Сайтқа кіру Тіркелу

Киіз үй физикасы

Табиғаттағы тіршілік атаулының өсіп-өнуі, даму көзі – оның тамыры, адам баласының даму көзі – тілі, діні, салт-дәстүрі.Біз осы уақытқа шейін ғылым мен білімге тек еуропалықтардың көзімен қарап келгенімізге мән бере бермейміз. Әсіресе отаршылдық саясаттың арқасында : дінімізбен күресіп-дінсіз, тектілерімізбен күресіп - тексіз, ұлтжандыларымызбен күресіп - ұлтсыз, білімділерімізбен күресіп - білексіз, салт –дәстүрімізбен күресіп - санатсыз қала жаздаған елміз. Сондықтан ендігі жерде ғылымның қай саласында болса да осы кемшіліктеріміздің орнын толтыруға ат салысқан жөн.
Ғасырлар бойы қалыптасқан тілімізді, дінімізді, тәрбиемізді, ұлттық салт-дәстүрлер, үлгі-өнеге үйреніп, бойыма сіңіріп, күнделікті тіршілігіме пайдаланғым келеді.
Олай болса туған халқымыздың тарихи дамуы барысындағы, атам заманнан өмірмен бірге жасасып, біте қайнасып, өзінің айшықты бояуын солғындатпай, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан бай қазыналардың бірі - киіз үйдің физикасы жөнінде дүниетанымымен таныстырғым келеді. Киіз үй құрылысының физикасын тану арқылы халқымыздың данышпандығын таныту, даналықтың қыр-сырына үңілу, дәлелдеу осы жұмысымның шығармашылық мәселесі.
Физика пәні - табиғатты, табиғат құрылыстар мен заңдарын пайдалануды зерттейтін ғылым.Ғұламалар айтып кеткендей, осы киіз үйден қазақ халқының аспан әлеміне, есептеу жүйесіне, физикалық заңдылықтарына, табиғат заңдылықтарын біліп, олармен тұрмыс-тіршілікте санасу жолдарын білу, экономикалық біліктілігіне, мәдениет пен өнердегі талғамы - жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңғарылады.Арғы-бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ киіз үйдің атқарған рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз, ши, әрі көшпелі (жылжымалы) құрылыс түріне жатады. Соңғы 7 – 8 ғасыр бойына киіз үйге өзгеріс енгізілмей, қазақтар үшін ең қолайлы баспана болып қалды. Киіз үй әлемге белгілі, яғни әлемдегі ең тез құрастырылып, тез жығылатын үй. Және де киіз үйіміз басқа халықтардың үйлерімен салыстырғанда бір де бір шеге пайдаланбай – ақ құрастырылатын үй деп танылады. Ол ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ынғайлы, ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасу талапқа сай, жел – дауылға шайқалмайды, берік, төбесі жадағай емес, күмбез болып келеді. Осының бәрінің себебін ғылыми жұмысымда қарастырайық және физика тұрғыдан түсіндірейік.
Киіз үй өлшемдері.
Киіз үй негізгі 3 бөліктен тұрады:
Үйдің сүйектері (ағаштан тұратын бөліктері)
Киіздері (ши де осыған кіреді)
Бау шылаулары (баулары мен басқұр арқандары) Киіз үй бөліктерін дайындағанда экологиялық таза, табиғи материалды қолданған, яғни ешқандай денсаулыққа зиян келтіретін синтетикалық қоспалары жоқ.
Киіз үйді тіккенде алдымен керегелерді бір – біріне қосып, оның екі жағын есік босағасына таңғыштар арқылы бекітіледі. Кереге басын бас арқанмен орай тартып, маңдайшаның екі жақ басына мықтап байлайды. Үйдің берік тұруының себебі оның салмағы осы бас арқанға түсетінімен түсіндіріледі. Содан соң бақан арқылы шаңырақ көтеріліп, оның жан – жағынан уық шаншылады. Уық тегіс шаншылып біткеннен кейін, ірге киіз жабылады. Оның биіктігі жарты метрдей, онымен үй айнала орала жабып , түсіп кетпес үшін әр жерінен керегеге байланады. Ірге киіз желді күні шаң, топырақтан, қыста суықтан қорғайды. Осыдан кейін туырлық жабылады да, ол туырлық бау (құр) арқылы уықтан асып, қарсы керегеге байланады. Үй көлеміне қарай туырлық 3,4 бөлік болуы мүмкін. Туырлық екі босаға жақтан бастап жабылып, ол да бау арқылы белдеуге байланады. Ең соңында түндік жабылады.Киіз үйдің бөліктерін өлшеу жұмыстарын жүргізгенімді айта кетейін.Қазақтың киіз үйінің өзі тұнып өлшем ғой !!
А) биіктігі 135 – 140 см;
В) бас кереге – 1,5 м. 4 кереге (4 қанатты үй де) – 12 ш/м;
С) уық ұзындығы 3 – 5 метрге дейін, 6 – 8 қанатты үйде 100 – 120 шейін уық болған;
Д) Қазақ даласының шиі 2 – 2,5 м болған (үй қанқасын қоршаған);
Е) Бас құр, ояқұр 4 қанатты үйде 9, 9, 5,10 метрге дейін ұзындығы болған;
Ж) Желбеу – шаңырақтан ілініп, жер қазыққа жел, боран болғанда ілінеді. Кіші үйдің желбауының ұзындығы – 5 м;
