Сайтқа кіру Тіркелу

Оқу – тәрбие үрдісін технологиялау

Қазақстанның әлемдік үрдістерге кірігуі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдама өту қажеттілігін туындатуда.
Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық және саяси бағыттардағы өрлеуіндегі осындай өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерецін үстем етуде.
Ол өзгерістер төмендегідей сипатталады.
• білім, білік, дағдыдан – ойлаудағы құндылықтарға, шығармашылыққа, тұлғаның құзырлылықтарын қалыптастыруға ауысу;
• пәндік мақсаттардан кешенділік мақсаттарға ойысу;
• білім беру мен тәрбиелеуден – білімденуге, оны қолдана алуға көмектесу;
• әкімшілдіктен – ынтымақтастыққа көшу.
Бұл жағдай жаңа педагогикалық менталитетті қалыптастырып, технологиялық амалға көшуді көкейтесті етеді. Осыған орай қазіргі уақытта білім берудің теориясы мен практикасында, ғылыми зерттеулерде мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту үшін, ондағы оқыту үрдісінің жаңаша ұйымдастырылуы, білім алу жұмысын ғылыми дәрежеге көтеру және әр адамның маман ретінде дамуына педогогикалық әсер ету ісін қолға алу қажет екендігі аталып өтіледі.
2. Қазіргі дидактикадағы көптеген инновациялық бағыттар ішінен біз
мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту құралы ретінде белсенді оқыту әдістері мен педагогикалық технологияларды алып отырмыз. Оның себептері төмендегідей:
• белсенді оқыту әдістері мен педагогикалық технологиялар кластық – сабақтық жүйедегі оқу үрдісінде, мемлекеттік стандарттар мен бағдарламаларды өзгертуді талап етпей ешбір қиындықсыз қолданыла алады;
• белсенді оқыту әдістері мен педогогикалық технологиялар бүгінгі білім саласындағы гумандандыру, демократияландыру, жеке тұлғаны дамыту сияқты келелі мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді;
• оқытудың белсенді әдістері мен технологиялары білім алушылардың интеллектуалдық, шығармашылық деңгейін жоғарылатып, жекелігін қалыптастырады;
• белсенді әдістер мен технологияларды қолдану мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырып, шығармашылық әлеуетінің дамуына және кәсіби әрекеттің шыңы «акме» жағдайға көтерілуіне ықпал етеді.
3. Оқыту теориясы мұғалімнің шығармашылығының негізі болса, ал педагогикалық технология – оқыту теориясын мұғалім мен оқушы әрекеті түрінде жобалау, қойылған нақты мақсаттарға сәйкес оқыту үрдісін тиімді құрып, жүзеге асыру болып табылады. Мақсаты дұрыс қойылған, нәтижесі интуитивті түрде жобаланған, оқушының өзінің дамуының іргелес аймағында, асқан қызығушылықпен еңбек етуге әкелетін сабақ жоспарын құру, ұйымдастырып өткізе алу – сөзсіз шығармашылықтың нәтижесі.
Оқыту үрдісіне технологияны енгізу прагматикалық психъология мен педагогиканың өкілдері (У. Джеймс, Д. Дьюи, В. Торндайк, т. б.) ұсынған педагогикалық идеялардан бастау алады. Ғылыми – техникалық үрдістің дамуы оны жаңа мазмұнмен толықтырды. Программалап оқыту, коммуникациялар теориясы, оқытуды алгоритмдеудің әсері нәтижесінде педотехникалық тәсілдер кейіннен педагогикалық технологияларға айналды.
Педагогикалық технологияларға деген аса зор қызығушылық теория мен практиканың арасындағы алшақтықтың болуымен түсіндіріледі. Көптеген ғалымдар педогогика тым теорияланып кеткен, ал әдістеме өте практикалық деңгейде, осы екеуінің арасын байланыстыратын аралық буынның қызметін технология атқаратындығын атап өтеді.
«Педогогикалық технология» ұғымын эволюциялық тұрғыдан қарастыру барысында оның мазмұнының кезеңдермен өзгеріске ұшырағанын байқауға болады.
Бірінші кезең (өткен ғасырдың 40 – 50 жылдары).
«Білімдегі технологиялар»
термині қолданысқа еніп, ол оқытуда инженерлік ойдың жетістіктерін пайдалануды білдірген. (аудиовизуалдық құралдар – магнитофон, проектор, теледидар үн таспа т. б.) Бұл бізге техникалық құралдарды қолдану (ТСО) деген атпен белгілі.
