Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ғылыми - білім беру және қоғамдық өмірдің түрлі оқиғаларына бай, ол жастардың ынта - жігерімен және тәлімгерлердің даналығымен, білімнің қуатты энергиясымен және ғылыми ойдың күшімен қаныққан. Студенттердің, оқытушылар мен ғалымдардың көптеген ұрпақтарының шығармашылық ізденісі мен қажырлы күнделікті еңбегі еліміздің алғашқы университетінің даңқты тағдырын айқындады. Университет Халықаралық университеттер қауымдастығының мүшесі және Еуразиялық университеттер қауымдастығының тең құрылтайшысы бола отырып, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындары арасында бірінші болып Болонья қаласында Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. Сонымен қатар, біздің университет QS World University Rankings рейтингінде 150 - ші орында, еліміздің жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып QS Stars - "Төрт жұлдыз" артықшылық белгісіне ие болған, Әл - Фараби әлемнің үздік 210 жоғары оқу орнының қатарына енген универлер қатарындағы беделді оқу орталықтарының бірі.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "психология" пәнінің де маңыздылығы даусыз, өйткені ол студенттерге табиғаты мен мінез - құлқын кешенді және терең түсінуді қалыптастыруда өте маңызды рөл атқарады. Осылайша, біз психологияда терең зерттелетін “Тұлға құрылымындағы темперамент, мінез және қабілет” тақырыбына тоқталып кетсек.
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Уеиверситеті ғылыми - білім беру және қоғамдық өмірдің түрлі оқиғаларына бай, ол жастардың ынта - жігерімен және тәлімгерлердің даналығымен, білімнің қуатты энергиясымен және ғылыми ойдың күшімен қаныққан. Студенттердің, оқытушылар мен ғалымдардың көптеген ұрпақтарының шығармашылық ізденісі мен қажырлы күнделікті еңбегі еліміздің алғашқы университетінің даңқты тағдырын айқындады. Университет Халықаралық университеттер қауымдастығының мүшесі және Еуразиялық университеттер қауымдастығының тең құрылтайшысы бола отырып, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындары арасында бірінші болып Болонья қаласында Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. Сонымен қатар, біздің университет QS World University Rankings рейтингінде 150 - ші орында, еліміздің жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып QS Stars - "Төрт жұлдыз" артықшылық белгісіне ие болған, Әл - Фараби әлемнің үздік 210 жоғары оқу орнының қатарына енген универлер қатарындағы беделді оқу орталықтарының бірі.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "психология" пәнінің де маңыздылығы даусыз, өйткені ол студенттерге табиғаты мен мінез - құлқын кешенді және терең түсінуді қалыптастыруда өте маңызды рөл атқарады. Осылайша, біз психологияда терең зерттелетін “Тұлға құрылымындағы темперамент, мінез және қабілет” тақырыбына тоқталып кетсек.
Психология – адамның психикасы мен мінез - құлқын, сондай - ақ қоғамдағы жеке адамдардың өзара әрекетін зерттейтін ғылым. Ол адамның тәжірибесін, оның ішінде ойларды, эмоцияларды және әрекеттерді түсінуде маңызды рөл атқарады. Психологияның қоғам және әрбір адам үшін маңызын асыра бағалау қиын, өйткені ол адамның ішкі дүниесін және оның қоршаған ортамен қарым - қатынасын түсінуге көмектеседі.
Сонымен қатар, психологияда тұлғаға өзінің ерекше әсерін тигізетін «темперамент, мінез жіне қабілет» ұғымдары бар.
Ең алдымен, «тұлға дегеніміз кім?»- деген сұраққа жауап беріп алайық.
Тұлға дегеніміз ол тұрақты психологиялық сипатамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның ортасы үшін маңызды мәнге ие.
Тұлға құрылымын қарастырғанда оған қабілеттерді, темпераментті және мінезді енгізеді.
«Қабілеттер» дегеніміз бұл түрлі іс - әрекеттердегі табыстарын анықтаушы адамның жеке басының тұрақты қасиеттері.
«Қабiлет» түсiнiгiнiң бүгiнгi ғылым қабылдап отырған үш негiзгi көрсеткiшiн атайық:
1. Қабiлет – бiр адамды екiншiсiнен ажырататын дара психологиялық ерекшелiк. Баршаға бiрдей тəн қасиеттерi қабiлет бола алмайды.
2. Қабiлет – барша тұлғаға тəн болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бiр не бiрнеше iс - əрекеттi табысты орындауға жарайтын өзара ептiлiк.
