Сынып: 8
«Тапқыр достар» атты физикалық кеш
Мақсаты: Оқушылардың проблемалық жағдайлар туғызу арқылы шығармашылық белсенділіктерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру, пән бойынша алған білімдерін қорытындылау, тәлім - тәрбиесін, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды, озық оқушы болуға тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ізденістерін дамыту.
2. Өз беттерінше, топпен жұмыс жасауға дағдыландыру.
3. Дәстүрлі емес сұрақтарға нақты жауап беруге үйрету.
Сабақтың көрнекіліктері:
Интерактивті тақта, бағалау парақтары, презентациялар, үлестірмелі материалдар, деңгейлік тапсырмалар, демонстрациялық тәжірибе көрсетуге арналған құрал - жабдықтар.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: 7 - модулдік жаңа технологиялардың негізгі элементтерін қолдану.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың барысы:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, көрермендер! Бүгінгі біздің «Тапқыр достар» атты кешімізге хош келдіңіздер!
Сайысымызды бастамас бұрын саған қояр бір сұрағым бар еді. Бізге мұғалімдер кішкене білмей қалсақ, «су мисың» деп ұрсады, сол дұрыс па?
Ой, сен де қоймас сұрақты қояды екенсің. Дегенмен дұрыс сұрақ, жауап беруге болады. Адам организміндегі заттардың ең көбі су. Ол қанның 79, 3%- ын, сүйектің 22%- ын, бұлшық еттің 76%- ын құрайды. Ал, есептеп қарасақ, мидың 83, 3%- ы судан тұрады. Сондықтан оқушылар, мұғалім сендерге су мисың деп ұрысса, оған ренжімей - ақ қойыңдар, ол ғылыми дәлелденген.
«Ішің күйсе, тұз жала» дегенді қалай түсіндіресің?
Күн ыссыда адам шөлдейді. Өйткені термен бірге денедегі тұз да шығады. «Қардың басын қар алар, ханның басын хан алар» демекші шыққан тұздың өтеуін тұз ғана өтейді. Сондықтан қатты шөл қысқанда 5гр ас тұзын жеп немесе құрғаған тамақты тұзды сумен шаю керек. «Ішің күйсе, тұз жала» деп іші тар адамдарға емес, шөл қысқан адамдарға айту керек.
Мен тестке күні - түні дайындаламын. Бірақ жадымда бәрібір ештеңе сақтай алмаймын. Оқығанымның бәрі миымнан бу болып ұшып кететін сияқты. Бұған не істеуге болады?
Күндіз - түні оқи беремін дегенің мені онша қуантпай отыр. Мұны «Ізденімпаздық» деп бағалау қиын. Өйткені оқу мен ойлау қатар жүргенде ғана шәкірт ізденісі жемісті болмақ. Есте сақтау қабілетін арттырудың қилы қызықты тәсілдері бар. Эйнштейнге бір адам кешке телефон соғуын өтінеді: - Менің телефон нөмірім 24 - 361, есте сақтауға қиын болар ма екен,- дейді. Сонда физик:- Жоқ ешқандай қиындық жоқ, жай ғана 12 - ні 2 - ге көбейтем және 19 - ды квадраттаймын,- деген екен.
Айта берсек мұндай мысалдар көп, енді кешіміздің әділ - қазылар алқасын сайлап алайық...
Бүгінгі сайысымызға қатысушы топтар:
І топ: «Архимед»
ІІ топ: «Галилей»
Кешіміздің І бөлімі «Танымдық сайыс». Әр топқа жеке - жеке сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.