Екінші кезең (өткен ғасырдағы 50 – 60 – жылдардың аралығы).
«Педагогикалық технология» деп жоспарланған нәтижеге әкелетін әдістер мен тәсілдер жиынтығының ғылыми сипаттамасы қарастырылды. Бұл лингафон кластары, оқыту машиналары, программалап оқыту т. б. кеңінен қолданыла бастаған кезең.
Үшінші кезеңде ( 70 - жылдардан бастап) «педагогикалық технологияға» байланысты ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, оқыту үрдісін жетілдіру деген түсініктер қалыптасты.
Отандық педагогиканы технологияландырудың бастауында «педагогикалық техника» ұғымын алғаш рет қолданған А. С. Макаренко тұрды деп айтуға толық негіз бар. Ол өзінің «Педогогикалық поэма» атты әлемге әйгілі еңбегінде біздің педагогикалық өндірістің технологиялық емес, моральдік логикада түзілгенің, сондықтан да онда технологиялық үрдіс, констркуциялау, операцияларды есепке алу, бақылау сияқтя маңызды бөлімдер жоқтығына тоқталады.
Оқытуды технологияландыру 50 – 60 жылдар аралығындағы алдымен американдық, содан соң европалық мектептерді реформалау ісімен байланысты. Оның қалыптасуына программалап оқытудың көп әсері болды. Бұл туралы М. В. Кларин программалап оқытуды педагогикалық технологияның туындысы ретінде қарастырған болатын. Ғалым педагогикалық технологиялар жайлы шет елдік зерттеулерді талдай отырып олардың төмендегідей ең маңызды белгілері мен элементтерін ерекшелейді: педагогикалық технологиялардың ерекшелігі олпрда қойылған мақсаттарға жетуге кепілдік беретін оқу үрдісі құрастырылып, жүзеге асырылады; оқу үрдісінің технологиялық жолмен құрылуының негізгі тірегі нақты қойылған мақсатқа бағытталу; мазмұнды толық меңгерудің критерийін дәл анықтау жүйедегі негізгі кезең. Автор сондай – ақ педагогикалық технология ұғымы мұғалімнің оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдерін меңгеруі екеніңе ерекше назар аударады. Педагогикалық технологияға берген түсініктемесінде ол педагогикалық мақсаттарға жету үшін қолданылатын жекелік, инструменталдық, әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы мен қызмет жасау тәртібі ретінде қарайтындығын білдіреді.
Бүгінгі күнгі ғылыми – теориялық әдебиеттерде педагогикалық технологияларға әртүрлі анықтамалар беріледі. Технология – қайсы бір істе, өнерде, шеберлікте қолданылатын тәсілдер жиынтығы.
Д. Г. Левитестің пікірінше оқыту технологиясы – орындалуы педагогикалық мақсатқа жетуге кепілдік беретін реттелген қызмет жүйесі.
Педагогикалық технология – Б. Т. Лихачев бойынша оқыту мен тәрбиелеу құралдарын, формаларын, әдістерін анықтаудағы психологиялық – педагогикалық талаптар жиынтығы. Педагогикалық үрдісті әдістемелік тұрғыда ұйымдастыру құралы. Ғалымның пікірінше педагогикалық технологиялардың мәні – шығармашылық қабілеттердің дамуы үшін қажетті жағдай туғызу.
Педагогикалық технологиялардың теориялық негізіне байланыты В. П. Беспальконың ұстанымының орны бөлек. Ол технологияларда негізгі психологиялық тұжырымдамалар мен ақпараттық тәсіл, оқытудың негізгі элементтері (мақсаттары, мазмұны, әдістері) тиімді ұштастырылады деген ой айтады. Ғалым педагогикалық технологияны – оқыту үрдісін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы, практикада іске асатын нақтыпедагогикалық жүйе, ретінде қарастырады. Ол педагогикалық жүйені тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір – бірімен өзара байланыстағы әдіс – тәсілдер жиынтығы деп қарастыра отырып, жалпы білім беретін мектептердің оқу – тәрбие үрдісіне оқыту технологияларын енгізу мына төмендегідей төрт күрделі мәселені шешеді деп есептейді:
1. педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромптарды жояды;
2. оқушының танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнының анықтайтын оқу – тәрбие үрдісін жобалауға негіз болады;
