Сайтқа кіру Тіркелу

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар

Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Сабақтың мақсаты: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар ұғымдарын айналадағы мысалдар арқылы түсіндіре отырып, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарға, жылдамдық және оның бірліктері туралы түсінік беру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, қозғалыс туралы білімдерді жетілдіру.
б) Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке, іскерлікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері. Диалогтық оқыту. Бағалау. АКТ қолдану. Бағалау.
Сабаққа қолданылатын құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, бағалау парағы, магнит, А - 3 қағаздар, түрлі түсті қағаздар, маркер, қарындаштар, клей, т. б.
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет,

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезең: а) Сәлемдесу.
ә) Оқушыларды түгендеу. Топқа бөлуі.

Әр топтың жетекшілерін сайлаймыз. Топ жетекшілерінің мақсаты: топтағы оқушылардың білімдерін сабақ барысында бағалап, бағалау парағына түсіріп отыру.
Тренинг (сабақ басталарда оқушыларға психологиялық дайындық жасаймын).
Оқушылар, өткен сабақта қандай ұғымдармен таныстыңыздар, қане естерімізге түсірейік: Материалдық нүкте. Қозғалыстың салыстырмалылығы. Жол және орын ауыстыру. Траектория.

II. Үй тапсырмасын тексеру (5мин) 1. Сұрақ – жауап.
Оқушылар, өткен тақырыпты еске түсірейік. Әрбір оқушы өздеріне қойылған сұрақтарға қысқа және нақты жауап беруге тырысыңыздар.

1. Материалдық нүкте деген не? (Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.)
2. Қозғалыс траекториясы деген не? (Дененің немесе материалдық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі)
3. Дене қозғалысының түзу сызықты немесе қисық сызықты екенін қалай ажыратамыз?
( Траекторияның түріне қарап ажыратады. Мысалы, шеңбер бойымен парабола бойымен т. с. с)
4. Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай? Жауабы: қисық сызықты қозғалыс (шеңбер бойымен).
5. Жүрілген жол дегеніміз не? (Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. Оны S әрпімен белгілеу белгілейді)
6. Орын ауыстыру деп нені атайды?(Дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын осы бағытталған кесіндіні айтады. Орын ауыстыру векторлық шама болғандықтан, оны нұсқама қойып, S әрпімен белгілейді)
Сiздер екi бағанадан тұратын кестені көріп тұрсыздар. Бірінші бағанада жол, екінші бағанада уақыт. Сіздің міндетіңіз теңдікті түрлендіру. Тапсырманы орындауға 3 минутты уақыт беріледі. Сәттілік тiлеймiн! (берілген тапсырманы жұмыс дәптерлеріне орындайды)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Орта мерзімді жоспарлау

Орта мерзімді жоспарлау

1. 1 Қозғалыс материяның ажырамас бөлігі  қозғалыс материяның ажырамас бөлігі жайлы мағлұмат беру  қозғалыс заңдарының формуласын есеп шығаруда...
Қозғалыс - материяның ажырамас қасиеті

Қозғалыс - материяның ажырамас қасиеті

Табиғаттағы денелердің орын ауыстыруына байланысты туындайтын механикалық қозғалыс туралы білім беру;...
Кинематика негіздерін қайталау

Кинематика негіздерін қайталау

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол орта мектебінің физика математика пәнінің мұғалімі Сүгірова Гүлім Сағынғалиқызы...
Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы

Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы

Оқушыларға механикалық қозғалыс, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы туралы түсінік Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға...
Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйелері

Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйелері

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үңгіртас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен ММ физика пән мұғалімі Азат Сейылқан Сабақтың мақсаты: 1....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×