Алла тағала адам баласына басқа тіршілік иелерінен өзгеше сыйды, ой мен сананы, тілді берді. Жарық дүниеге шыр етіп келген әр бір адам баласы анасының мейірімінен нәр алып ұлғаяды.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.