Сайтқа кіру Тіркелу

Абай – дара, Абай – кемел!

Сабақтың тақырыбы: «Абай – дара, Абай – кемел!»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту.
Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім - ғылымға құмарлығын арттыру.
Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: А. Құнанбаев суреті, «Абай жолы» романы, ақын туралы айтылған қанатты сөздер, слайд.
Өту барысы:
Кіріспе.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.

Даламызда мұңлы үміт
Тұрған кезде қалтырап
Көкіректерге нұр құйып,
Күн боп тудың жарқырап.

Абай – ақын ер еді,
Абай дана, сері еді,
Абайдың рухын өлтірмей,
Асқақтатқан елі еді
Аспандақан жері еді.

Жұртына өлең қалдырған
Абай неге өледі?
Абай неге сөнеді?!
Ақын дауыл, сел еді,
Сақтайды ұл - қыз дарынды,
Халқының әдет - ғұрпын.
Біздердей ұрпақтарыңды
Жүрсінші қолдап рухың.

Ақын жаны кең еді,
Ойлағаны елі еді.
«Халқым, жұртым» дегенде
Талай шабыт кеп еді,
Дара ақын ер еді,
Жүрген жері төр еді.
Ақындар жырлап айтқандай
«Абай тіл иен көз» еді.
Абай жыры мәңгілік,
Жүрегім оны сезеді.

Жазира, дархан бел еді.
Абай қазақтың ұлы ақыны. Абай – сазгер, философ, ақын, ойшыл, аудармашы, данышпан. Ол ел жұртының болашағын ойлап, халықты тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу - білімге шақырған. Жаман әдеттен арылып, жақсылықты өн бойына жинауға үндеген.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Абай болашақ ұрпаққа, яғни сендерге сөзін осылай арнады. Бұл өзі сүрген ғасырдан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жақын болашаққа сенімді жол салған ақынның сөзі еді. Ол жарқын болашаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Ол жол ғылым, білім, өнер, мәдениет жолы еді. Абайдың «даналығы» да осында. Ал «дара» деген себебіміз сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу, түрлі тілді меңгерген қалың қазақ арасында жалғыз Абайдың өзі болды.
Енді, ақынның өмірі туралы деректер тыңдайық.

Негізгі бөлім.
Абай – Ибраһим.
1 - оқушы:
Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайтқан. Негізгі аты – Ибраһим болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті.
2 - оқушы:
Абай әке жағынан алғанда Тобықтының белгілі шонжары мен батыр биінен тарайды. Оның бабасы Тобықтының биі болған. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған. Ал, шешесі Ұлжан Бошан руынан тарайды.
3 - оқушы:
Әкесі - тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі керісінше ағайын - туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Міне, сәби шағынан - ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез - құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз - әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала - Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.
4 - оқушы:
Абай 10 - 12 жасында мұсылманша оқып, хат таниды. Ал, 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Медреседе жүргенде 14 жасында 3ай орыстың «приходская школында» орысша сабақ оқыды.
5 - оқушы:
Осы 4 жылдық медреседегі және 3айлық орыс мектептеріндегі оқуы аяқталып, 15 жасында үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі жұртты өзіне қаратып, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел - жұрт оны би етіп сайлайды.
6 - оқушы:
20 жасында ол от тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы істі көп білген көсем болған. Мақал, ертегі, нақыл сөздерді тез меңгерген. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, Араб, парсы, түркі тілдерін үйренді.
7 - оқушы:
Абай 14 жасынан өлең шығарған. Ол жастар арасында кең таралғанымен, оған онша мән бермейді. Абайдың өнерге бет бұруына себепкер орыс достары Грось пен Михаэлис болды.
8 - оқушы:
Абай орыстың ақын - жазушылары – Пушкиннің, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Олардың шығармаларын оқи отырып, оөық ойлы Абай орыс мәдениетін, өнерін, білімін үлгі еткен. Бұл да Абайдың даналығы.
9 - оқушы:
Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады.
Абай – ақын.
- Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы – барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.
- «Қыс»
- «Жазғытұры»
- «Жаз»
- «Күз»
- «Ғылым таппай мақтанба»

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Болмасаң да, ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де - өзі, мал да - өзі
Ғылымға көңіл берсеңіз.

Мұғалім:
- Көріп отырғандай ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық, кертартпалықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге, еңбекке, өнерге шақырған.
Абай – сазгер.
- Абай қазақтың ән - күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.

• Тәңір қосқан жар едің сен
• Сегіз аяқ
• Көзімнің қарасы
• Қор болды жаным
• Бойы бұлғаң
• Айттым сәлем, Қаламқас
• Біреуден біреу артылса
• Көңіл құсы құйқылжытар шартарапқа
• Сен мені не етесің?
• Ата - анама көз қуаныш
• Сүйсіне алмадым сүймедім
• Желсіз түнде жарық ай

Ән «Көзімнің қарасы»

Абай – ойшыл.
- Абай - ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі.
Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған.
Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Абайдың 46 қара сөзі бар. Олай болса сол қара сөздерінен үзінді тыңдайық.
(Үнтаспадан қара сөздер тыңдау)
Абай – аудармашы.
- Абай орыс ақыны А. С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер, М. Ю. Лермонтовтың, И. Гетенің шығармаларын сүйіп оқып, аударған. Біз оқыған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын да И. А. Крыловтан аударған Абай атамыз екен.
- Көрініс: «Шегіртке мен құмырсқа»

Қорытынды.
Абай – дара, Абай – кемел, озат та,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа!
Бар жазғаны даналық боп саналған,
Жалғыздардың жалғызы ол – қазақта.
Мыңмен жалғыз алысқан,
Арыстандай ер еді.
Әр ақынды кезеді
Абайдың өлең - өзені.

Ары таза, иманы мол данышпан,
Заман үнін сезе білген алыстан.
Өлеңімен оятып әр сананы,
Өмір бойы надандықпен алысқан.

Дана Абайға тең келмес ешбір ақын,
Танытты ол адамзаттың асыл затын.
Қырық бес қара сөзді жазып кетті,
Шырақ қып ұстап жүрміз атап атын.

Аты өшпейді Абайдың мұным анық.
Ар - ожданын намысқа жанып алып,
«Қалың елім - қазағым» деп жырлады,
Зередей әжесінен тәлім алып.

Әр сөзінде астарлы ой тұрады.
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі – қазақтың бойтұмары

Қазақтың асқан кемелі
Жұрттың қамын жеп еді,
Ақынның рухы өлмейді,
Абай – ұлы себебі!

- Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық.

- Сабаққа қатысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×