Сайтқа кіру Тіркелу

Тербелістер

Сабақтың тақырыбы: Тербелістер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Тербелістер» тарауын қайталау, арнайы технология мен физикағылымының байланысын көрсету
Дамытушылық:
тербелістердің маңызы туралы оқушылардың түсінігін кеңейтіп, ой – өрісін дамыту, музыка аспаптарды құрылысына физикалық құбылыстардың әсері
туралы ой - өрісін дамыту
Тәрбиелік:
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын, ізденісін арттыру
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: монологтық, зерттеу
Оқыту формасы: топтық, жеке
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, музыка.
Сабақтың көрнекілігі: маятник, ішекті аспаптар: домбыра, шертер, әткеншек, бесік, магнитафон, жүрек кардиограммасы, кодоскоп, топтың аттары жазылған қағаздар, қабырға сағаты, серіппеге ілінген жүк

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа
дайындығын тексеру.
Көлді жел қозғайды,
Ойды сөз қозғайды
(мақал)

II Негізгі бөлім
1. Сабақ мақсатымен таныстыру:
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты, оқушылар, тербеліс туралы алған білімдеріңізді практикамен ұштастыра отырып, жүйелеу, қорытындылау, физика ғылымдарының байланысын, физикалық құбылыстардың осы тербеліске әсерін бағалау.
Сіздер, қазір «Зерттеушілер», «Ғалымдар», «Тапқырлар» болып үш топқа бөліндіңіздер
Әр топтың оқушылары берілген тапсырмалар бойынша кезекпен әңгімелейсіздер
Енді, тақтадағы мақалға қарасақ, көлді жел қозғайды, тыныш жатқан суға жеңіл затты тастасақ, ол суға батып, қайта көтеріледі де, оны тербетеді. Мұндай құбылыс желдің әсерінен де болады. Ал ойды сөз қозғайды, ойланып отырған адамның ойын біреудің сөзі бөледі, яғни ойы үзіліп кетеді.

2. «Сергіту» кезеңі:
Сұрақтар беріледі, әрбір топ кезек - кезек жауап береді
1. Тербелістер дегеніміз не?
2. Тербелістің қозғалыстан айырмашылығы?
3. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар?
4. Маятниктер және олардың түрлері?
5. Еркін және еріксіз тербелістер?
6. Резонанс қандай құбылыс?

3 Үй тапсырмасы әр топ өздеріне берілген тапсырмалар бойынша дайындалып келеді.
I топ. Ғалымдар
Маятниктің тербелісін теориялық тұрғыдан түсіндіру. Тербелмелі қозғалысты графиктік әдіспен көрсетеді. сағат маятнигінің тербелісі.
II топ. зерттеушілер
Шекті аспаптар, соның ішінде шертер, домбыра аспабының тербелісін, алтыбақан тербелісі, немістің ұлы композиторы Бетховен туралы, жәндік қанаттарының тербелісі, балық желбуіштерінің тербелістер.
III топ. тапқырлар
Тербелістің күнделікті тұрмыста пайдасы мен зияны(резонанс құбылыстары)
Кейбір оқушылардың айтқандарынан үзінді келтіремін
«Ғалымдар тобы» оқушылар оқулық бойынша дайындалып келгендерін айтады
«Зерттеушілер» және «Тапқырлар» тобының материалдарынан үзінді:

«Магнит тілі неге тербеледі»
Егер сезгіш магнит тілше бір сәт зер салып қарап тұрса, оның тыныш тұрмай үнемі бір жағына немесе екінші жаққа қарай ауытқып тұратынын байқау оңай. Магнит тілінің тербелістері көп болғанда күннен - күнге 15 - 20 ауытқып тұрады. Магнит тілі үнемі тыныш тұра бермейді, аздап тербеліп тұрады. Кейбір күндері ол «толқып тұрады» кенеттен және абайсызда дір ете қалады да, бір мезет тыныштала қалады, сонан - соң жан - жаққа бұрылып тыпыршиды. Тілдің тербелісі бірнеше градусқа жетеді. Осылайша бірнеше сағатқа, кейде күннен күнге созылады. Магнитологтар ондай күндерді ұйыту немесе дауылды күндер деп атайды. Ғалымдардың пайымдауынша, магнит тілінің тынымсыз тербелісі ауа райының өзгерісін, яғни дауылдың, катты желдің соғатынын білдіреді деген.

