«Алақай, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігі
Мақсаты: Балаларды қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру кезінде көргендерімен аңғарғандарын дұрыс жеткізе білуге, өздігінше қолдана білуге, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Әсемдікті көре білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Жаңа жылым жол болсын,
Басқан қадам оң болсын!
Келе жатқан жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын!
Қымбатты қонақтар мынау көңілсіз тұрған шыршамыздың айналасын қуанышқа толтыру үшін ортаға Орман аңдарымен Қар бүршіктерін шақырайық!
Би: «Ертегілер» жұптасып билейді.
Балалар ортада тұрған шыршаны көріп, әдемілігіне тамсанады
Балалар: Қандай әдемі шырша!
Жүргізуші: Шыршаның түсі қандай? Ал, шыршаның ойыншықтарының түсі қандай?
Балалар: Шыршаның ойыншықтары - сары, ақ, қызыл, күлгін.
Жүргізуші: Иә, балалар шыршаның әдемілігін, қандай керемет безендірілгенін, көз тартардай сұлулығын дұрыс айттыңдар! Ендеше, Қыстың сәні, Жаңа жылдың мәні сұлу шыршамызды жағып көрейік!
Балалар біргелікте үрлейді. (Шырша жанбайды)
Қолдарын шапалақтайды. (Шырша жанбайды)
Тақпақтар оқиды.
Айтолқын: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Арай: Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға
Нұрзия: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Мерей: Көрсін біздей балғынды
Көңілденсін ол енді
Шырқатайық ән – жырды
Шырқатайық өлеңді
Аяна: Қала нұр, дала нұр
Құтты болсын жаңа жыл
Шырша жаны көңілді
Билеп барлық бала жүр
Сол кезде шырша жанып, Балалардың қуанған даусына інінде ұйықтап жатқан аю оянып, керіліп бұл не деген шу, кім мені оятқан деп ортаға келеді. (Мойнында фотоаппарат)
Жүргізуші: Аюмен амандасады
Балалар: Аюмен амандасады.
Аю: Сендер неге мұнда жиналып қалғансыңдар? Мұнда не болып жатыр?
Жүргізуші: Аю, Біз Жаңа жыл мерекесін қарсы алғалы тұрмыз. Егер сен Жаңа жыл мерекесін бізбен бірге қарсы алғанды қаласаң, кел бізбен қал!
Аю: Жаңа жыл мерекесі деген қандай мереке, ол қызық болама?
Жүргізуші: Әрине, қызық болады. Жаңа жыл мерекесіне арнап тақпақтар оқылады, қызықты ойындар ойнаймыз.
Аю: Мен күз мезгілінің қызықтарын ұмытып қалмау үшін суретке түсіріп алғанмын, сол фотоаппаратыммен ұйықтап қалыппын.
Жүргізуші: Егер сен бізбен бірге Жаңа жыл мерекесін тойлауға қалсаң, біздің балалар сені қыс мезгілінің қызықтарымен таныстырады.
Аю: Иә, мен қыста ұйықтап жатамын, сондықтанда мен қыс қызықтарын көрмегенмін, шынымен де маған көмектесесіңдер ме?
Балалар: Иә, көмектесеміз.
Жүргізуші: Балалар сені қыс айындағы ойындармен таныстырады, Аяз атамен, Ақшақармен таныстырады.
Аю: Мен, ешқандай Аяз Атаны, Ақшақарды көрмеппін, Достарым маған көмектесесіңдер ме?
Балалар: Иә, Аю біз сені Аяз ата мен Ақшақарды көруіңе жәрдемдесеміз.
Жүргізуші: Біздің балалар да Аяз ата мен Ақшақарды сағынышпен күтіп жүр. Ендеше келіңдер, ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Барлығы бірге: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата.
Ортаға музыка әуенімен Аяз атамен Ақшақар келеді. Балалар шеңбер бойлап тұрып қол шапалақтап қарсы алады (ортаны айналып жүріп құттықтайды, амандасады).
Аяз ата: Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Балалардың амандасуы.
Жүргізуші: Аяз ата сіз жол жүріп шаршап келген боларсыз, мына жерге отырып, біздің бүлдіршіндердің Жаңа жылға арнаған тақпақтарын тыңдаңыз!
Тақпақтар:
Айнұр: Аппақ қырау, аппақ қар
Аппақ терек, аппақ тал
Менде ағарғым келеді
Аппақ екен деп мақтар
Жауып тұрсын қылаулап
Алар едім бір аунап
Жібермейді әжем тек
Қаласың деп тұмаурап
Әділжан: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып
А. Жасұлан: Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа - жыл
Ата - әже, әке - шеше
Құтты болсын Жаңа жыл
Мақсат: Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Ж. Жасұлан: Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын!
Аю барлығын суретке түсіріп жүреді
Жүргізуші: Аю, сен манадан бері суретке түсіріп жүрсің, сен өзің суретке түскің келмей ме?
Аю: Иә, мен суретке түскім келеді, бірақ мен өзім суретке түсіп көрмеппін, менің еш суретім жоқ, мені анам дауысымнан таниды, суретім болғанда анама көрсетер едім.
