Эссе
Ұстаздық жолындағы ұлы белес
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Шынайы ұстаз өз шәкірттерінің жүрегінде білімге деген сарқылмас ынта – ықыласты оятады.
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, ғарышкер де бәрі - бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан, ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағын тәрбиелеп шығару – екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата - анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы - ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан - ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады.
Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, бұрынғы заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. Өйткені, ұстазға құрмет көрсету – білімге құрмет көрсету. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екенін жақсы түсінуге болады. Сондықтан да, ұстазды сыйлау – өмірдегі бір борышың. Ұстазға құрмет – адамзатқа міндет. «Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім - тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы - жас ұрпақ тәрбиесіне де көңіл бөлінуде.
Ұстаздық – мамандықтың ең асылы, ең қасиеттісі. Бұлай дейтінім мен Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылы, Сарыжаз орта мектебінде 2004 жылдың қыркүйек айынан бастап, 2014 жылға дейін мектепалды даярлық сынып мұғалімі болып еңбек жолымды бастадым, Ең алғашқы түлектеріммен жұмыс жасадым. Осы уақыт ішінде оқушыларымның жетістіктеріне де куә болдым. Ал, 2014 жылдан бастауыш сынып пәнінің мұғалімімін. 1 рет 1 сыныптан қабылдап, 4 сыныпты бітіртіп шығарып салдым. Бастауышты бітіртіп шығарып салғанда иықтан бір жүк түскендей болады. Абай атамыз «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп айтқандай осы уақыттағы оқушылардың жеткен жетістіктеріне тоқталсам, 2016 жылы «Ақбота» интелектуалды марфонынан Абай Мерей, Абайбек Асланбек ІІ орынға ие болды. 2017 жылы Интелектуалды білім порталының дарынды оқушылар арасындағы қашықтықтан өткізген «Көркем жазу» байқауында Бекбаул Сабина І орын, Мамыр Саян ІІІ орын иеленді. 2017жылы Республикалық қашықтықтан өткізген оқушылар байқауында Мәсімхан Нұржан «Әдептілік - адамдықтың белгісі» атты шығарма байқауынан ІІІ орын иеленді.
2018 жылы Республикалық «Дарабоз» байқауында «Көркем сөз оқу» жанры бойынша Адасбекқызы Ақмаржан, Камен Нурдос, Төлеш Аяжан ІІ орын, ал Алқожа Асет ІІІ орын алды. Ал қайтадан 1 сыныпты қабылдағанда үлкен жауапкершілікті сезініп, солармен бірге жасарып кеткендей болдым. Олардың күлімдеген көздерін, кіршіксіз пәк жүздерін көргенде бойыма қан жүгіріп, жүрегіме нұр құйылғандай болады. «Маған жақсы ұстаз бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп ұлы ағартушы - педагог Ы. Алтынсарин айтқандай мектептің жүрегі үздіксіз соғып тұру керек. Яғни, өз білімін көтеріп, өзі де білім нәрін үздіксіз алып, биік шыңдардан көріну керек деп ойлаймын. Менің де ұстаздық жолында жеткен жетістіктеріме тоқтала кетсем, 2017 жылы «Жыл пән мұғалімі - 2017»аудандық байқауда ІІ орын иелендім. 2016 - 2017 оқу жылдарында Республикалық ғылыми әдістемелік педагогикалық мерзімді баспасөз басылымы «Талант әлемі» білім беру жүйесіндегі іс - шараларға қосқан үлесі мен шығармашылық табыстарым үшін сертификат, грамотамен марапатталдым.
2018 жылы «Дарабоз» Республикалық байқауда үздік шәкірт дайындағаным үшін дипломмен марапатталдым. Мынау қайнаған заманда жаңа технологияларды қолданып, жаңаша еңбек ету – менің ұстанымым. Ұрпаққа білім бере отырып, ел ертеңін қолға алар ізбасарларды тәрбиелеудемін. Бүгінгі ұрпақ - бақытты ұрпақ. Себебі, технологияның дамыған кезеңінде өмір сүріп жатқан жастарға алаңсыз білім алуға жан - жақты жағдай жасалған. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп ойлаймын.
Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Сарыжаз ауылы, «Сарыжаз орта
мектебі мектепке дейінгі шағын
орталығымен және Ақбейіт бастауыш мектебімен» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Мақсұтбай Индира Ерсанқызы
Ұстаздық-ұлы белес
- Мақсұтбай
- 30 қазан 2018
- 3977
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ұстаздық жолындағы ұлы белес, ұстаз туралы эссе, Эссе мұғалімі туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Мұғалім, ұстаз туралы ұлағатты сөздер
Шәкірт болып көрмеген, ұстаз болып жарытпас. Бойешес Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге тиіспіз? Өзінің оқытатын пәнін терең білуді, адал да...Менің ұстазым
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға ұстаз — екінші ана екендігін түсіндіру. Мерекелерімен құттықтау. ә) Танымдық қабілетін арттыру. Мұғаліммен оқушы...Мектеп білім тірегі, ұстаз оның жүрегі
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға ұстаз — екінші ана екендігін түсіндіру. Мерекелерімен құттықтау. Бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздарын...Мұғалімдер арасында "Екі жұлдыз" мұғалімдер күніне орай
Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!...Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік
Мұғалім, ғазиз мұғалім, Сарқылмас мәңгі бұлағым. Ұланың бүгі тойыңда, Арнайды саған бұл әнін....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.