Сайтқа кіру Тіркелу

Көңілді, тапқырлар клубы (класстан тыс жұмыс)

Жаратылыстану апталығы.
Класстан тыс жұмыс.
«Көңілді, тапқырлар клубы»

Жоспары:
1. Кіріспе
ІІ. «Көңілді тапқырлар клубы» сайысы.
1. Командамен таныстыру
2. Командалардың бірін - бірі құттықтауы.
3. Командалар арасында сұрақ - жауап жарысы.
4. Капитандар, сайысы (есеп шығару)
5. Электр тізбегін құрастыру.
6. Эстафеталық жарыс (перфоктура)
7. Артистер конкурсы. Пантомима.
8. Ойындар. 1. Лотерея ойыны 2. Физикалық термин
9. Көңілді тапқыштар. Кроссворд.
10. Қорытынды.

Тақырыбы: «Көңілді, тапқырлар клубы»
Мақсаты: Оқушылардың теориялық, практикалық алған білімдерін дамытып, қорытынды жасап, білім сапасының қаншалықты артықшылығын. Ой - өрістерінің дамығандығын анықтау.
Ғылыми танымдылығы: Табиғаттағы, техникадағы, күнделікті өмірдегі физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың кездесетінін және оны ұғындырып - түсіндіретін физика пәні екеніне көз жеткізу.
Тәрбиелік мәні: Дүние танымдылығын арттыру. Жан - жақты гармониялық, қызығушылық, есте сақтаушылық, ой-өріске баулау.
Көрнекілігі: Әр команда газеті, суреттер, эмблема, тәжірибеге керекті құралдар, схема, карточка, перфокарта, электр тізбегіне керекті, амперметр, вольтметр, кілт, шам, жалғағыш сымдар, цитаттар жазылған плакаттар мен түрлі сұрақтар жазылған карточка - шарлар.

Көңілді тапқырлар клубы.
Физика - әлем кеңістігінде өмір сүреді тақырыбында 7 - 8 - 9 кластар аралығында өткен «Көңілді тапқырлар клубы» атты жарыстың жоспары.
ІІ. Кіріспе. Мұғалім сөзі.
ІІІ. Команда, яғни «Гидро» мен «Аэро» атты командаларды арасындағы жарыс.

І. Оқушыларға физикалық құбылыстарды, заңдылықтарды және оны әр түрлі салада, күнделікті өмірде қолдануларын терең меңгерудің бір әдісі, және оқушы қызығушылығын арттырудың бір түрі - оқушылар арасында жарыс өткізу. Жарыс сабаққа 7 - 9 класс оқушылары қызыға қатысады. Бұл жастағы оқушылардың өздеріне тән ерекшеліктерін есепке ала отырып, жарыс сабағын қызықты ұйымдастыруға болады.
Әлем кеңістігінде өмір сүретін – физика күнделікті тұрмыстағы іс - әрекет мен күрделі техника көлемінде, ғылыми танымда кездеседі. Мысалы үйкеліс күші, аяқ киім ұлтанының желінуіне, ет, көріністерді тұздауда диффиззия құбылысы бар. Сонымен бірге жер бетіндегі тіршілікпен тығыз байланыстағы аспан әлемінде физикалық құбылыстар мен заңдылықтарға тұнып тұр десе де болады. Ең әсіресе жер мен аспан әлемінің арасында бүкіл әлемдік тартылыс күші әсер етеді. Сол себепті мұхит, теңіз, өзен сулар бу болып ұшып, табиғат құбылысының өзгерісімен қар мен жаңбыр болып жауады. Найзағайдың ойнауында физикалық құбылыс. Оны жоғары класс физика курсында танысасыңдар.

ІІ. Көңілді тапқырлар клубының жоспары
1.«Гидро» мен «Аэро» не себепті команда да атын бұлай атағандарын түсіндіру. Эмблемасымен таныстыру.
2. Командалардың бірін - бірі құттықтауы.
3. Командалар арасында сұрақ - жауап жарысы (екі - үш сұрақ көлемінде).
4. Капитандар, жарысы (есеп шығару).
5. Электр тізбегін құрастырушылар сайысы.
6. Эстафеталық жарыс (перфокарта тайыру)
8. Ойындар 1. Лотерея ойыны (формуланы дұрыс табу) 2. Физикалық сөзден физикалық терминдер атын атау (электр, метр, инерция, заряд)
9. Тапқырлар сайысы «Кроссворд»
10. Қорытындылау.
Осы берілген 10 турдың 4, 6, 8 турдан басқаларын әрбір команда өздері үйден ұйымшылдықпен, тапқырлықпен дайындап келеді.
4 тур. Капитандар жарысына мынадай екі есеп беріледі. 8 және 9 класс физикасы бойынша 8 класс.
Бер: Аккумулятор тізбегіне ұзындығы 8 м, көлденең қимасының ауданы 0, 8мм2 алюминий сым жалғастырылған. Тізбектегі ток күші 0, 3 А. Аккумулятор плюстеріндегі кернеуді табу керек 9 класс.
V1 =72 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан поезд жылдамдығын V2=108 км/сағ - қа жеткізу үшін қандай жұмыс атқаруы керек. Поездың массасы m=1000т, жылдамдықтың осы артуы ұзындығы 2000 м жолда болса, поезға қандай күш түскен. Қозғалысты бір қалыпты үдемелі деп алыңдар.

Қызылорда қаласы,
Ж. Нұрсейітов атындағы №233 орта мектептің
физика пәні мұғалімі: Нұржанова Қ. Б.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жылу, электр және жарық құбылыстары  8- сынып (тақырыптық жоспар)

Жылу, электр және жарық құбылыстары 8- сынып (тақырыптық жоспар)

Курс теориялық және практикалық бөліктерге бөлінеді. Теориялық бөлімінде экспериментальды физикалық зерттеулердің қажетті принциптері және әдістері...
Жылу, электр, жарық құбылыстары (факультатив жоспары)

Жылу, электр, жарық құбылыстары (факультатив жоспары)

Түсінік хат Бағдарлама мектептегі физика курсының бағдарламасына қосымша оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, физикаға қызығушылығын арттыру үшін қажет....
Тұрақты электр тогы тарауын қайталау

Тұрақты электр тогы тарауын қайталау

Қызылорда қаласы, №211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Тоқаева Загира Асқарқызы...
Математикалық КТК

Математикалық КТК

БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауданы Қ.И.Сәтбаев жалпы орта білім беру мектебінің I санатты мұғалімі Макулбаева Алия Камалқызы Математикалық КТК...
Электр ток көздері. Ом заңы

Электр ток көздері. Ом заңы

Қызылорда қаласы, Ж. Нұрсейітов атындағы №233 орта мектептің физика пәні мұғалімі: Нұржанова Қ. Б....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×