3. оқу үрдісінің мақсатын диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды жүзеге асырады;
4. практикада оқу - тәрбие үрдісінің бірлігін қамтамасыз етеді.
Оқыту технологиялары – М. Чошановтың пайымдауынша – дидактикалық жүйенің құрамдас, процессуалдық бөлігі.
Педагогикалық технологияға ғалым В. М. Монахов – оқушы мен мұғалім үшін қолайлы жағдайда қамтамасыз ететін оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің барлық жағынан ойластырылатын бірлескен педагогикалық әрекеттің моделі – деген анықтама бере отырып, ол әрекеттің ретке келтірілуі, нәтиженің анықталуы басты шарт екеніне тоқталады.
Педагогикалық технологиялардың теориялық негізін жасау барысында жоғарыдағы ғалымдармен қоса Н. Ф. талызинаның еңбегін өткен жөн. Ғалым еңбегінде теориялық тұғыр ретінде ақыл – ой әрекетінің кезеңдеп қалыптасуы ілімі жасалады.
Профессор Ж. А. Қараев пен Ж. У. Кобдикованың пікірінше технология дегеніміз - әдістемелік жүйе мен сәйкес дидактикалық үрдістер кешенінің тәжірибеде жүзеге асырылатын жобасы, ал педагогикалық жағдаяттарға сай қолданылатын әдістер, тәсілдер оның құрамды бөлігі болып табылады. Аталған ғалымдар оқушылардың өзіндік әрекетіне негізделген деңгейлік тапсырмаларды саралау технологиясын, оны қолдану жағдайында оқушылар білімін бағалаудың жаңа жолдарын ұсынады.
Педагогикалық технологияларға берілген анықтамалар мен тұжырымдарды қорытындылай келе Г. К. Селевко «педагогикалық технология» ұғымын үш аспектіде қарастырады:
Ғылыми;
Процессуалдық – сипаттамалық
Процессуалдық - әрекеттік.
Ғалым педагогикалық технологияларды оқытудың жаңа жолдарын зерттеп ұсынатын ғалым, оқытуда қолданылатын тәсілдер, ұстанымдар, бағыттаушылар жүйесі, сондай – ақ нақты оқыту үрдісі деп қаруды ұсынады.
Бұл мәселеге әрі қарай тереңдей түскен автор педагогикалық технологияларды мәңділігіне, қолданылуына, ұйымдастырылуына қарай мына төмендегідей топтарға бөледі.
1. Қолдану деңгейіне қарай (жалпы педагогикалық, пәндік, жеке әдістемелік, модульдік)
2. Философиялық негізіне қарай (материалистік, идеалистік, дилактикалық, метафизикалық, гуманистік, ғылыми, пракматикалық. б.).
3. Психикалық дамудың жетекші факторына қарай (биогендік, социогендік, психогендік).
4. Ғылыми тұжырымдамасына қарай (ассоциативті – рефлекторлық, биховиористік, гештальттехнология, дамытушылық).
5. Тұлағлық құрылымдарға бағыттылығына қарай (ақпараттық, әрекеттік, сезімдік, эвристикалық, қолданбалы, өзін - өзі дамытушы).
6. Құрылымдық және мазмұндық сипатына қарай (білімдік және тәрбиелік, жалпы және кәсіби бағытты, технократтық және гуманды).
Дегенмен осы еңбекте дамыта оқытудың Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин мен В. В Давыдов жасаған дидактикалық жүйелері, вальдорф мектебі сияқты тұтас жүйелердің педагогикалық технологиялар ретінде қарастырылуы талас тудыратын мәселе деген ойымызды білдіре кеткіміз келеді.
Осы салада өнімді еңбек жасаған жоғарыда аталған ғалымдар еңбегін зерделей отырып, кез келген падагогикалық технология мына төмендегі әдіснамалық талаптарды қанағаттандырыуы тиіс деген тұжырым жасадық. Олар: Тұжырымдамалылығы. Педагогикалық технология мақсатқа жетудің негіздемесі болатын философиялық, психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік – педагогикалық құрылымдардан тұратын белгілі бір тұжырымдарды басшылыққа алуы тиіс.
Жүйелілігі. Педагогикалық технологияда үрдістің логикалығы, оның барлық бөліктерінің өзара байланыстылығы мен біртұтастығы сияқты жүйенің белгілері болуы шарт.
Басқарушылығы. Технологиялық жүйе мақсаткерлік, жоспарлау, білімдік үрдісті жобалау, кезеңдер бойынша диагностикалау, әдіс – тәсілдерді өзгерту, нәтижені түзету сияқты басқарушылық қызметтерді талап етеді.
