Наурыз мейрамына арналған тақпақтар
- 11 наурыз
- 590325
- Құттықтаулар
 Кел, наурызым, берекелі жыл басым,
Кел, наурызым, берекелі жыл басым,Мәңгілікке замананың құрдасы.
Жылда мені қуанышқа бөлейсің,
Ғасырлардың және менің сырласым.
Кел, наурызым, бұла күшім, балғыным,
Сен келгенде қашар менен қайғы - мұң.
Құдіретің бар жаңғыратын ғаламда,
Сондықтан да асқақ сенің айбының.