Тақырыбы: Қызықты физика
Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу.
1 - бастаушы: Құрметті қауым! Сіздер бүгін физиканың қызық та, қиын сұрақтарына жауап беріп,
Күнделікті көріп жүрген үйреншікті құбылыстың өзінде қаншама физика заңдылықтары жатқандығының куәсі боласыздар.
2 - бастаушы: Табиғатта физикалық құбылыс сансыз көп, сол жайлы оқып білгендеріңді ортаға салып білмейтін біраз құбылыстарды бүгінгі біздің кешімізден яғни физиканың ғажайып әлемінен табасыздар.
1 - бастаушы: Физика терең ойлап, көп толғанды, тәжірибе жасап, көз жеткізгенді жақсы көретін пән, асығыстықты, жалқаулықты сүймейді.
2 - бастаушы: Ал достар ғылымдардың ғылымы әрбір істі шешуге көмектесуші, қызық та ғажайып әлемге саяхат жасайық!
Физика жайлы лирика
1. Физика!
Ғылымдардың нақтысы,
Жалқаулықты сүймейтін,
Оңайлықпен бас имейтін, Динара
Көп оқымасаң миыңа кірмейтін,
Жалпылауды білмейтін
Пәннің қиын да жақсысы!
2. Физика!
Оның қиындығы сонда,
Ұстауға келмейтін қолға,
Көрінбейтін көзге торға,
Бөлшектерді іліп,
Санайтынын қайтерсің, Айсана
Ол, ол ма?
Исі жоқ, ізі жоқ,
Дәмі жоқ, түсі жоқ,
Өріспен
Қуалап салар жолға!
3. Физика!
Өте ұсақ пен алыпты,
Мұнай мен жарықты,
Пайдаланып,
Не бір техникаға жарытты.
Тұрмысты жеңілдетіп, Ақзия
Қиындықтан арылтты.
Жасай бер жаса физика!
Оқумен сені қызыға,
Көп сырға жаным қанықты.
4. Физика!
Физика ғылым болғалы,
Пайдасын елге тигізді:
Машина, темір арбаны, Нұрхан
Алысқа жылдам жүргізді.
5. Жарық қып жерді қараңғы,
От жақпай суды қайнатты. Раушан
Шөліркеген далаңды,
Су жеткізіп жайнатты.
6. Мың шақырым қашықта,
Сөйлеген жанды үйінде,
Сыйғызып көк қапшыққа,
Көрсетті сол бір күйінде Жомарт
7. Физика заңымен Архимед,
Көрсе де біршама тауқымет, Ғасырбек
Патшаның тәжінің қаншасы,
Таза алтын екенін айтып ед!
8. Жатқанда алма ағаш қасында,
Түскен кеп бір алма басына,
Ньютонды әйгі еткен әлемге, Ғасыржан
Тартылыс күші сөйтіп ашылған.
9. Физика ғылымдар ғылымы
Заңдары нақты әрі ғұмырлы,
Жас досым мұны біз ұғайық. Ақару
Физика құрметтеуге лайық.
10. Шытырман физика есебін,
Көп оқып, көп білген шешеді.
Физика үйіңде, тұрмыста, Ақдидар
Неліктен жауады қар қыста?
11. Қалайша бұлт пайда болады?
Найзағай тіледі ауаны,
Жарықта қанша түс болады? Айғаным
Қане кім жауабын табады?
12. Күн нұры қайтіп ток болады
Ток қалай мұз жасай алады
Тауықсыз балапан баса алған Дидара
Бұл ғажап физиктер жасаған!
13. Табиғат сырын аштырған
Тоқпен қазан астырған Диана
Миллион гектар астықты
Комбайнмен бастырған
Физика емей немене?
14. Жол салып көкті тілгілеп,
Шарлады айды, марсты.
Физиканы оқы білгің кеп, Бердіхан
Тұрса егер ғажап алысты.
15. Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен Жансая
Роботтай – адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
16. Физика – ғажайып әлемі
Көп онда қызықтар әдемі, Мелсбек
Физика қоршаған жан - жағың,
Бәрінен құр босқа қалмағын!
17. Ұққанға табиғаттың сыры терең,
Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем, Ғасыр
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем.
