Жаяу Мұсаның күйі «Құмжылан» (ашылуы) орындайтын оқушылар (хабарланбайды)
ФАНФАР
Жүргізуші: Армысың, аманбысың асыл халқым,
Ұмытпай қазағымның ата - салтын
Әрқашан арта берсін сенің даңқың
Жүргізуші: Армысыздар қадірменді қауым. Бүгінгі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отырған «Асыл мұра» ұлттық қолөнер клубының салтанатты ашылу рәсіміне қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Сарсенова Айнұр Тоқтарқызына беріледі.
Жүргізуші: Өнер деген тамаша ғой, аңсағанда,
Басады ол деміңді шаршағанда.
Қасиеттің киелісі - өнер деген,
Сыйлайды ол рахатын, барша жанға,- дей келе кезекті әсем әнге береміз.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңі. Орындайтын дуэт.
Жүргізуші: Сөз аудандық білім бөлімінің басшысы Қадырова Самал Қанатқызына беріледі.
Жүргізуші: Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам,- дей келе Исаның желдірмесімен әнші жігіттерді сахнаға шақырамыз.
Жүргізуші: «Өмірде екі байлық бар: білім, өнер». Өнер туралы сөз ететін болсақ, алдымен халқымыздың дәстүрлі қолөнері ойға оралады. Әрине бұл айтпаса да түсінікті. Халқымыздың қолөнері ұлттық шығармаларымыздың ең жоғарғы формасы болып табылады. Қазақ елі тәуелсіздігін алғалы, халқымыздың қолөнері қандай жетістіктерге жетіп отырғаны белгілі. Себебі, қазір біз ұмыт бола бастаған қолөнерді қайта жаңғырта бастадық. Қолөнер – халқымыздың қасиетімен ұрпақтан - ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан мұрасы.
Сөз кезегін бүгінгі біздің шарамызға белсенді ат салысып, қатысып отырған қонағымыз, шебер қолды Күлтай апаға береміз.
Жүргізуші: «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» - деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері, салт - дәстүрі болады. Олай болса, мектеп оқушыларының қатысуымен дайындалған, ұмыт болып бара жатқан «Бастаңғы» салт - дәстүрінен көріністі тамашалаңыздар.
(Бастаңғы туралы мәлімет оқылады)
Бастаңғы
Қазақта бастаңғыны шешесі бір жаққа жолаушылап кеткенде сол үйдің бойжеткен қызы жасайды. Қыздың үйіне құрбы - құрдастары жиналады. Шешесі бұған рұқсат етіп, асуға ет, немесе мүмкіндігі бар ауқаттылау отбасы болса тіпті союға қой да береді. Жиналған жастар ән салады, домбыра тартады, ұлттық ойындар ойнап, әзіл – қалжың күлкімен кешті өткізеді.
Бастаңғының екі түрлі жағы бар. Біріншіден – анасы қызының құрбы – құрдастарымен араласып сыйласуына, танысуына мүмкіндік жасап жол ашады. Өз бетінше қонақ күте білуге баулиды, қызын қазан – аяқ ұстауға, дастарқан жасай білуге үйрету. Қызды томаға – тұйық, бұйығы, сылбыр болып қалудан сақтандырады. Біреуді құрметтеп, өзін де біреуге құрметтете білуге үйрету көзделеді. Сондықтан бастаңғыны қазақ қыздары бой жете бастаған кезде жасап үйрену артық емес. Бастаңғыда қыздар мен жігіттер жиналып, бір - бірімен ойнап – күліп танысады, әзіл – оспақ айтысып, ұлттық ойындар ойнап, ән салып, күй тартып, әр түрлі өнерлерін ортаға салған. Бірақ бастаңғы бақылаусыз болмаған. «Шешесі қыдырмашының қызы бастаңғышыл боладыға» барғызбау үшін бақылау, рұқсатсыз бастаңғы өткізбеу - қазақта заң.
Көрініске қатысатындар.
Жазира: – бастаңғы жасайтын үйдің бойжеткен қызы.
Апа – Жазира анасы.
Алия – Жазира жақын құрбысы.
Бірнеше жігіттер мен қыздар.
Бірінші көрініс: Киіз үйдің іші. Ортада қазақша дөңгелек стол. Айнамкөздің шешесі нағашыларының аулына жол жүргелі жатыр. Үйдің бір жағында сандық ақтарып отырады. Апаның сөзі: Осы асыққанда бірдеңені ұмытатын менің әдетім. Шапаным қайда еді менің?
Жазира: ( даладан сыпайы басып кіреді.) Апа, іздегенің осы шапан ба еді?
Жазира: - Апа, нағашы атамның аулына барайын деп жатыр екенсіз ғой.
Апасы – Ия күнім, жол жүрейін деп жатырмын, атаңа не айтасың?
Жазира - Атама сәлем айтыңыз! Інішектерімнің бетінен сүйіңіз. (Басын сәл қисайтып, ойлана қалады ) Апа, бірдеме айтсам ренжімейсіз бе?
Апасы - Айта ғой күнім.
Жазира - Бастаңғы жасайық.
Апасы – Бастаңғы дейсің бе? (ойланып) Құрбы – құрдастарыңды шақырып, басын қосайын деп пе едің? Жасай ғой.
Жазира:- Алақай, апам рұқсат берді.
