шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайысқа қатысушы отбасыларымен таныс болыңыздар:
1 - отбасы – Алауов Нұралы анасы Хабиденова Гүлімжан және әпкесі Алауова Айсәуле
2 - отбасы – Зинуллаева Аймира анасы Кабиева Алена және әпкесі Зинуллаева Айерке
3 - отбасы – Аққалиев Дидар анасы Убишева Милана және ағасы Аққалиев Данабек
Қош келдіңіздер!!!

Жүргізуші: Бүгінгі отбасылық шарамыз 3 турдан тұрады:
1 - Тур: «Жанұям - мақтанышым» ( Отбасын таныстыру)
2 - Тур: «Мен елімнің патриотымын» (Патриоттық ән, өлең)
3 - Тур: Үй тапсырмасы

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
- Балабақша меңгерушісі Утегулова Тамара апай
- Балабақша әдіскері Тулешова Анаргүл апай
- Балабақша тәрбиешісі Кенжегалиева Бибігүл апай
-
Ендеше сайысымыздың 1 туры бойынша сөз кезегін ата - аналарға береміз.
Жүргізуші: Тәуелсіздік таңын сүйем
Таңмен бірге келді өлең
Көк туына басымды ием
Көгімізде желбіреген
Әнді алысқа жеткіземіз
Көкке елдің туы ілінді
Жылда той қып өткіземіз
Тәуелсіздік ұлы күнді, - дей отырып сайысымыздың келесі кезеңіне көшеміз.
2 - турымыз «Мен елімнің патриотымын» деп аталады. Сөз кезегі өздеріңізде.

Жүргізуші: Тәуелсіздік - бастауы бар бақыттың
Тәуелсіздік - ұлтың менен ұраның
Шартаратпа шаттығыңдай азаттық
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!
Сайысымыздың келесі кезеңі «Үй тапсырмасы» әр топ өз тақырыптарын қорғайды.

Жүргізуші: Рахмет ата - аналар.
Жеттік міне осы күнге көптен бері аңсаған
Ата - баба ұрпақ үшін көп уақытын жұмсаған
Осы күнге құрбан етті талай қазақ жандарын
Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын
Азаматтарымыздың арқасында ата – бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ия, егемендік, тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама жастар құрбан болды, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Міне, бүгінде көк байрағымыз көкте желбіреген егеменді елміз. Міне бүгінгі кеште өз мәресіне жетті. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Жүргізуші: Ата - аналар марапаттарыңыз құтты болсын. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын. Еліміз тыныш, балаларыңыз аман болсын.
Осымен құрметті қонақтар «Балақай» тобының дайындаған «Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты отбасылық шарасы аяқталды

Жасай бер, жаса, туәелсіз Қазақстаным!!!

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Сафон ауылы, «Боташым» бөбекжай балабақшасы
Тәрбиеші: Тулегенова Бибигуль Аманбаевна

Тәуелсіздік бастауы – желтоқсан жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік бастауы желтоқсан

Тәуелсіздік бастауы желтоқсан

Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу....
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!

Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!

Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіздік – ең...
Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік

Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік

Мақсаты: Жас ұрпақ бойынан еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Жүргізуші: Бүгін еліміздің сан мыңдаған жылы бойы армандаған,...
«Қазақ елім- Отаным»

«Қазақ елім- Отаным»

Таңғажайып атыңда дәл табылды, Табылды да талай жұртқа танылды. Туған елім көкке жетті көк туың, Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі....
Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік

Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Онды ауылы, «Құлыншақ» балабақшасы тәрбиешісі: Назира Алиева...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×