Алкандардың алынуы, қасиеттері, таралуы
- 11 сәуір
- 11864
- Химия
№266 мектеп лицейдің химия пәнінің мұғалімі
Демеубаева Әсем Көбейсінқызы
Сабақтың тақырыбы: Алкандардың алынуы, қасиеттері, таралуы.
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға алкандардың алынуын, физикалық, химиялық қасиеттерін және таралуын меңгерте отырып, химиялық реакция теңдеулерін сауатты жазуға
дағдыландыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту.