Сайтқа кіру Тіркелу

Маңғыстау экологиясы

Тақырып: Маңғыстау экологиясы.
Мақсаты: Оқушылардың табиғи ортаға, өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып, оны қорғауға деген жауапкершілігін, Отанына деген көзқарастарын қалыптастыру. Еліне деген мақтаныш сезімін ояту. Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын дамыту.
Туған өлкесінің, жерінің табиғатын қорғауға баулу. Үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Маңғыстау тарихы папкалар, буклеттер, интербелсенді тақта, слайд, «Маңғыстау - маңғаз мекенім» атты кітап көрмесі.
Жүрісі
Ұйымдастыру.
І. 1) Бәйге (сұрақ - жауап).
ІІ. 1) «Кім шапшаң»! 2) Өлең шумақтарын жалғастыр.
ІІІ 1) Ұйқасын тап. 2) Сурет сыры.
ҮІ. 1) «Қазіргі таңда Маңғыстау экологиясы ойландыра ма?
Сен не істей алар едің...»
Кіріспе сөз
Мұғалім: Құрметті оқушылар! «Маңғыстау экологиясы» атты сынып сағатын ашық деп жариялаймын. Оқушылар «шаттық шеңбер» құрып, бір біріне деген жылы лебіздерін білдіріп, үш топқа бөлінеді.
І «Бәйге» тобы: 1 - тапсырма: Маңғыстау облысына қатысты сұрақ жауап:
1. Маңғыстау облысының қалалары (Ақтау, Жаңаөзен, Форт – Шевченко).
2. Маңғыстау облысының құрамына кіретін аудандарды ата (Қарақия, Маңғыстау, Бейнеу, Түпқараған, Мұнайлы).
3. «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары», (Маңғыстау географиясы), «Есен - Қазақ» кітабының авторы кім? (Серікбол Қондыбаев).
4. Маңғыстау облысы қай жылы құрылды? 1973 жылы 20 наурыз).
5. Қазақстанда Қызыл кітап қай жылы жарық көрді? (1978жылы)
6. Маңғыстау облысында орналасқан қорық қай қорық? Нешінші жылы құрылды? (Үстірт қорығы, 1984ж.)
7. Маңғыстаудың байтақ даласында кездесетін емдік шөптерді ата? (адыраспан, бәйшешек, бозжиде, жантақ, изен, сүттіген).
8. Судың деңгейінен көтерілуі не деп аталады? ( тасқын)
9. Қазақстан қанша елмен шектеседі. Ол елдерді ата. (5 елмен, Ресей, Өзбекстен, Қырғызстан Қытай, Түрікменстан).
10. Түпқараған ауданының орталығы (Форт – Шевченко)
11. Дүние жүзіндегі ең үлкен ағынсыз көл (Каспий теңізі).
12. Өлкенің негізі көп таралған жануарлары, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарларын ата --- (қарақұйрық, үстірт қойы).
13. Маңғыстаудағы қандай тауларды білесің? (Айрақты, Шерқала, Ақмыштау, Ақтаулар, Отпан, Бесшоқы, Қаратау, Оғыланды, Маната, т. б)
14. Маңғыстаудағы қандай құстарды білесің? (қарлығаш, торғай, кептер, қарға, аққу, үйрек, шағала, шіл, бүркіт, жарқанат, қарабауыр).
15. Маңғыстаудан шыққан батырлар Иса, Шотан, Құлбарақ, Досан батырлар.
ІІ. Үстүрт тобы:
1 - тапсырма: Кім шапшаң!
Қораптың ішінен әріп суырып, сол әріптен басталатын Маңғыстаудың жер - су аттарын айту.
2 - тапсырма: Өлең шумақтарын жалғастыр.
Оқушылар өз таланттарына қарай өлең шумақтарын жалғастыру керек.
№1
Туған өлке, бар үмітім күтер алдан,
----------
Мен қалай туған жерді ұмытайын.
---------
№2
Туған жер мен өзіңмен өзектесіп
---------
Табанымда туған жер табы қалып,
----------

№3
Туған өлке бастауысың өнегенің

Қалайша ұмытамын мен анамның
---------
ІІІ. Отпан тау тобы:
1 - тапсырма: Ұйқасын тап.
Маңғыстауға қатысты өлең шумақтарының орны ауысқан, орын ауысқан сөздерден құрастырып, өлеңді дұрыстап оқу.
1. Маңғыстау үш қиянның өрген жері.
Жерленбей жеті жұрттың кеткен жері.
Атамыз Адай мекен еткен жері,
Той қылып «Адай» туын тіккен жері.
2. Маңғыстау – ер Бекеттің туған жері,
Кетіріп кіндік қанын жуған жері.
Кіндігін Қожа молда қолымен кесіп,
Тамырын тарамыспен буған жері7
2 - тапсырма: Сурет сыры. 2 - сурет беріледі, сол суретке шағын шығарма жазу.
Сергіту сәті.
«Қазіргі таңда Маңғыстау экологиясы ойландыра ма? Сен не істей алар едің...»
3 топқа да ортақ сұрақ. Топ мүшелері өз ойларын айту керек.
Қорытынды.
Маңғыстау – қой тастарың жүрегімдей,
Мұнараң жолы жалын күреңімдей.
Аспаның - Адайлардың көкірегі.
Құс жолы - Көкмойнақтың шілдеріндей.
Маңғыстау - кім – кімді де қызықтырып, әкететін, терең тарихты өлке.
«Жер шарының геологиялық тарихын білгіңіз келсе, Маңғыстауды бір рет көріңіз»,-
деген Н. Андрусов.
К. Паустовский болса: «Маңғыстауға барған сапарымды жұлдызды өлкеге жасаған саяхат деуге болар еді. Мен еш жерде мұндай жұлдыздар нөсерін, олардың көз шаршатар жарқылын көргенім жоқ. Жұлдыздар Маңғыстауға ұшып келіп жатқандай сезіледі», деп бағалады.
Қазір егемен еліміздің ең бай өңірі, экономикалық даму тұрғысынан көшбасшы болып отырған қазыналы Маңғыстау - «Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен», шытырман оқиғаға толы өңір. Жерінің асты қазынаға, жерінің үсті аңызға толы өңір. Әулиелі – киелі мекен. Осы өлкенің өркендеп, одан әрі қанат жайып дамуына үлес қосу - бүгінгі біздер сіздердің міндетіміз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Әулиелер мекені – Маңғыстау

Әулиелер мекені – Маңғыстау

Отан, туған жеріміз Маңғыстау туралы тереңірек түсінік бере отырып бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, өз Отанын, туған жерін сүюі, ұлтын...
Маңғыстау – маңғаз мекенім

Маңғыстау – маңғаз мекенім

Маңғыстау сонадайдан тоңазытқыш.... Жүрегін талай елдің қобалжытқан... Төңірегің түгел тұнып тұрған керемет. Төңірегің түгел тұнып тұрған хикая....
Туған өлке – тұнған шежіре

Туған өлке – тұнған шежіре

Мақсаты: Оқушыларда туған өлкеге деген қадір – қасиетті оята отырып, сол арқылы туып - өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру....
Туған жер - тал бесігім

Туған жер - тал бесігім

Тақырыбы: Туған жер - тал бесігім Мақсаты: Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Туған жерге деген...
Мұнайлы қалам-Жаңаөзен

Мұнайлы қалам-Жаңаөзен

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы № 12 бастауыш сынып мұғалімі: Жағалбай Рысгүл Сүлейменқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×