Сайтқа кіру Тіркелу

Туыстық атаулар сыры

Туыстық атаулар сыры
1. Ағайын жұрт
Ағайын. Туыс – деп бір рудан, тайпадан өсіп, өрбіген ұрпақтар қауымы мен бірлігін айтады. «Ағайын» немесе «туыс» деп те атала береді. Бұлар бір қауым, бір ауыл болып, бір - біріне қамқорлық жасап, қиын сәтте қол ұшын беруге міндетті. Туыстар тату, бірлікшіл, бір - біріне қорғаныш болуы керек. Ағайын, туыстан бөлініп кеткендерді жақындары өте жек көреді. «Бөлінгенді бөрі жейді» деген бар.
Туыстар жеті атаға дейін туыстықты үзбейді және қыз алыспайды. Қазақтың бұл заңының ғылыми - генетикалық жағынан да дәлдігі анықталып отыр. Жеті атаға толғаннан кейін ру ақсақалдары, дін басшылары жиылып, боз бие сойып, баталасып, бәтуаласып қыз алысып, қыз беруге рұқсат етеді. Бұл дәстүр бүгінге дейін сақталып әрі жалғасып келеді.
Қазақ халқы тек руласын ғана емес одан әрідегі қандас тайпалардан тарағандарды да жақын тартып туысқан болады.
Туысы бірдің – уысы бір.
Туысқан өкпеге қиса да, өлімге қимайды.
Туысы жаман туғанын жамандайды.
Ағайын, туыс кімде жоқ,
Сыйласпаса жат жуық.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×