З) жел – арқан 10 – 15 метрдей;
И) диаметрі – 5 м – ден 20 м – ге дейін.
Киіз үйдің бетінің ауданы мен көлемі. Киіз үйдің қазақ өмірі мен әлеуметтік жағдайына үйлесімдігі сондай, оны үлкейтіп, кішірейтіп, тіпті бірі – біріне қосып, 2 – 3 бөлмелі етіп тігуге де болады.Физика тұрғыдан қарастырсақ, үйдің көлемін табанының ауданын, қалауымызша өзгерте беруімізге болады.
Үйдің табаны шеңбер болып келетіндіктен ауданының формуласы бойынша есептеп табуға болады S= r2, мұндағы r шеңбердің радиусы.
Киіз үй екі геометриялық фигурадан құралады – цилиндр және қиық конустан.
Бұлар айналу денелеріне жатады. Осы екі дененің беттері мен көлемдерін табуға болады.Цилиндр дененің ауданын Sбүйір= 2 r h формуласымен , көлемін
V= r2 h формуласымен табуға болады, мұндағы - r цилиндр дененің радиусы, һ – цилиндрдің биіктігі .
Қиық конустың ауданы Sбүйір= (r+ r1)l, көлемі V= h (r2+ r21+ r r1),мұндағы r, r1- қиық конустың табандарының радиусы, l -жасаушысы , h – биіктігі.
Яғни екі дененің беттерінің аудандары және көлемдерінің радиусы
SКиіз үй беті = Sбүйір(конус) +Sбүйір(цилиндр)= 2 r h+ (r+ r1)l,
V Киіз = Vцилиндр+ Vконус= r2 h+ h (r2+ r21+ r r1);
Мысалға тек қана бір 6 қанатты үйдің бетінің ауданы мен көлемін есептеуге салдым. 6 қанатты үйдің диаметрі 4 метр екенін өлшедім, яғни радиусы 2 м болады. Формула бойынша есептесем:
Sтабаны =12,56 м2
Sцилиндр = 25,12 м2
Vцилиндр = 25,12 м3
Sбүйір конус = 19,625 м2
Vконус = 8,2425 м3
Sжалпы= 44.745 м2
Vконус= 33.3625 м3
Киіз үй материалдарының физикалық қасиеттері.
Киіз үй қаңқасын түгел ағаштан – берік ағаштан (қайыңнан, талдан) жасалады. Киіз үйдің ағаштарын (уық, кереге, шаңырақ, күлдіреуіш) деформациялайды.
Деформация – дене пішінің немесе көлемінің өзгеруі. Қайын мен тал басқа ағаштармен салыстырғанда деформациялауға, яғни июге, бұруға, қысуға, созуға ыңғайлы, бір жағынан берік, қатты жақсы материал болып табылады.
Үйшілер кептірілген ағаштарды алып қидың малмасына (диффузия процессі жүреді) немесе ыстық шоқ араластырылған күлге (жұмсарту , балқыту) салып балқытады, яғни ағаштарды пластикалық деформацияға ұшыратады.
Пластикалық деформация – сыртқы күштердің әсері тоқтағаннан кейін жойылмайтын деформация, яғни ағаш берген қалыпты сақтап қалады. Үйшілер ағаштарды тезге салып түзетіп алады, кейін морға салып кереге, уыққа, күлдіреуішке лайықтап ырғаққа салынып, белгілі бір үлгі, жобаға келтіреді.
Ағаштардың қызыл түсті жосамен бояйды және өсімдік майымен майлайды. Ағаш – кеуек дене, суды, ылғалды жақсы сіңіреді. Ылғалданған ағаш беріктік қасиетін жоғалтады. Судың жұғу қасиеті ағашқа зиян. Май қабаты ағашты судың ылғалдықтың сіңуінен сақтайды.Қазақ бабаларымыз судың майлы беттерге жұқпайтынын білген. Судың майлы бетке жұқпау себебін ғылыми түрде былай дәлелдейміз :сұйықтың молекулалары бір – біріне майдың молекулаларынан гөрі, күштірек тартылады.
Қайынға,талға, құрт түспейді, басқа ағаштар сияқты тез шірімейді, мұны ағашта арнайы шірітпейтін және құрт жолатпайтын спецификалық зат бар деген болжам айтуға болады.
Киіз үйдің негізгі құрылыс материалы – киіз болып табылады. Синтетикалық материал айналасына оң зарядталған өріс тудырады. Ол өріс адамның ағзасына қолайсыз әсер етеді. Ал киіз – табиғи материал. Қой жүнін сабалап, біріктіріп жасайды. Жүннің бір талшығын микроскоп арқылы қарастырғанда, қылдың қуыс каналы бар екенін анықтауға болады. Жүнге ыстық су құйып және механикалық әрекет нәтижесінде ширатады, көлемі V кішірейеді, тығыздығы артады .Киіз басудың ең жоғарғы тығыздығы р =0,55 г/ см3
Енді киіздің жылу өткізгіштігіне тоқталайық.
Жүннің жылу өткізгіштігі нашар, өйткені қалай сабаласа да ,жүн талшықтарының арасында бірталай ауа болады. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар болады,өйткені ауа молекулалары бір – бірінен алыс орналасады да, энергияның бір молекуладан екіншісіне берілуі қиынға соғады. Сондықтан киіз үйдің аптап шілдеде сая, ызғырықта жылы баспана болады. Салыстырып көруге кейбір заттардың жылу өтімділігін келтірейін

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Киіз, үй, физикасы
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×