Үй сыртында арқа тау, Панасы егер жоқ болса, Бұл шіркіннің несі тау?! Кетеген болса, түйең жау, Тебеген болса, биең жау, Ұрысқақ болса, ұлың жау, Керіскек болса, келінің жау.
Үмбетей Тілеуұлы 1697 жылдар шамасында еліміздің Ерейментау өңірінде дүниеге келген. Әкесі Тілеу қаһармандық жырларды, көне аңыздарды, шешендік сөздер мен қиссаларды жақсы білетін шежіре, сонымен қатар халықтың музыка өнерінен көп хабары бар шебер қобызшы, ел ішінде абыз атанған адам екен.