Қазіргі білім беру жүйесінде ата - ана, бала және мектеп арасындағы өзара ынтымақтастық ерекше маңызға ие. Баланың тұлғалық дамуы, эмоционалдық саулығы мен оқу жетістігі көп жағдайда ата - ананың тәрбиелік ұстанымына, психологиялық мәдениетіне және мектеппен байланысына тікелей байланысты.