Сайтқа кіру Тіркелу

XXI ғасыр көшбасшылары!

БҚО, Ақжайық ауданы,
Есенсай ОЖББ мектебінің бейнелеу өнері
және сызу пәнінің мұғалімі
Темиршеева Эльвира Аскаровна

Тақырыбы: XXI ғасыр көшбасшылары!
Мақсаты:
Оқушыларды бейнелеу өнерінің қыр – сырын меңгертуге баулу. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын дамыту. Жалпы өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру, ұстаздардың берген білімдерін ұғынуға, құрметтеуге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Әдісі:
жарыс – сайыс, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу, көрініс беру. т. б.
Көрнекілігі:
плакаттар, карточка, құрастырма суреттер, геометриялық фигуралардан құралған есептер, анаграмма, өлең жолдары, бояулар, қылқаламдар т. б.
Пәнаралық байланыс:
ән - күй, математика, ана – тілі, еңбекке баулу.
Құрал - жабдықтар:
плакат, қарындаштар, қайшы желім, акварель, қылқалам, т. б.

Даярлық кезеңі:
3 - 5 кластар арасынан 3 топ құру, қонақтар шақыру, әділқазылар алқасын тағайындау.
- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 3 - 4 - 5кластар арасындағы өнер сайысына қош келдіңіздер!
- Бүгінгі сайысымыздың мақсаты тіл ұстартып, ой ұштауға жаттығу, тапқырлыққа, шеберлікке, еңбексүйгіштікке, жылдамдыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
-
- I аялдама. Таныстыру.
- Әрбір топ басшы өз тобын таныстырады
-
- II аялдама. Сұрақ - жауап
- Әр топтан үш оқушы шығып, карточка суырып, жауап беруі тиіс.
- Сұрақтар:
- 1. Бейнелеу өнері дегеніміз не?
- 2. Бейнелеу түрлерін ата?
- 3. Живопись жанрларын ата.
- 4. Портретист деген сөзді қалай түсінесің?
- 5. Суға тез езілетін бояуды ата.
- 6. Кемпірқосақтың түсі нешеу және оларды ата.
- 7. Қарындаш дегеніміз не?
- 8. Түстер нешеге бөлінеді және қандай?
- 9. Көлеңке дегеніміз не?
Жауаптары:
1. Бейнелеу өнері дегеніміз – айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі
2. Живопись (кескіндеме), графика, мүсін, сәулет, сәндік өнері және дизайн.
3. Натюрморт, пейзаж, портрет, аномолистік, тарихи, т, б,
4. Тек адам портретін бейнелейтін суретші.
5. Акварель, гуашь
6. Жеті (қызыл, тоқсары, жасыл, көгілдір, көк, сиякөк)
7. Сырты ағаштан, өзегі графиттен жасалған жазу, сызу құралы.
8. Екіге бөлінеді (суық және жылы түстер)
9. Бір заттың бір жағы жарық болса, оның екінші жарық түспей тұрған бөлігі.

III аялдама. « Кім шапшаң, кім тапқыр?»
Қиылған суретті құрастырып, берілген жұмбақтың жауабын шешу, өнерге байланысты мақал айту.
I топ – мектеп
II топ – парта
III топ – қарындаштар

I топ жұмбағы
Қабат - қабат қаттама
Ақылың болса аттама (кітап)
II топ
Екі көрші бірін бірі көрмейді (көз)
III топ
Ойыңды жазасың,
Аласың мазасын
Беттері біткен соң.
Бастайсың тазасын. (Дәптер)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:

"Көркем бейнелеу көрмесі (графика, пейзаж, потреттер, натюрморт, қолөнер, ...

Мақсаттары: 1. Тәрбиелік: Шеберліктерін шыңдау, төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 2. Дамытушылық: Өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау...
Ғажайып суреттер әлемі

Ғажайып суреттер әлемі

Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр - сырын жан - жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын,...
Портрет

Портрет

Портрет түрлерімен таныстыруды жалғастыру, портрет салудағы графикалық дағдылар мен біліктерді қалыптастыру...
Қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

Қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Бабатай орта мектебінің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Мамбетқұлова Жанат Талғатқызы...
Натюрморт жанры

Натюрморт жанры

Жезқазған қаласындағы №10 орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу және технология пәнінің мұғалімі Шалмағамбетова Гаухар Мейрамовна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×