Тиімділік. Қазіргі педагогикалық технологиялар бәсекелестік жағдайында болғандықтан нәтижелі жағынан тиімді, кететін шығын жағынан оптимальді, білім стандартына жетуге кепілдік беруі тиіс.
Қолдана алушылық. Бұл педагогикалық технологиялардың сәйкес білім мекемелерінде, басқа субъектілер қайталай, қолдана алатындай болуын білдіреді.
Педагогикалық технологиялар туралы сөз еткенде олардың «әдіс» ұғымын қаншалықты байланысы бар, айырмашылығы қаншалықты екендігі жөнінде мәселе туындайды. Осы тұрғыдағы белгілі дидактардың еңбектерін басшылыққа ала отырып, төмендегідей тұжырым жасалады:
• педагогикалық технология - әдістер жүйесінен тұрады;
• педагогикалық технологияда танымдық белсенділік білім алушылардың тарапынан болады;
• педагогикалық технология – оқытудың барлық деңгейінде, барлық пәндерде қолдануға болатын әмбебаптығымен ерекшеленеді;
• пеадгогикалық технологиялар ақырғы нәтижеге жеткізеді..
Аралас сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі;
Үй тапсырмасын тексеру, сабақ мақсатын қою;
Оқушыларды жаңа ақпаратты қабылдауға дайындау;
Жаңа тақырыпты зерттеу және түсіндіру;
Осы және өткен сабақта өтілген тақырыпты бекіту;
Білім және біліктерін қорыту және жүйелеу, алғашқы алынған және қалыптасқанды жаңамен байланыстыру;
Сабақ нәтижесі және қорытынды;
Үйге тапсырма;
Оқушыларға жаңа тақырыпты игеру үшін қажет дайындық (алдын ала) жұмысы.
Білім берудегі жаңа технологиялар
Дамыта оқыту
Негізін салушылар мен зерттеушілер: Орыс ғалымдары Л. В. Занков, В. Давыдов, Д. Б. Элькоши, В. Эльконин, П. Эрдниев
Негізгі идеясы: Оқытуды әр бала жан – жақты дамитындай етіп ұйымдастыру.
Дамыта оқытудың басты принциптері:
1. Жоғары қиындықта оқыту.
2. Теориялық білімнің жетекші ролі.
3. Оқытудың тәрбиелік мәнінің болуы.
Дамыта оқытудың басты қағидалары:
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас
Іс - әрекеттік оқыту тәсілі
Даму заңдылықтарын ескеру
Педагогикалық ықпалдың, дамудың алдын – алу
Баланы іс - әрекет субъектісі ету
Ақпараттывқ және жалпы біліммен бірге амалдар мен құндылықтар жиынтығын қалыптастыру
«Жақын даму аймағында» оқыту
Мақсатты оқу іс - әрекеті, оқу міндеттерін шешу.
Ұжымдық ой қызметі, шынайы сұхбат, іскерлік қарым – қатынас
Дамыта оқытудың тәсілі:
1. Дидактикадағы салыстыру тәсілі
2. Байқау – қоршаған ортамен байланысу
Дамыта оқытудың ерекшеліктері:
1. Барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуы.
2. Топтық тапсырманың әр мүшесі әр бағытын орындайды.
3. Жеке оқушының жұмысы бағаланады.
4. Топ атынан сөйлейтін оқушыны өзге топ не мұғалім тыңдайды.
5. Жеке білімді тексеру бөлек жүргізіледі.
Дамытап оқытудың нәтижелі көрсеткіші
1. Ойлай білуі
2. Пайымдай білуі
3. Нақтылай білуі
4. Жүйелей білуі
5. Дәлелдей білуі
Дамыта оқыту технологияларының түрлері:
Эмперикалық дамыта оқыту (В. Занков)
Ірілендірілген дидактикалық бірліктер (П. Эрдниев)
Өзін - өзі дамыту (В. Селевко)
Мазмұндық жалпылау (В. Давыдов)
«Дамыта оқыту» технологиясының құрылымының алгоритмі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік - жігері бар адамдардың уақыты... (Н....
Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолдану. Баяндама

Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолдану. Баяндама

Алматы облысы, Талдықорған қаласы, № 4 орта мектептің бастауыш сынып мұғалім Баешова Жұлдыз...
Қоғам қажеттілігі - жаңа технологияны қолдану

Қоғам қажеттілігі - жаңа технологияны қолдану

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, "Жұлдыз" балабақша меңгерушісі Ералимова Ғалия Болатқызы...
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Ақсу қаласының №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Қ. Теміржанова...
Әдістемелік жұмыстар туралы

Әдістемелік жұмыстар туралы

Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми - ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×