7 - 9 сынып оқушыларынан құралған аудиторияны екі командаға бөліп бірінші командаға –«Зодиак» деп, екінші командаға «Зенит» деп ат қойып, әр командаға капитан сайлап алып сайысымызды бастайық.
I – бөлім: Жұмбақтар
II – бөлім: Қызықты тәжірибелер
III - бөлім: «Кім көп формула біледі?»
IV. Қатесін тап!
V - бөлім: «Иә» немесе «жоқ»
VI - бөлім. Ойын «Жер - Теңіз - Ауа»
VII – бөлім Шешендік. (Капитандар сайысы)
Бірінші ұсынған ойынның түрі: «Физикалық жұмбақтар».
I – бөлім: Жұмбақтар:
1. Етек – жеңі жиналмай
Дауыл тұрса дым қалмай
Түйдектеліп көшеді
Тоз - тоз болып өшеді. Жауабы: Бұлт. (1балл)
2. Электр энергиясын өндіретін,
Үйіңе жарық ендіретін,
Ротор стартордан құрылымы,
Кім айтады мұндай құрылғыны? Жауабы: Генетатор (1 балл)
3. Асып кетсе кернеуді,
Төмендетіп береді,
Кеміп кетсе кернеуді
Жетерліктей береді,
Мұны ойлап тауып ед,
Яблочков пен Усагин,
Тұтынуға қажетті,
Тауып берем кернеуді. Жауабы: трансформатор (1балл)
3. Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкті бар алап.
Көкте түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат. Жауабы: кемпірқосақ (1 балл)
4. Күндіз қасыңнан қалмайды.
Бірақ ешкім ұстай алмайды.
Қорқақ па, қараңғыға бармайды. Жауабы: (Көлеңке) (1балл)
5. Жалғыз бағыт білері,
Бұрғаныңа көнбейді.
Жол көрсетіп береді6
Бірақ өзі көрмейді. ( компас)
6. Алтын теңге кетеді,
Күміс теңге келеді. Жауабы: Күн мен Ай
7. Отқа жанбас,
Суға батпас. Жауабы: мұз (1балл)
8. Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. Жауабы: шаңғы (1балл)
9. Жылт - жылт етеді,
Жылғалардан өтеді Жауабы: Су (1 балл)
10. Жылдың төрт мезгілінде де,
Мазасызданады ол неге? Жауабы: Жел. (1 балл)
11. Бұлтты аспанның жүзінде,
Ойнайтын бұл немене? Жауабы: Найзағай. (1 балл)
12. Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды. Жауабы: Масса. (1балл)
13. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток)
14. Тетігін бассаң алаңсыз
Жазады қалам қағазсыз. (компьютер)
15. Туыстарын шетінен,
Өбеді де бетінен.
Бала - шаға ұсағын,
Бауырына қысады. ( магнит)
16. Көкке қараған, жұлдыз санаған. (телескоп)
17. Шам, плита жұмысын жасай қалды,
Ал оның есептен - ақ басы айналды. (Электр есептегш)
18. Тар шеңберді айналып,
Тұр құдықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен танбайды ( сағат)
19. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді. (күш)
20. Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсек егер де.
Басқа күйге ауысқан,
Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия)
21. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)
22. Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (күн)
II – бөлім: Қызықты тәжірибелер
1. Тәжірибе: Суы бар стакан, мұз кесектері, жіп, тұз. Осы заттарды пайдаланып, мұзды стаканнан алу керек.
Жауабы: Тұздың әсерінен мұз ериді де, жіп мұзға кіріп лезде салқындап жабысып қалады.(кристалдану, балқу)
2. Кәдімгі үрілген балалар шарын газетпен ысқылап бөлме төбесіне апарып жіберіп қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге?(Шар электрленеді.)
3. Үріліп жіпке байланған екі шарды газетпен үйкеп - үйкеп жақындатамыз. Олар бірін - бірі тебеді. Неліктен? (Аттас зарядтар тебіледі.)
4. Суы бар тарелкенің ішінен түйреуішті алу керек. Магнит бар.(Су ішіндегі темір түйреуішке, яғни су бетіне магнитті жақындатамыз, сонда түйреуіш су ішінен магнитке жабысады.. Магнит айналасында магнит өрісін тудырады, ол өріс су арқылы да тарайды.)