І бөлім. «Танымдық сайыс»
Архимед тобының сұрақтары
1. «Физика» гректің қандай сөзінен алынған, мағынасы. (фюзис - табиғат)
2. Жаңғырық қайдан пайда болады? (дыбыстың шағылуынан)
3. Кемпірқосақ дегеніміз не? (жарықтың 7 түске жіктелуі, жаңбыр тамшысы призма рөлін атқарады)
4. Ет, балық, банкілерді тұздау қандай құбылысқа негізделген?(диффузия)
5. Жарықтың соңы қай жерде аяқталады?(көлеңке басталған жерде)
6. Атмосфералық қысымды немен өлшейді?(барометр)
7. Ұшақтың ұшу биіктігін немен өлшейді? (альтиметр)
8. Электр сымдарында отырған құстарды неге ток ұрмайды?(екі аяғы сымда болғандықтан, ток өтіп кетеді)
9. Күндіз теңіз желі қай бағытта соғады? Неге? (теңізден құрлыққа, судың жылу сыйымдылығы жоғары, аз қызады; ал жер тез қызып, бетінің ауа тығыздығы азаяды)
10. Автобус кілт тоқтағанда қандай қозғалысқа түсесің? Неге? (еңкейеміз, инерция құбылысына байланысты)
Галилей тобының сұрақтары
1. «Электрон» сөзі қай елдікі, мағынасы (грек - янтарь)
2. Кемпірқосақ қалай пайда болады? (жаңбыр тамшысы призма рөлін атқарып, күннен келетін ақ жарықты7спектрге жіктейді)
3. Неліктен құрылыста қуыс материалдарды пайдаланады? (ауа жылуды сақтайды)
4. И. Ньютонның тартылыс заңын ашуына не себеп болды? (алма)
5. Піскен жұмыртқа мен шикі жұмыртқаны қалай ажыратамыз? (суға саламыз, тығыздығына қарай батады)
6. Сұйықтың тығыздығын немен өлшейміз? (ареометр)
7. Атмосфералық қысымнан жоғары немесе төмен қысымды немен өлшейді? (манометр)
8. Сұйық отын таситын автоцистерналы машинаның корпусына темір шынжырлар орнатылады, олардың ұшы жерге тиіп жүреді. Неге? (сұйық қозғалып шайқалғанда электрленеді, өрт шықпас үшін шынжыр жермен байланысу арқылы өткізгіш қызметін атқарады)
9. Түнде теңіз желі қай бағытта соғады? Неліктен? (құрылықтан теңізге, су күндіз біраз жылуды қабылдап бетіндегі ауа жеңіл болады, ал жер тез суиды)
10. Автобус кілт қозғалғанда қандай қозғалысқа түсесің? (шалқаямыз, инерция құбылысына байланысты)
ІІ бөлім. «Сөз тапқанға...»
Сайысымыздың ІІ бөлімі «Сөз тапқанға...». Ұпай саны топтардың ұшқыр ойларына, тапқырлығына байланысты қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпай.
Архимед тобына қойылатын сұрақтар
1. Қысты күні пеш тұтанбай қалса, не істейсің?
2. Тонның жылуы несінен?
3. Жаздыкүні қандай киім киген дұрыс?
4. Қаз судан неге құрғақ шығады?
5. Газды су неліктен жабық ыдыста тыныш, ал тығынын ашқанда көпіршіп тасиды?
Галилей тобына қойылатын сұрақтар
1. Пеш мұржасының биік болғаны дұрыс па, әлде пәс пе? Неліктен?
2. Қысты күні қандай етіктен аяғың тоңбайды, тардан ба, кеңнен бе? Неліктен?
3. Үйді кесек кірпіштен соққан дұрыс па, әлде күйдірілген кірпіштен бе?
4. Неге судан шыққан балықты қолда ұстау қиын?
5. Неліктен спортшылар алақанын магнезиямен, шаңғы табанын канифольмен сүртеді?
ІІІ бөлім. «Ойлан тап»
Сайысымыздың келесі бөлімі «Ойлан тап». Бұл сайыста сендер ұпай саны көрсетілген ұяшықтарды таңдау арқылы арнайы сұрақтарға жауап берулерің керек.
Егер жауап бере алмай қалсаңдар келесі топ жауап береді. Ұпай сол жауап берген топқа беріледі.