Жүргізуші: Қапаланба аю, саған біздің балалар көмектеседі. Ал сен өзіңнің суреттеріңді анаңа көрсетіп, қуантасың.
Ойын: «Суретке түсу»(Алдын таспаға басылып қойылған) Баланың жасырған жұмбағын (шана, шырша, Аяз ата, Ақшақар) аю тауып, сол заттың жанына суретке түседі, дауысын ата – аналар тыңдап, өз баласының даусын таныған ана ортаға шығады да Аяз атаның сыйлығын алады. Соңынан таспадағы баланың жұмбақты жасырған бейнесі көрсетіледі.
Аю: Менің суретім көп болатын болды, рахмет достарым. Қандай керемет менің анам да, мені дауысымнан таниды. Маған жаңа шана ұнап қалды онымен не істейді?
Жүргізуші: Ендеше, балалар, аюға шанамен қалай сырғанауға болатынын көрсетейік.
Ойын: «Сырғанақ» Балалар 2 топқа бөлініп, Аяз ата мен аюдың тобы жарысады. Мәреге қайсы топ бірінші жету.
Жүргізуші: Балалар келіңдер, енді аюға қыс айының ең қызық ойыны қар атыс ойынын көрсетейік.
Бір аң: Аю, сенде бізбен қар атысып ойнайсың ба?
Аю: Ол қандай ойын, маған айтып беріңдерші?!
Жүргізуші: Қар жауғаннан кейін жердегі қардан домалақ жасап алып, балаларға лақтырасың, ал олар қарап қалмайды, сенде қорғана білуің керек. Ал біз сенің қалың қарда қалай жүретініңді көрейік.
Аю: Түсіндім, мен де ойнайыншы
Жүргізуші: Қараңдаршы Қар жауып жатыр, Қар басылған соң ойнайық.
Би «Қар бүршігі» (Қыздар)
Осы кезде ұл балалар (аңдар) қар үйіндісінің (ақ матаның) астына тығылады.
Аю: Ой, жаңағы достарым қайда кетті, қардан қорқып үйлеріне қайтып кеткен бе деймін, қайда екен олар? Қалың қардан жүріп, балаларды іздейді, мында қар жауған кезде қар үйінділері пайда болған екен ғой, қар үйіндісінде жүру қандай қиын екен, а, мында екен ғой!
Ойын: «Қар атыс» Балалар (Ұлдар) Аюдан қашып, қар атысып ойнайды.
Сол кезде 2 - ге бөлінген қыздар екі жақтан ортаға дөңгеленіп балаларды айнала тұрады. Ал, балалар болса, қар жауып кетті, қайтайық деп жүгіріп қарды жинап, орындарына отырады.
Жүргізуші: Қандай керемет, бүгін біздің балалар Аюмен бірге, Аяз атаны, Ақшақарды қуанттыңдар, қандай көңілді ойындар ойнадыңдар, рахмет сендерге балалар!
Аяз ата: Қандай көңілді ойындар! Рахмет сендерге балалар!
Жүргізуші: Ал енді Аяз ата біздің бүлдіршіндердің Жаңа жыл мерекесіне арнаған тақпақтарын тыңдаңыз!
Нурислам: Өлең де әзір ән де әзір
Ойында әзір – бәрі әзір
Кел жаңа жыл біздерге
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл
Руслан: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
Назерке: Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жып - жылтыр боп жатады
Ануар: Жаңадан тақпақ
Аламыз жаттап
Жаңа жыл келді
Жаңа жыл аппақ
Иса: Қуантып елді
Жаңа жыл келді
Өсетін болдым
Бір жасқа енді
Жүргізуші: Ал, енді барлығымыз бірге «Шырша жырын» еске алайық!
Хор: «Шырша жыры»
Аяз ата: Ал, енді біз немереміз екеуміз сендермен қоштасамыз, Сендер мені қуанттыңдар, сендерге арнап алып келген жаңа жылдық сыйлықтарымызды тарқатамын.
Аю: Ендеше мен сіздерді шығарып салайын!
Балалардың қоштасуы
Жалпы би
Алақай, Жаңа жыл!
- ramuk_b
- 30 наурыз 2014
- 25175
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жаңа жыл, ертеңгілік, жаңа жыл балабақшада, сценарий
Ұқсас жаңалықтар:
Кел, Жаңа жыл!
Құрметті әріптестер, ата-аналар, балалар сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жаңа жылда жаңа...Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында!
Жасыл желек жамылған, Асыл моншақ тағылған, Міне сұлу шыршамыз, Көптен күтіп сағынған....Жаңа жылға арналған тақпақтар
Аппақ аппақ жапалақтап, Қар жауады тынбастан. Қалың орман, қар жамылған, Маужырайды түнгі аспан. Кең пейілді, мол мейірлі, Сағынышпен табысқан....Кел, жаңа – жыл төрле
Ертеңгілік іс – шараның тақырыбы: «Кел, жаңа – жыл төрле» Мақсаты: Жаңа жылға арнап ертегі кейіпкерлерімен бірге жаңа жылды қарсы алу кешін...Төрлет, төрлет Жаңа жыл!
Даламызға қаламызға Жаңа жыл кіріп келеді Қартыңызға, балаңызға Жалынды сәлем береді....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.