5. Бөтелке, қағаз, шырпы, қабығы аршылған жұмыртқа. бөтелкенің ішіне қағазды жағып, аузына жұмыртқаны қойғанда, ол ішіне кіріп кетеді. Неліктен?(Бөтелкенің ішіндегі ауаның қысымы атмосфералық қысымнан азаяды)
6. Суға картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш саламыз. сонда нені байқауға болады? (Архимед күшіне байланысты денелердің жүзуі, батуы, қалқуын)
7. Тарелкенің ішіне тиынды салып, су құямыз.
Сұрақ: тарелкедегі тиынды қолды суламай қалай алуға болады?
Жауабы: Қағазды жағып, стакан ішіне саламыз. Стаканды тезірек тиынның жанына төңкере қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкедегі су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта қалады.
III - бөлім: «Кім көп формула біледі?»
Екі топ бөлек қағазға формула жазады. Уақыт беріледі.
IV. Қатесін тап! Тапсырмалар топтарға беріледі.
1. Жаздың ашық, ыстық күндерінің бірінде тауға шықтық. Жолда ыстықтамау үшін қара киімдер киіп алдық. Алдымен құмдауыт өзен жағасымен жүріп отырдық. Құм құрғақ және таза екен, жүру өте оңайға түсті. Содан соң жол көк шалғынмен жалғасты, бұл жермен жүру қиындау болып, жылдамдығымыз азайды.
Алыстан отын шауып алып жатқан адамды көрдік, балтасының дыбысы бұтаққа тиген сәтте құлаққа келіп тұрды. Өзенге жетіп, ұйықтауға өзеннің жағасына жаттық. Кешке қарай салқындап кетті, балалар өзенге түсіп шыққаннан кейін бірден жылынып сала берді.
Су түбінде бір үлкен тас жатыр екен, ұлдардың үшеуі әзер көтеріп судан шығарып жіберді.
V - бөлім: «Иә» немесе «жоқ»
1. Аттас зарядтар бір - бірімен тартылады ма? (жоқ)
2. Заттар үш күйде болады ма? (иә)
3. Желді күні асфальт беті тез кебеді ме? (иә)
4. Жолдың өлшем бірлігі секунд па? (жоқ)
5. Ом заңын ашқан ғалым Ампер ме? (жоқ)
6. Жылдамдық бірлігі м/с (иә)
7. Температураны өлшейтін құрал динамометр ме? (жоқ)
8. Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия. (иә)
9. Уақытты сағатпен өлшейді ме? (иә)
10. Газға немесе сұйыққа түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Паскаль заңы ма? (иә)
1. Молекулалар заттың ұсақ бөлшегі ме? (иә)
2. Судың тығыздығы 1000кг/м3 - қа тең.(иә)
3. Қуаттың өлшем бірлігі вольт па? (жоқ)
4. Барометр атмосфералық қысымды өлшейді ме? (иә)
5. Өзінің пішіні мен көлемін сақтау қатты денеге тән қасиет.(иә) о
6. Дененің жерге тартылуы үйкеліс күші ме? (жоқ)
7. Мензуркамен сұйық көлемі өлшенеді ме? (иә)
8. Сұйықтың қатты күйге айналуы кристалдану ма? (иә)
9. P=pgһ қысымның формуласы ма? (иә)
10. Жұмыстың өлшем бірлігі Ватт.(жоқ)
VI - бөлім. Ойын «Жер - Теңіз - Ауа»
1 - топ «Теңіз»
2 - топ «Ауа»
Сұрақ: Осы екі сөз туралы физика, биология, химия, әдебиет тілдерінде не айта аласыңдар?
Мысалы: «Жер»
Физика тілінде: Күн жүйесіндегі тоғыз планетаның бірі. Күнге жақындығы жөнінде үшінші планета.
Биология тілінде: Жерде саналы тіршілік иесі адамдар тіршілік етеді
Әдебиет тілінде: Мақал - мәтел
Туған Жер – алтын бесік.
Химия тілінде:
VII – бөлім Шешендік. (Капитандар сайысы).
