Сайтқа кіру Тіркелу

Тапқыр достар (физикадан сайыс сабақ)

Тапқыр достар
Мақсаты:
1. Оқушылардың физика пәні бойынша білімдерін тереңдету, ой - өрісін кеңейту.
2. Танымдық қабілеттерін дамыту, ұжыммен жұмыс жасау біліктілігін дамыту.
3. Өз ойын ашық жеткізе білуге, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, физикалық шамалар, өлшем бірліктер
жазылған карта, ұлы ғалымдардың қанатты сөздері.

Сабақ барысы: 9 «А», 9 «Б» сыныптардың әрқайсысынан 6 оқушыдан қатысады.
Ойын 6 бөлімнен тұрады.
1 тур Таныстыру (әр топ өздерін таныстырады, эмблема газеттерін қорғайды)
2 тур Сергіту ( әр топқа 10 сұрақ беріледі)
3 тур Көрініс (физикалық көрініс)
4 тур Мәреге жету(Физикалық шама, өлшем бірлігі)
5 тур Ойлан тап ( формула құрастыру)
6 тур Кім жылдам (жанкүйерлер сайысы)
7 тур Қорытынды

Жүргізуші Армысыздар, қадірлі ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі « Тапқыр достар» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп жатады. Ендеше бүгінгі көпшілік қатысып отырған көңілді « Тапқыр достар» сайысы сіздердің көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөлесе жарқын бастамаға ұйтқы болған біздің де қуанарымыз әбден анық.
Ғалымдардың патшасы атанғансың,
Ньютон, Архимедтен бата алғансың.
Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін,
Нағыз пән физика атанғансың – дей отырып сайысымызды бастайық.
Алдымен әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

2) Сайысқа қатысатын 9 сынып оқушылары
І. топ 9 «А» сыныбы
ІІ. топ 9 «Б» сыныбы

І тур «Таныстыру» бұл турда әр топ өздерін таныстырады, уақыт 5 минут.
Жас достарым - ау, мұны жақсы ұғайық
Физика құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәнінде
Табиғаттағы қозғалыстың бәрінде
Мүмкін емес физикасыз түсіну
Физика дүние кілті бүгінде - дей отырып ендігі кезекті сайысымыздың жоспары бойынша «Сергіту сәтіне» берейік.

9 «А» сыныбына
1. Механиканың негізгі бөлімдерін ата!
2. Дененің салмағы дегеніміз не?
3. Ньютонның екінші заңы?
4. Механикалық энергияның түрлерін ата?
5. Материя дегеніміз не?
6. Траектория деген не?
7. Диффузия деген не?
8. Бірінші ғарыштық жылдамдық нешеге тең?
9. Гук заңын ата?
10. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты?

9 «Б» сыныбына
1. Толқын дегеніміз не?
2. Период деген не?
3. Амплитуда дегеніміз не?
4. Физика нені зерттейді?
5. Ауырлық күші деген не?
6. Импульс деген не?
7. Паскаль заңын ата?
8. Күшті өлшейтін құрал?
9. Ток күшін немен өлшейді?
10. Кемпірқосақ қалай пайда болады?

Жүргізуші
Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды ескен желге.
Жансызға жан бітіріп, қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.
Бірі өшіп кітаптардың бірі тозған,
Қай жүйрік Архимедті басып озған.
Жалынды патриот, батыр, ғалым,
Ғасырлар түкпірінен қолын созған.
Сайысымыздың келесі бөлімі: «Көрініс»

Жүргізуші
Балалар бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер түсіп байқап қаралықта.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп.
Соларды көре тұра қалалық па,
Даналық өшпес байлық, кетпес жарық.
Жүріңдер іздеп тауып алалық па? - деп А. Байтұрсынов атамыз айтқандай сайысымыздың келесі бөлімі «Мәреге жету»
І топ Үйден мектепке жету үшін тапсырмаларды, яғни физикалық шамалардың аттарын атау керек
ІІ топ Жерден Айға жету өлшем бірліктерді табу керек: ( 5 мин)

Жүргізуші
Табиғат сырын аштырып,
Текпен қазан астырған.
Миллион гектар астықты,
Комбайнмен бастырған.
Физика емей немене?
Шындықты алғаш таратқан.
Жыл күніңді санатқан,
Тауып ғажап жаңалық.
Жоқтан барды жаратқан,
Физика емей немене – сайысымыздың келесі бөлімі «Ойлан тап». Берілген әріптерден формула құрастыру. Уақыт – 3 минут

Жүргізуші
Танытқан бізге данагөй,
Атақты ғалым Фарадей.
Физика пәнін күш қылған,

Зеректі жанға ұқтырған - сайысымыздың келесі бөлімі «Кім жылдам». Екі топтың басшылары ортаға шығады. Берілген сөздерді жанкүйерлерге атын айтпай түсіндіреді. Олар не туралы айтқанын табу керек.
І топ басшысы: Ток, Ньютон, күш, молекула, траектория, тербеліс.

ІІ топ басшысы: Архимед, Қатты, Марс, Дифузия, Амперметр, Толқын.

Жүргізуші
Өмір дегенде,
Тіршілікте, сірә жетер ме ой.
Жарық сәуледен басқаның бәрі бекер ғой.
Бекер ғой бәрі,
Бекер ғой бәрі бөтен ғой.
Өмір дегенің бір күндік сәуле екен ғой,
Өмір осы екен сырыңа міне қанықтым.
Жаса сен мәңгі,
Жаса сен, мәңгі жарық күн! М. Мақатаев өлеңдерінде айтылғандай күндеріңіз әрдайым шуақты, жылулы болсын. Сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Физиканың ғажайып әлемі» атты кеш

«Физиканың ғажайып әлемі» атты кеш

1 - бастаушы: Құрметті қауым! Сіздер бүгін физиканың қызық та, күрделі сұрақтарына жауап беріп. Күнделікті көріп жүрген үйреншікті құбылыстың өзінде...
«Көкпар» физикалық сайыс

«Көкпар» физикалық сайыс

Мақсаты: Оқушылардың нақты пәндер бойынша ой - өрістерін, білімдерін кеңейту, ізденуге, зерттеуге, тұжырымдар жасауға баулу, өз ойын ашық жеткізе...
Термодинамиканың бірінші заңын изороцестерге қолдану

Термодинамиканың бірінші заңын изороцестерге қолдану

Изопроцестер туралы түсінік қалыптастыруды әрі қарай жалғастыру, термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану. Осы тақырып бойынша ҰБТ...
Тапқыр достар

Тапқыр достар

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапақкөл орта мектебі физика пәні мұғалімі Оразгалиева Индира Бегимсаловна...
Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Оқушылардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын, оқып – үйренудегі белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту, отан сүйгіштікке, әсемдікке,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×