Өмірзая – босқа өткен уақыт, ал сол уақыт ішінде құрбандық ғұмыр деген астарлы мағына жатыр. Шығарма сюжеті Кеңес өкіметінің таптаурын жүйесі мен ондағы құлдық санаға қарсы тұрған бас кейіпкер – тарих ғылымының кандидаты 35 жастағы Аяған Қуатов пен оның ұстазы – профессор Алдияр Ақпанұлы айналасында өрбиді.