Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік - тақырып бойынша мазмұнын, ғылыми негізін меңгерту
2. Дамыту - тақырып мазмұны негізінде оқушылардың пікірін қалыптастыру, ой - өрісін дамыту.
3. Тәрбиелік - оқушыларға адамгершілік, ақыл - ой, гигиеналық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Көрнекілік: слайд, зарядтайтын денелер, шыны, эбонит таяқшалар, электроскоп, султандар.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылардың сабаққа дайындығы,
б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
II. Жаңа сабақ: 1) Балалар, алдыларыңда тарақ, қалам, екі целлофан қағаз, қағаз қиқымдары тұр.
Сұрақ: - қағаз қиқымына қаламдарыңды, шашқа тарақты, екі целлофан бетті бір - біріне тигізіп көріңдерші, не байқадыңдар?
Жауап: - ешнәрсе
Енді, тарақпен шашты тарап, бір - біріне жақындатыңдар, қаламды шашқа үйкеп, қағаз қиқымына жақындатыңдар, екі целлофанды үйкеп бір - біріне жақындатыңдар, не байқадыңдар?
Оқушылар жауап береді.
Ендеше, үйкегеннен кейін ұсақ денелерді өзіне тартатын денелерді электрленген деп атаймыз «Электр» деген сөздің өзі Гректің «Электрон» деген сөзінен шыққан.
2) «Электрленудің ашылуы туралы аңыз» оқып беру.
3) Электрлену, тек үйкегенде ғана емес, соққы кезінде, жарылыс кезінде де пайда болады.
Үйкелеу - денелердің жанасып, ажырасу процесі, жанасу ауданы ұлғайтылады, яғни денелердің электрлену ықтималдығы артады.
4) Шыны, эбонит таяқшалармен тәжірибелер жасап көрсету.
Электрлеуге әрқашан екі дене қатысады, екеуі де электрленеді.
Электрленгеннен кейін денелер бір - біріне тартылуы да, тебілуі де мүмкін, өздерің көрдіңдер.
Егерде бір - бірінен тебілсе олар аттас зарядталған, ал егерде бір - біріне тартылса әр аттас зарядталған деп есептеледі.
Денелердің зарядын анықтай алмаймыз.
Шартты түрде жібекке үйкелген шыны таяқша - ОҢ, ал жүнге үйкелген эбонит таяқша – ТЕРІС зарядталған деп келісілген.
Бұл жағдайда жібек те, жүн де электрленеді, бірақ қарама - қарсы зарядталады.
Эбонит - жүн, шыны - жібек сияқты жүйелерді оқшауланған жүйе деп, немесе тұйықталған жүйе деп атайды. Бұл жүйедегі электрлену құбылысы электр зарядының сақталу заңына бағынады.
Тұйықталған жүйедегі денелердің электрленуінің барлық құбылыстарында электр зарядтарының қосындысы сақталады.
q1+ q 2 +... + q n = const.
Осы заң бойынша, егер дене оң зарядқа ие болса, онда екінші дене модульі бойынша өзара тең, бірақ теріс заряд алады.
Қалыпты жағдайда денеде оң және теріс зарядтары бірдей мөлшерде болады да, қосындысы нольге тең болғандықтан зардталмаған деп айтамыз.
Мысалы: математикада (5)+(- 5)=0
Сонымен, денелер электрленген болса олар бір - бірінен тебіледі немесе бір - біріне тартылады. Осы тартылу, тебілуіне қарап денелерге заряд берілгендігін анықтауға болады. Сондықтан дененің электрленгендігін анықтауға арналған прибордың құрылысы зарядталған денелердің өзара әсеріне негізделген. Бұл прибор электроскоп ( гректің электрон және скопео - бақылау деген сөздерінен шыққан).
5) Электроскоппен таныстыру.
Зарядталған электроскопқа қолымызды тигізсек ол зарядсызданады, біздің денеміз арқылы жерге өтіп кетеді, ал егерде шыны немесе эбонит таяқша арқылы жерге жалғастырсақ, электроскоп зарядын жоғалтпайды.
Электр зарядын өткізу қабілетіне қарай заттар электр өткізгіштер және өткізбейтіндер болып екіге бөлінеді.
Өткізгіштер: зарядтар еркін қозғала алатын заттар, оларға жататындар - металл, топырақ, тұздар, қышқылдар, адам денесі, малдың денесі, ылғал жер.
Өткізбейтіндер: фарфор, эбонит, шыны, янтарь, резеңке, жібек, капрон, пластмасса, керосин, ауа. Оларды диэлектрик немесе изоляторлар деп атайды.
III. Қортындылау.
1) «Электр» сөзі қайдан шыққан?
2) Электрлеуге неше дене қатысады?
3) Дененің электрленгендігін қайдан білеміз?
4) Зарядтың неше тегі бар?
5) Олар бір – бірімен қалай әсерлеседі?
6) Дененің электрленгендігін анықтайтын прибор?
7) Электр зарядын өткізу қаблетіне қарай денелер қалай бөлінеді?
8) Өткізгіштерге қандай денелер жатады?
9) Өткізбейтіндерге қандай денелер жатады?
IV. Кестені толтыру.
Не істедік Не байқадық Қорытынды
V. Слайд арқылы ауызша есептер шығарту.
VI. Есептер жинағынан есептер шығарту. №380, 381, 385, 395, 397.
VII. Үйге тапсырма: §28, 29. Есеп № 404, 405
Денелердің электрленуі. Электр заряды
- Бақыт Смагулова
- 21 қазан 2014
- 12646
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Денелердің электрленуі, электр заряды
Ұқсас жаңалықтар:
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергіс
...Электр заряды. Электрлену. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы.
БҚО, Орал қаласы, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі физика, информатика пәнінің жоғарғы санатты оқытушысы Қайырлиева Кенжегул...Электр заряды. Электрлену. Электр зарядының сақталу заңы.Кулон заңы
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Электр заряды. Электрлену. Электр зарядының сақталу заңы туралы ұғым қалыптастыру. Олардың қасиеттеріне тоқталу. б)...Суперпозиция принципі
Алматы облысы, Балхаш ауданы Береке орта мектебі Нұрханова Ләззат Сүйеубайқызы...Электр өрісі
ШҚО,Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы «Благодарное орта мектебі» КММ Физика пәнінің мұғалімі: Тойшыбекова Күміс Қапашқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.