3. Қабiлет – нақты адамда топталған бiлiм, ептiлiк жəне дағдылардан оқшау, қажет əрекеттi игеру желiсiнде ғана көрiнедi.
Темперамент — организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс.
Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ.
Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» — қан, шырыш, өт, запыран — өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді.
Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangius – қан), флегматик(phlegma – шырыш), холерик (chole — өт), меланхолик (melaschole – запыран). Олардың әр қайсысына қысқаша тоқтала кетсек:
• Сангвиник - бұл тип өкілі - еті тірі, қабілетті, қозғалғыш адам. Ондай адам ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді.
• Флегматик - бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Адамдармен қарым - қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады және орынсыз сөйлемейді. Көңіл - күйі тұрақты.
• Холерик - бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым - қатынаста тынымсыз, агрессивті, шамданғыш болып келеді.
• Меланхолик - бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы, үйде ондай адамдар өздерін жақсы ұстап, іс - әрекеттерді жақсы орындайды.
Тұлғаны қалыптастыратын келесі ұғым “Мінез”. Мінез — әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы.
Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған — ертедегі грек философы Теофраст (б. з. д. IV — III FF). Бірақ, ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді. Лабрюйер де (XVIII ғ.) «Теофраст мінездері» деген еңбегінде мінезді осы мағынада қолданған.
ХІХ ғасырда француз ғалымы А. Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл - ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. Т. Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі педагог П. Ф. Лесгафт ерік қасиеті деді.
Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алсын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын саналы өзгешілік. Ол көп қасиеттің бірлігі, адамды әр қырынан көрсететін қасиет.
Қазіргі уақытта психология өмірдің әртүрлі салаларында, жеке дамудан бастап медицина мен бизнеске дейін шешуші рөл атқарады. Қазіргі қоғамдағы психологияның маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес себебі, психология бизнес пен ұйымдарда маңызды рөл атқарады. Адамның мінез - құлық механизмдерін түсіну көшбасшылар мен менеджерлерге салауатты және өнімді жұмыс ортасын құруға, қақтығыстарды басқаруға, қызметкерлерді ынталандыруға және топтық жұмысты дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар, осы мақалада қарастырып кеткен «Тұлға құрылымындағы темперамент, мінез және қабілет» тақырыбына келетін болсақ, бұл тақырып денсаулық пен өзін - өзі дамыту саласында темперамент пен мінезді зерттеу адамдарға өз қажеттіліктері мен ұмтылыстарын жақсы түсінуге, сондай - ақ өзін - өзі реттеу мен өзін - өзі дамыту стратегияларын дамытуға көмектеседі.
Осылайша, «Тұлға құрылымындағы темперамент, мінез және қабілет» тақырыбын қоса алғанда, психологияны зерттеу әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім беру процесінде маңызды рөл атқарады, студенттерге өздерінің жеке қасиеттерін дамытуға ғана емес, сонымен қатар қазіргі қоғамға сәтті бейімделуге және өздерінің кәсіби әлеуетін іске асыруға көмектеседі.
Тленчиева Н. С.
Педогогика ғылымдарының кандидаты.
Жусупекова Ә. Ж.
Клиникалық психология мамандығының 1 курс магистранты.
Таттығали Рауза
«Менеджмент» мамандығының 1 курс студенті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Тұлға құрылымындағы темперамент, мінез және қабілет
- tattygalirauza
- 28 сәуір 2024
- 86
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Психология, Темперамент, ҚазҰУ, Менеджмент
Ұқсас жаңалықтар:
Темперамент - жеке қасиеттер жиынтығы
Қазақстандағы жоғары оқу орындарының қара шаңырағы, Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сонау 1934 жылы өз есітерін ашқалы отандық кәсіби...Психологияны зерттеудің маңызы
Өзімнің оқып жатқан университетіме шолу жасасам. Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстандағы жетекші көпсалалы жоғары оқу орны...Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дағы “Психология” пәні, білім бағдарламасы
Кәсіби қызметтегі сәттіліктің бірі - университет пен мамандықты дұрыс таңдау. Сондықтан, алға қойылған мақсатқа алғашқы және маңызды қадам ретінде...Психология ұғымы және оның бағыттары
Әл - Фaрaби aтындағы Қазақ Ұлттық университеті – Ортaлық Азияның ең беделді және ең құрметті университеттерінің бірі. Университетте психология...Темпераментті анықтау тесті
Мақсаты: Оқушылардың темперамент типін анықтау Берілген пікірлердің ішінен өзіңізге тән дегенін белгілеңіз. 1. а) Мазасыз, күйгелексіз. б) Көңілді,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.