Сайтқа кіру Тіркелу

Физика сабағында ақпараттық технологияны қолдану

Бұл жұмыста мен пәнаралық байланыс туралы айтамын. Физиканың басқа пәндермен байланыса отырып өткен сабақтардың тиімділігі туралы

Физика сабағында ақпараттық технологияны қолдана отырып пәнаралық байланыс негізінде білім сапасын арттыру.

Мақсаты: 1. Физиканы оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың әдіс - тәсілдерін көрсету.
2. Физиканы оқытуда пәнаралық байланысты қолданудың тиімділігін көрсету.
ХІХ ғасырда өмір сүрген белгілі шығыстанушы Әбубәкір Диваев былай деген екен: «Білімнің нұры себілмейінші, бірде - бір озық ел бола алмайды». Егемен Қазақстанның гүлденген өркениетті ел болуы, бүгінгі жастардың көзі ашық, білімді азамат болып жетілуіне байланысты.
Қазіргідей санның сапаға ауысуы кезеңінде, ұстаз алдында мынадай талап, міндеттер туындайды:
- ұстаздың алдымен өзінің білімді болуы;
- шәкірттерінен білімді талап етуші болуы;
- білімді тыңдаушы болуы;
- сонымен қатар білім жолындағыларды қолдаушы болуы.
Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты - өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланы шығармашылыққа шыңдау, баланың өзіне деген сенімін туғызу.
Жаңа формация мұғалімі – рухани – адамгершілігі, рефлекцияға қабілетті, ақпараттық – коммуникативтік, әлеуметтік – тұлғалық және басқа да құзырлылықтары қалыптасқан, шығармашыл ұстаз.
Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру оқытылатын барлық пәндерді қамтитын күрделі үдеріс. Соның ішінде, әсіресе, жаратылыстану цикліндегі пәндердің, оқушылардың санасына әлемнің біртұтастығы туралы түсінікті қалыптастырудағы маңызы ерекше. Ал табиғат құбылыстары жайлы біртұтас ғылыми көзқарасты қалыптастыру осы пәндердің арасындағы өзара байланысты жүзеге асыру арқылы мүмкін болады.
Пәндерді бір – бірімен байланыстырып оқыту педагогика тарихында ерте кезден белгілі. Ол Я. А. Коменскийдің, И. Г. Песталотцидің, К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде зерттеліп дамытылған. Я. Коменский оқу пәндерін байланыстырып оқыту кезінде студенттерде оқу материалы жайлы толық мағлұмат қалатынын, оның терең, әрі жүйелі білімнің шарты екенін түсіндіре келіп, пән аралық байланыстың мақсатты және тиімді болуына мән береді. Пәнаралық байланыс мәселесі жан – жақты әрі жүйелі түрде ұлы орыс педагогы К. Ушинскийдің еңбектерінде де дәлеледенді. Оның пікірінше әр түрлі ғылым саласынан тамшылап берілетін ғылым, адамның сыңарында жаттанды түрде жинақталмай, сапалы түрде меңгерілуі керек. Білім сонда ғана берік, жүйелі және терең болады.
Физика сабағында пәнаралық байланысты қолданудағы мақсатым: Физика пәні бойынша білім, білік дағдыларын қалыптастыру; Оқушылардың ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру; Өзіндік танымдық - шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдары мынандай:
• Әрбір жеке пәнді оқытқанда басқа пәндерді оқыту ісіне өз ықпалын тигізетіндей болуын көздеу;
• Түрлі пәндерді оқып үйренуде – өтілетін материалдарды уақыт жағынан үйлестіріп отыру.
• Окушылардың ғылыми теориялар мен заңдылықтарды игеруің, олардың жинақтылығымен әдістерімен, дағдыларымен сабақтастыра қалыптсатыру.
• Жалпы теориялық білім алуды және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бірыңғай әдіспен жүзеге асыру.
• Оқушыларға (білім алу, икемділік пен дағдыларды қалыптастыру барысында) бірдей талап қою.
• Оқушылардың бір пәннен білім алуға икемі мен дағдыларын пайдалана білуге әдеттендіру.
• Әр түрлі пәндердің зерттеу әдістерінің ортақтық ерекшеліктерін көрсете білу.
• Әр пән сабақтарында оқылатын құбылыстардың өзара байланысын ашып, дұрыс дидактикалық дүниетаным қалыптастыру.
Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың әдіс – тәсілдері
1. Пәнаралық сипаттағы сұрақтар беру;
2. Жүйелі тапсырмалар орындау;
3. Пәнаралық сипаттағы есептер шығару;
4. Пәнаралық сипаттағы үй тапсырмаларын беру;
5. Пәнаралық сипаттағы бақылау жұмыстарын орындау;
6. Әр түрлі өзара байланысы бар әдебиеттерді қолдану;
7. Оқу барысында кездесетін пәнаралық сипаттағы қиындықтарды шешу.

Интегративті білім беруді ұйымдастырудың түрлері:

1. Интегрированный жүйелі оқу күні;
2. Пәнаралық факультатив;
3. Пәнаралық сипаттағы сыныптан тыс жұмыс;
4. Жан - жақты Комплексная экскурсия;
5. Комплексный семинар;
6. Қоғамдық білім тексеру Общественный смотр знаний;
7. Пәнаралық сипаттағы сабақ.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері

Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері

Бүгінгі таңда дарынды бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын...
Физика сабағында ақпараттық технологияны қолдану

Физика сабағында ақпараттық технологияны қолдану

Астана қаласы, М. Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжінің физика пәні оқытушысы Тулегенова Сабиткул Кожахметовна...
Кіріктірілген білім беру бағдарламасы

Кіріктірілген білім беру бағдарламасы

Кіріктірілген білім беру бағдарламасы негізінде топтық оқыту әдістемесі арқылы үштілдік мақсатты жүзеге асыру биология пәні мұғалімдері Карамурзина...
Математика курсын оқытудағы пәнаралық қатынастар

Математика курсын оқытудағы пәнаралық қатынастар

Педагогикалық сөздікте пәнаралық қатынас түсінігін оқулық бағдарламаның өзара келісімі деп анқтаған. Пәнаралық қатынастар оқушылардың білімін...
Бейнелеу өнері сабағында пәнаралық байланыстың  маңызы үлкен

Бейнелеу өнері сабағында пәнаралық байланыстың маңызы үлкен

Шалмагамбетова Гаухар Мейрамовна Жезқазған қаласының жалпы білім беретін №10 орта мектебінің бірінші санатты бейнелеу өнері, сызу және технология...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×