Сайтқа кіру Тіркелу

Әлеуметтік мінез - құлықтың биологиялық астары

Әлеуметтік жантану
Әлеуметтік мінез - құлықтың биологиялық астары
ХХІ ғасырдың әлеуметтік психологиясы бізге мінез - құлқымыздың биологиялық негіздерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Біздің әлеуметтік мінез - құлқымыз – терең биологиялық тұрғыдан алғанда да даналықтың көрінісі.
Жантану негіздерін меңгерген әрбір адам бізді табиғат пен тәрбие бірлесе отырып қалыптастыратынын біледі. Осыған ұқсас, тік төртбұрыштың ауданы – енін ұзындығына көбейтумен есептелетіні сияқты, адамдар да – биология мен тәжірибенің бірлескен өзара әрекеттесуінің нәтижесі. Эволюциялық психологтер бізге өмір сүру һәм ұрпақ қалдыру үшін ата - бабаларымыз өздерін қалай ұстаса, бізге де өзімізді солай ұстау адамдық табиғатымыздың арқасында берілгенін есімізге салады. Біз өмір сүруге және ұрпақ қалдыруға мүмкіндік берген тұқымдарды (гендерді) тасымалдаймыз. Мінез - құлқымыз да ДНҚ - мызды (дезоксирибонуклеин қышқылы, әрі қарай – ДНҚ) болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталған. Содан эволюциялық психологтерді табиғи сұрыпталу – танысу мен жұптасу, жек көру мен зиян келтіру, қамқорлық пен бірлікке қатысты әрекетіміз бен қайтаратын жауабымызды алдын ала қалай білетініміз қызықтырады. Табиғат сондай - ақ бізге әртүрлі жағдайларға үйрену және бейімделу қабілеттерін берген. Біз өзіміздің қоғамдық мәнмәтінімізге бейімделгішпіз һәм соған қарай әрекет еетміз.
Егер әрбір психологиялық жайт (ой - пікір, эмоция, мінез - құлық) тап сол уақытта биологиялық жағдай болса, онда біз сонымен қатар нейробиологияның әлеуметтік мінез - құлықты қалай түсіндіретінімен таныса аламыз. Біздің жақсы көру мен жек көру, көмектесу мен агрессия, қабылдау мен сену сезімдеріміз мидың үнемі белсенді жұмыс істеп тұруы үшін, кейбір зерттеулер көрсеткендей, ынталандыру қажет пе? Жылы шырай танытқанда, әлеуметтік жағынан қорғалған адам ұялшақ адамға қарағанда ми қыртысындағы марапатқа байланысты аумақта жауап бере ме? Ми, ақыл және мінез - құлық үйлестірілген бір жүйе ретінде қалай қызмет атқарады? Мидағы оқиғалар хронологиясы туралы ақпараттарды өңдеу нені көрсетеді? Бұл сұрақтар әлеуметтік нейроғылыммен айналысатын ғалымдарды да ойландырады.
Әлеуметтік нейробиологтер көмектесу немесе зиян келтіру секілді күрделі әлеуметтік мінез - құлықтарды жай нейрондық немесе молекулалық механизмдер деңгейінде бүге - шігесіне дейін бейнелеуге талпынбайды. Әрбір ғылым іргелі ғылымдардың (әлеуметтану – психологияға, психология – биологияға, ол – химияға, химия – ыизикаға, ол – математикаға) қағидаларына негізделеді. Бірақ әрбір пән сонымен бірге іргелі ғылымдарға бұрын белгісіз болған жаңа қағидалар енгізеді. Сондықтан біз әлеуметтік мінез - құлықты түсіну үшін «терінің астында» ғана емес (биологиялық), сонымен қатар «тері қабаттарының арасында» болып жатқан (әлеуметтік) ықпалды ескеруіміз қажет. Ақыл мен дене – үлкен, күрделі жүйе. Стресс гормондары біздің көңіл күйімізге және әрекетімізге ықпал етеді: тестостерон сенімді төмендетеді, ал окситоцин оны көтереді. Қоғамдық остракизм қан қысымын көтереді. Қоғам қолайлы болса, адамның ауру - сырқауға қарсы тұратын иммундық жүйесі күшейеді. Біз – био - психо - әлеуметтік ағзамыз. Біз өзіміздің биологиялық, психологиялық және әлеуметтік ықпалымыздың өзара әрекеттестігін бейнелейміз. Міне, қазіргі заманғы психологтердің мінез - құлықты әртүрлі деңгейде талдайтыны сондықтан.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×