Затты тең екі бөлікке бөлу
- 15 мам
- 18918
- Бала-бақша
Әйтеке би кенті.
№7 «Балдырған» балабақшасының
тәрбиешісі: Әбдіхалық Жанат Алтынбекқызы
Затты тең екі бөлікке бөлу, бір бөлігін табу
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Математика
Мақсаты: Кез кезген затты көзбен мөлшерлеу арқылы бүтін заттың қақ ортасын тауып, екіге тең бөлуге болатынын аңғарту. Магнитті жемістердің түрлерін бөлдіру арқылы бүтіннің ортасын ортасын қақ бөлгенде ол тең екіге бөлінетіні, бүтіннің жартысы болатынына көздерін жеткізу. Балалардың танымдық шығармашылық сөйлеу іс-әрекеттерін біріктіріп дамыту. Ертегі арқылы бір-біріне деген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Жан-жақсы ойлау қабілетімен сұраққа жауап беру деңгейін арттыру. Ептілікке, аңғарымдылыққа тәрбиелеу.