«Әткеншектің тербелісі»
Екі ағаштың арасына орнатылған әткеншекті байқасақ, ол лезде арадан өтіп, қайта оралады, қайта көтеріледі, қайта түседі. Әткеншекті алғашқысында бір шайқап жіберсең, өзінен - өзі көпке дейін тербеледі. Ал оның тербелісі жиі, өте тез өтеді. Сол екі ағаштан ұзап кетпей, оның екі аралығында қозғалады. Тоқтаған кезде сол екі ағашпен қатар сап тізіп тұра қалады.

«Домбыра шегінің тербелісі»
Ішек тербелгенде оны қоршаған ауаның бөлшектері де сондай жиілікпен тербеліп, бір жерде тұрған тербеліс ауаның екінші қабатына беріледі, сөйтіп, бастапқы тербеліс жан - жаққа тарай бастайды. Әрине, мұнда да ауаның бөлшектері тербеліске түседі де, қайтадан орнына келеді. (Домбырадан көрсету)

«Жәндік қанаттарының тербелісі»
Ірі денелі қоңыздың қанаты баяу тербеліп отырады, ал ұсақ масаның қанаты жиі тербеледі. Ірі қоңыздар қанатын секундына 100 - 120, кішкене қара шыбын қанатын 350 рет, ал, сары масаның қанаты секундына 500 - 600 рет тербеледі. Қанаты үлкен қоңыздар ұшқанда қанаттың дыбысы қаттырақ естілсе, кішкентай масаның қанаттары нәзік болғандықтан нәзік үн шығарады.

«Тербелістің пайдасы мен зияны»
Зияны: қатты тербелістен (дірілден) машина бөлшектері шыдамай «сөгіле» бастайды. Мысалы, машинаның маторы қатты айналған кезде, бүкіл автобусты солқылдатып, терезесі мен есіктер әндетіп, ызыңдай бастайды. Осы тербелістің өзі еденді, терезені, қабырғаларды бекіткен шегелерді, винттерді босатып жібереді.
Пайдасы: ұсақ тербелістер сом темірді жерге қазықтай қаға алады. Оның көмегімен кез - келген затты бір орнынан екінші орынға көшіруге болады. Жуан бағанды, не трубаны жер қойнауына батыру үшін оның жоғарғы жағына дірілдеткішті орнатып, жерге қадаса болғаны, труба жерді солқылдата босатып инедей ене бастайды.

«Резонанс құбылысы»
Резонанс көптеген құбылыстың жауы. Тіпті, теңіздерде, мұхиттарда жүретін алып кемелерді құрастырғанда оны шайқайтын теңіз толқындарының жиілігі еске алынады. Мысалы, салмағы 20000 тонна болатын кемені, периоды 6, 5 сек тең толқынның биіктігі (амплитудасы) не бары 1 метр болатын теңізге жіберсе, резонанстың салдарынан кеме бірте - бірте шайқалып, 11 - 12 метр биіктікке көтеріліп, теңселеді де, лезде істен шығады. Міне, сондықтан да кемені жасаудан бұрын ең әуелі теңіздегі толқын жиілігін зерттейді. Резонанстық жағдайды пойызбен жүргенде де жиі кездестіреміз.

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шығырлы ауылы
Ә. Молдағұлова атындағы негізгі мектебі
Физика пәнінің мұғалімі:
Амантурлина Венера Амантурлиевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
11 - сынып. Бақылау жұмысы. І жарты жылдық

11 - сынып. Бақылау жұмысы. І жарты жылдық

Индуктивтілігі 31 мГн катушка әрбір астарының ауданы 20 см2, ал ара қашықтығы 1 см жазық конденсаторға жалғанған....
Физика 9 сынып. Бақылау жұмысы

Физика 9 сынып. Бақылау жұмысы

Мақсаты: Оқушылардың «Тербелістер және толқындар» тарауы бойынша алған білімдерін тексеру, тиянақтау, қорытындылау. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын...
«Физика және табиғат» атты саяхат сабағы

«Физика және табиғат» атты саяхат сабағы

Оқу жылының соңғы сабағы әдеттегідей өзгеше қайталау түрінде өткізуде тәжірибеге енгіздім. Бұл сабақ әр жылы әр түрлі бір - біріне ұқсамай өтеді....
Тербелмелі қозғалыс және оны сипаттайтын шамалар (Бесікке салу)

Тербелмелі қозғалыс және оны сипаттайтын шамалар (Бесікке салу)

Семей қаласы, “Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің” қазақ тілі мен әдебиеті пәні...
Тұрақты жел

Тұрақты жел

Атырау қаласы, № 3 орта мектебінің география пәні мұғалімі Озғанбаева Гүлден Оразғалиқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×