Керегедей кең Шыңғыстың сай - саласынан Ертіс дариясына қарай аққан сулар сегіз өзенді құрайды. Қаһарлы Шыңғыс хан Орта Азия (ескіше – Сартауыл) жорығына шыққанда алдымен осы Шфңғыс тауына келіп, әскері Қарауыл өзені бойында жатыпты.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының ататегі – Орта жүздегі Тобықты руының көшін бастаған тарихи тұлғалар. Бесінші атасы Олжай, оның үш ұлы: Айдос, Жандос (лақап аты – Жігітек), Қайдос. Абайдың төртінші атасы Айдостың төрт ұлы болған.