Бата (араб. фатиха – алғыс, ризашылық, тілек) – әлем халықтарының баршасында дерлік кездесетін, адамзат қоғамы сөздің магиялық құдіретіне күмәнсіз сенген қадым заманда қалыптасқан көне дәстүр.
Әдеби қаһарман – көркем шығармада мінезімен, іс - әрекетімен, ой - толғамымен мейлінше нақтылы дараланып, бейнеленген тұлға. Әдеби қаһарманның ең жоғары жан - жақты шебер мүсінделген түрі – тип.
Атымтай жомарт – көптеген шығыс халықтары фольклорында кездесетін кейіпкер, қайырымдылық пен жомарттық үлгісі. Атымтай Жомарт 6 - ғасырда өмір сүрген деген жорамал бар.