Екі топқа жазуы бар екі қағаз беріледі. Ұпайы көбірек жинаған топ бірінші болып қағазды таңдайды (қағаздар жазылған беттерімен төмен қаратылған). Қағаздарда физика және информатика сөздері жазылған.
Жүргізуші: Ал енді топ басшылары сөз сендерге. Сіздерге әрқайсысыңа дайындыққа 3 мин уақыт беріледі. Сонан соң сендер алдымызға шығып, қазіргі күнде физика не информатиканың қоғамда және өз өмірлеріңде алатын орны туралы және осы ғылымдардың адамзатқа тигізген пайдасы мен келтірген зияны жайлы сөз айтасыңдар.
{Мысалы}
пайдасы
зияны
Физика
Ғарышқа шықтық
бомба
информатика
интернет
радиация
VII. Қорытындылау бөлімі.
Бүгінгі кешімізді мына бір физиктердің өмірінен қызықты хикаялармен аяқтағым келіп тұр.
1. Ньютонның екі мысығы болыпты. Біреуі үлкен, екіншісі кіші. Мысықтарды таңертең оның мазасын алмас үшін, есікке екі тесік жасапты. Бірі үлкен екіншісі кіші. Мұны көрген көршісі Ньютонға: «Неге екеу жасадың, біреуі де жетер еді ғой»- депті. Сонда Ньютон басын қасып: «Иә, бұл керемет ой! Бірақ бұл ой маған келмеген екен,- деген екен.
2. Рентген сәулелерін ашқан физик Рентгенге біреу хат жазыпты. Хатында Рентген бірнеше сәулелерді және қалай жұмыс істеу керектігін көрсететін нұсқауды хатпен салып жіберуді сұрапты. Хат иесінің сөзіне қарағанда көкірегінде оқ қалып қойыпты. Рентген хаттың иесіне мынадай жауап жазып жібереді: «Өкінішті - ақ, қазіргі уақытта менде бұл сәулелер жоқ және оларды жіберуде көп жұмыс туғызады. Сондықтан сізден сұрарым, ең оңайы, маған сіз өзіңіздің көкірегіңізді салып жіберіңіз».
3. Ампер басқалардан ұмытшақтығымен ерекшеленген екен. Бір күні ол үйінен шығарда есігіне хат жазып кетіпті. « Мырзалар! Ампер үйде жоқ, бүгін кешке келіңіздер» - деген сөз жазылған екен. Біраз уақыттан кейін Ампер үйіне келіп хаттағы жазуды оқып, кері қайтып, үйіне кешке келіпті.
4. Ұлы ғалым Эдисонның бағына кіретін есік өте қиын ашылады екен. Қонақтардың бірі Эдисонға өзің әйгілі өнертапқыш бола тұра осы есікті оңай ашылатын етіп қою қолыңнан келмей ме депті. Сонда Эдисон: «Меніңше есік жаман құрастырылмаған, ол үйдің су құбырымен байланысқан. Әр адам цистернаға 20 литр су құйып кетеді»- деп жауап бергенде қонақтары таң қалыпты.
Осындай көтеріңкі көңіл күймен сіздерге «сау болыңдар» демекпін.
Қызықты физика
- мадина73
- 9 мам 2014
- 58410
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қызықты физика сайыс сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
«Физиканың ғажайып әлемі» атты кеш
1 - бастаушы: Құрметті қауым! Сіздер бүгін физиканың қызық та, күрделі сұрақтарына жауап беріп. Күнделікті көріп жүрген үйреншікті құбылыстың өзінде...«Көкпар» физикалық сайыс
Мақсаты: Оқушылардың нақты пәндер бойынша ой - өрістерін, білімдерін кеңейту, ізденуге, зерттеуге, тұжырымдар жасауға баулу, өз ойын ашық жеткізе...Тапқыр достар (физикадан сайыс сабақ)
Мақсаты: 1. Оқушылардың физика пәні бойынша білімдерін тереңдету, ой - өрісін кеңейту. 2. Танымдық қабілеттерін дамыту, ұжыммен жұмыс жасау...Физика сабағында оқушылардың сыни ойлауын дамыту
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Бестерек орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Оспанов Ақылбек Ануарбекұлы...Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)
Оқушылардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын, оқып – үйренудегі белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту, отан сүйгіштікке, әсемдікке,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.