Дене шынықтыру және спорт сабақтарын спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары
- 5 сәуір
- 16855
- Дене шынықтыру
1. Осы Қағидалар дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорттық жарыстар және спорттық - бұқаралық іс - шаралар өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорттық жарыстар және спорттық - бұқаралық іс - шаралар өткізу кезінде Қазақстан Республикасы аумағында орындалуға міндетті қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі шараларын көздейді.
2. Осы Қағида Қазақстан Республикасы аумағында спорттық жарыстар және спорттық - бұқаралық іс - шаралар өткізуді дайындауға және өткізуге тікелей қатысатын мына мемлекеттік органдар мен ұйымдар үшін міндетті болып табылады:
1) ішкі істер, денсаулық сақтау және мемлекеттік өрт қауіпсіздігі органдары;
2) жоспар бойынша спорттық жарыстар және спорттық - бұқаралық іс - шараларды өткізетін жергілікті атқару органдары;
3) дене шынықтыру және спорт сабақтары (бұдан әрі - сабақтар), спорттық жарыстар және спорттық - бұқаралық іс - шаралар өтетін спорт ғимараттарының ұйымдары (бұдан әрі - ұйым).