(Айнамкөз үйден шығып кетеді )
Апасы: Енді не істедім? Мына қыздың есі шықты ғой. (шығып кетеді)
Екінші көрініс. Киіз үйдің ішіне Айнамкөз кіреді. Апам кетіп қапты ғой. Енді не істедім? Қазір қаншама қонақтар келеді ғой. Үстел жасау керек.
(Алия кіреді)
Жазира: о, құрбым, амансың ба. Сенің келгенің жақсы болды. Маған көмектесесің ғой.
( Кейін 4 - 5 қыз кіреді, амандасып, дастархан үстіне шай жабдығын қоя бастайды)
Алия: – Айнамкөз, апаң неше күнге кетті.
Жазира:- Ертең кешке оралады. Жол амандығын берсін.
(Осы кезде бір топ жігіттер мен қыздар дабырласып кіреді, қолдарында домбыра, қамшы бар)
Жігіттер -(дабырласа ) Ал қыздар, біз келіп қалдық!
Қыздар – Жігіттер келіп қалыпты ғой, жоғары шығыңдар! (Барлығы дастарханға қоршай орналасады.)
Арғын – (Отырып жатып ) Айнамкөздің бауырсағының дәмін көрейікші.(Бір бауырсақты аузына салып жібереді. )
Алия: – Ой пәлі, өзі пысық, өте дәмді етіп пісіріпті!
Ғұмар - (бас бармағын көрсетіп) Шынымен - ей, өзің қатқан бәйбіше болайын деп тұр екенсің! (ду күлкі ) Жазира: – Кетші әрі, ал құрбы – құрдастар ән айтып, тамақ алып, көңілді отырайық. Мұндай оңаша үй жиі бола бермейді. Естеріңде болсын.
Ғұмар – Дұрыс айтады, қыздар ән салайық. Бастап жіберіңдер.
Қыздар – Несі бар, ән айтсақ айтамыз! (Абайдың «Көзімнің қарасы» әні)
(Қыздар қосылып бірнеше ән орындайды. Жігіттер жағы қолпаштап отырады. )
Оразалы: Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра демекші, ал енді мен сіздерге өз өнерімді көрсетейін. (Құрманғазының «Адай» күйі орындалады, сол кезде жанындағы отырған Меруерт домбырасын алып күйді тартысқа айналдырады.)
Оразалы: Өзің мықты ойнайды екенсің. Ал енді дауысыңды естиікші.
Меруерт «Қазақ осы» әнін орындайды.
Жазира: – Енді сері жігіттің өнерін көрейік! (Ғұмар Ақан Серінің «Балқадиша» әнін орындайды)
Сырттағы дауыс: Ұлжан, қайда жүрсің? Күн батты ғой, қайтпайсың ба?
(Осы кезде қыздар жағы қозғалақтап, қайтуға ыңғай білдіре бастайды )
Айнамкөз: Ұлжан, анаңды тостырмай бара ғой үйге.
Әлия: Ал құрбылар сау болыңдар!
Жазира: Осы апам кеткесін менің інім қайда жүр үйге келмей, күн батқанша? Бекжан... (деп айқайлайды)
Бекжан келіп қол беріп амандасады.
Арғын: Осы аналар әрдайым бізді уайымдап тосып отырады. Аналардың құрметіне бір ән салайын. ( «Ару ана» әнін орындайды)
(Бекжанның ана туралы әні орындалады)
Арғын: Қыздар, кешке алтыбақанға келесіңдер ме?
Жазира: Анамыз жіберсе, келеміз.
Онда дәм қайырайық.
Бекжан: Иләй амин!
Ғұмар: Бастың амандығын берсін, Деннің саулығын берсін, Дастарханның байлығын берсін, Ішіп – жеуін бізге берсін. Жинауын Айнамкөзге берсін. (Ду күлкі)
Жазира: (Жігітті бастан нұқып қалады ) Осының – ақ қалжыңы қалмайды екен.(Барлығы орындарынан тұрады ) Жігіттер: Қыздар: (күлісіп ) апамыз жіберсе барамыз!
«Гүлдерайым» деген халық әнін барлығы хормен айтып, сахнадан шығып кетеді.
Жүргізуші: Құрметті, қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Осымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отырған «Асыл мұра» ұлттық қолөнер клубының ашылу салтанаты өз мәресіне жетті. Уақыт бөліп келгендеріңізге көптен көп рахмет. Хош сау болыңыздар!
"Асыл мұра" клубының ашылу әзірлемесі
- Sailau2004
- 21 сәуір 2021
- 5504
- 0
- 0
Ілмек сөздер: клубтың ашылу сценарийі, ұлттық қолөнер клубының салтанатты ашылу рәсімі
Ұқсас жаңалықтар:
Сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер
Мақсаты: ер балаларды халықтық дәстүрді, әдет - ғұрыпты, тарихты қадірлеуге тәрбиелеу, ұлтжандылық, патриоттық сезімдерге баулу, танымын байытуға,...Наурызым бақытым шаттығым!
Мақсаты: Балаларға Ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру. Отанын сүюге, патриоттық рухты және ұлттық салт - дәстүрлерді дәріптеуге тәрбиелеу. Ұлттық...Салтым менің – халқым менің
Алматы қаласы, Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп - гимназияның мұғалімі Елшібай Үрбүгүл Жаңабайқызы...Нағыз қазақ жігіті
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Қызылсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ташенова Амида Қонысбайқызы...Наурызым – асыл айым
Ақтөбе қаласы, №40 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Күзенбаева Гүлжанар Дүйсенбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.