10 ұпай сұрақтары:
1. Қуып едім мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім қолға тұрмады.
(боран)
2. Туыстарын шетінен,
Өбеді де бетінен.
Бала - шаға ұсағын,
Бауырына қысады.
(магнит)
3. Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсек егер де.
Басқа күйге ауысқан,
Жұмыс істейді әрқашан.
(Энергия)
20 Ұпай сұрақтары:
1. Шығыстан батысқа қарай 60км/сағ жылдамдықпен электр пойыз келеді. Сол бағытта 50км/сағ жылдамдықпен жел соғып тұр. Пойыздың түтіні қай бағытта болады?
(электр пойыздың түтіні болмайды)
2. «Маған тірек нүктесін беріңіз, мен жерді көтеремін». Қай физиктің сөзі?
(Архимед)
3. Ең алғашқы тікұшақтың жобасын салған, математика, физика, астрономия, геология, адам және жануар физиологиясымен айналысқан, бірақ дүние жүзіне аты басқа жетістіктерімен танылған адамның атын ата.
(әйгілі суретші Леонардо да Винчи)
30 ұпай сұрақтары:
1. Мектептен үйге жету үшін, физикалық шамалардың қандай өлшем бірліктерін білу керек?
(Метр, секунд, м/с)
2. Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды?
(артық дөңгелегі, запаска)
3. Мына бір әнде кездескен сөздердің физикалық мағынасын ашу. Тыныш еді өмірім...
(Инерция заңы)
IV бөлім. «Мені түсін». Бұл сайыста сендер кішігірім тәжірибені қаншалықты далелдеулерін арқылы бағаланады. Ұпай 30 - 50 аралығында қойылады.
1. Шикі жұмыртқаны пысқан жұмыртқадан қалай ажыратуға болады? Тәжірибе жасап көрсет. Берілген құралдар: Тарелка, 2 жұмыртқа, сызғыш
(жұмыртқаны айналдыру керек, пысқан тез айналады)
2. Конверт ішінде кілт жатыр. Осы кілтті конвертке қол тигізбей қалай алуға болады? Берілген құралдар: КІлті бар конверт, қайшы, су, сіріңке.
(конвертті жағып жіберу керек)
V бөлім. «Кім жылдам»
Сәйкестілік тесті
Формулаларды әрі қарай жалғастыр. Әр дұрыс жауап үшін 20 ұпай.
І топқа:
ρ=
p=
A=
ІІ топқа:
Ek=
W=
Ep =
Сайыстың соңында әділ - қазыларымызға сөз беріледі, жинаған ұпайларын санап, жеңімпаз топты анықта
Физика сабағында оқушылардың сыни ойлауын дамыту
- Ақылбек
- 11 қаңтар 2014
- 6407
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Физика сабағында оқушылардың сыни ойлауын дамыту
Ұқсас жаңалықтар:
«Көкпар» физикалық сайыс
Мақсаты: Оқушылардың нақты пәндер бойынша ой - өрістерін, білімдерін кеңейту, ізденуге, зерттеуге, тұжырымдар жасауға баулу, өз ойын ашық жеткізе...«Білімді ұрпақ- ел тірегі» сайысы
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, С. Сатыбалдин атындағы орта мектептің физика және математика пәнінің мұғалімі Казыканова Алия Калиардамовна...Тапқыр достар (физикадан сайыс сабақ)
Мақсаты: 1. Оқушылардың физика пәні бойынша білімдерін тереңдету, ой - өрісін кеңейту. 2. Танымдық қабілеттерін дамыту, ұжыммен жұмыс жасау...Архимед күші
Сұйық тарапынан әрекет ететін күш қайдан пайда болады. Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін бұл ығыстырушы күштің шамасы дене мен сұйықтың қандай...Квадрат теңдеулер
оқушылардың квадрат теңдеулерді және оған келтірілетін теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру;...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.