Сайтқа кіру Тіркелу

ҰБТ - білім бәйгесі

ҰБТ – білім бәйгесі
Мақсаты:
 Оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін практикада қолдана білу;
 ҰБТ - ға сапалы дайындық жұмыстарын ұйымдастыру;
 Оқушылардың тест тапсырмаларын орындауда жауапкершілікпен қарауға оқу үлгерімін жоғарылатуына ынталандыру;
 Тақырыптық тест тапсырмалары бойынша жұмыс жүргізу
Міндеттері:
 Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, іздену бағытын дамытуға көмектесу
 Оқушыға білім беруде әр түрлі әдіс - тәсілдердің ең тиімдісін таңдап алу
 Физиканың негізгі заңдылықтарымен кеңінен таныстырып, берілген тақырыптар бойынша есептерін шығара білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже:
 Оқушылар тест сұрақтарын түсінеді;
 Дұрыс жауапты таңдау әдістерін біледі;
 Оқушылардың тест сұрақтарын шешу дағдысы дамиды;
 Есеп шығару дағдысы жақсарады;
 Оқушылар өз бетінше тест құрай алады.

Түлектерді ҰБТ – ға дайындау бойынша жүргізілетін жұмыс түрлерінің кезеңдері:
1 - кезең. Диагностикалық:
- Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау,
- Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау;
- ҰБТ - ны өткізу ережелерімен және ұсыныстарымен танысу.
2 - кезең. Практикалық:
- Тест жинақтарымен жұмыс;
- Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;
- Топтық және жеке дайындық;
- Тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.
3 - кезең. Синтетикалық (анықтаушылық):
- Тақырыптар бойынша бақылау тестілері,
- Мониторинг;
- Қатемен жұмыс парағын жүргізу;
- Психологиялық тренинг ұйымдастыру және өткізу. Оқушыларды ҰБТ - ға дайындау алдында көптеген психологиялық зерттеулер мен іс - шараларды жүзеге асыруға тура келеді екен.

Әсіресе физика пәнінен ҰБТ - ға дайындау үшін қандай психологиялық аспектілерді назарға алу қажеттігіне тоқталайық. Олардың ең маңыздысы:
1. Ақыл - ой даму деңгейі
2. Оқушы қабілеті
3. Қызығушылығы
4. Ерік - күшінің деңгейі (жоғары, орташа, төмен)
Осы іс шараларды жүргізгеннен кейін физика пәнін таңдаған оқушыларды психологиялық ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлеміз.
Мысалы дербестеп оқытуды зерттеген Е. С. Рабунский оқушылардың 39 дербес
ерекшеліктерін анықтай келе, оларды мынадай сапаларына қарап біріктіруді ұсынған.

Оқушыларды тест тапсырмаларымен жұмыс істеуде технологиялық дайындықтың жұмыс жүйесі.
Нәтиже және қорытынды сабақтарда тест тапсырмаларын пайдалану.
Тест түрлері
1. Тақырыптық тест.
2. Тараулық тест.
3. Жаттықтыру тест
а) сәйкестендіру;
ә) “Ия”, “Жоқ” тест;
б) толықтыр. Мысалы: Жол ________ шама
Орын ауыстыру _______ шама

Тестке дайындаған кезде оқушыларға көбіне өз тәжірибемде тірек сызбаларды, кестелерді көп пайдаланамын.

ҰБТ - ға дайындаудың тиімді әдіс - тәсілдерінің бірі
Үш түрлі қаламсап алу: көк, жасыл және қызыл!
Көк сиялы қаламмен өзің жауабын білетін сұрақтардың тұсына белгі соқ!
Ал қиналып болса да жауап беретін, жауабыңа сенімсіз қарайтын сұрақтар тұсын жасыл сиялы қаламмен белгіле.
Өзің мүлде білмейтін сұрақтар тұсына қызыл сиялы қаламды қолдан.
Егер онлайн түрінде тапсырсаң, сұрақ нөмірін жазып ал. Ал бақылау кітапшаларына келетін болсақ, міндетті түрде белгі қоюды ұмытпа?!
Әртүрлі түстегі жауаптар арқылы, сен өз деңгейіңді көресің. Әрі осал тұстарыңды анықтап аласың.
Осылардан соң қайталауға көшуге болады. Қызыл сиямен белгіленген сұрақтарды үсті - үстіне қайталап, осы орайлас тақырыптарды жан - жақты қарастыр. Әрі қарай өзің білетін тақырыптарға көз қырын салсаң да жеткілікті.
Қауіп тудыратын күмәнді сұрақтарды әр күнгі жоспарға белгілеп қойып, тиянақты және тыңғылықты жұмыс атқар.
Аяғында оқу жоспарын бір қарап шық. Сол арқылы сенің қызылды - жасылды түстегі сұрақтарға деген жауапкершілігің көрінеді. Бұл сенің болашақтағы ұмытып қалмауың үшін жасалған қадам.

ҰБТ сынама нәтижелері бойынша қорытынды
 Егер оқушы тақырыптарды орта деңгейде білсе, 11 сұраққа дұрыс жауап бере алады;
 Оқушыларды сұрақты түсіне оқуға жаттықтыру керек;
 Қосымша материалдармен жұмыс жасауға көбірек көңіл бөлу керек;
 Тест тапсырмаларын шеше отырып, оқушылар өз білімін әрі теориялық жағынан, әрі практикалық жағынан толықтырады;
 Оқушыларды назарлылыққа, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, уақытты бағалай білуге баулу керек;
 Әр оқушы өз біліміне сенуі керек;
 Кез келген сабақта өткен тақырып материалдары бойынша пысықтап отыру (3 - 5 минут), бұл – оқушылардың жадын жаттықтырар еді деп ойлаймын.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Заң бойынша тест сұрақтары №1

Заң бойынша тест сұрақтары №1

Заң бойынша тест сұрақтары, тестен өтіп өз біліміңізді тексеріңіз! Әр бес жыл сайын мұғалім өзінің біліктілігін көтеріп, аттестациядан өтуі міндетті...
Менделеев - Клапейрон теңдеуі. Газ заңдары

Менделеев - Клапейрон теңдеуі. Газ заңдары

Менделеев - Клапейрон теңдеуі жайлы мағлұмат беру Менделеев - Клапейрон теңдеуінің формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету...
Оқушыларды жаратылыстану - математика бағытындағы пәндер бойынша ҰБТ - ға д ...

Оқушыларды жаратылыстану - математика бағытындағы пәндер бойынша ҰБТ - ға д ...

Оқушыларды жаратылыстану - математика бағытындағы пәндер бойынша ҰБТ - ға дайындаудың ерекшелігі мен әдістемесі...
«Металлдар» екі деңгейлі сынақ-сабақ

«Металлдар» екі деңгейлі сынақ-сабақ

Мақсаты: тақырып бойынша оқушылардың білім деңгейлерін тексеру, сандық есептерді шығару дағдыларын бақылау....
Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесін жақсартудың жолдары

Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесін жақсартудың жолдары

Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесін жақсартудың жолдары Каримова Актоты Олжабаевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×