Бабадан қалған асыл сөз
Береке, бірлік – қамалдың басы...
Сырым Датұлы (1723 - 1802 ж. ж.)
1783 - 1797 жылдардағы Кіші жүз руларының орыс патшалығы отаршыларына қарсы ұлт - азаттық көтерілісінің жетекшісі. Қолбасшы батыр шешендігімен де кең танылған. Өз ортасында «Бала би» атанған Сырым батыр көп ойланып, қиналмай - ақ қажетті сөзін халықтың бай шешендік қорынан ойып алып, ойын өрнекті тілмен айта білген. Кейін халықтың шешендік қорына үлкен үлес қосқан.
Азамат жетім болмайды – халықтан болса панасы,
Халық жетім болмайды – басшы болса данасы.
* * *
Ел жеңілмес ері бар.
* * *
Арадан хан болсам,
Халқым қалаған болар.
Айырдан нар болсам,
Атам үлектей жараған болар.
Жоқтан бар болсам,
Құдайым қараған болар.
* * *
Көнеден дәурен озса,
Жасы жеткен болар.
Көндей қамқа тозса,
Күтімі кеткен болар.
Атадан ұл озса,
Еркіндігі болар.
Анадан қыз озса,
Еркелігі болар.
* * *
Ата тұрып ұл сөйлесе – ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе – бой жеткені болар.
* * *
Мен ағайынды екеумін: біреуі – өзім, екіншісі – халқым.
* * *
Халық – көл,
Хан – құс.
* * *
Адамзатта не тәтті?
Аста – тұз тәтті,
Адамда – дос тәтті.
* * *
Даланың оты – олжа, суы – нұрлық.
* * *
Бөлінгенді бөрі алар.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Сырым Датұлы (1723 - 1802 ж. ж.)
- ramuk_b
- 7 қазан 2024
- 423
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сырым Датұлы, бала би, шешен, батыр, қолбасшы
Ұқсас жаңалықтар:

Ақтамберді Сарыұлы (1662 - 1752 ж. ж.)
Атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері Ақтамберді қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген тарихи тұлға...
Ұл, қыз туралы ұлағатты сөздер
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман. Атадан өнеге алмаған ұл жаман. Қорқыт ата...
Еділ, Жайық - екі өзен
Еділ, Жайық - екі өзен, Талсыз болар деймісің. Көкшетаудың көп көлі Елсіз болар деймісің....
Жағалбай деген ел болар
Жағалбай деген ел болар, Жағалтай деген көл болар. Жағалтайдың жағасы Жасыл да байтақ ну болар....
Ат - жігіттің майданы
Ат - жігіттің майданы, Қылыш - жанның дәрмені, Өлім - хақтың пәрмені. Атақты ермен бірге өлсе, Жігіттің болмас арманы....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.