Сайтқа кіру Тіркелу

Жарықтың шағылуы. Жарықтың шағылу заңдары. Жарықтың сынуы

Жарықтың шағылуы. Жарықтың шағылу заңдары. Жарықтың сынуы.
Мақсаты: 1. Бізді қоршаған денелер жарық көзі болмаса неліктен оларды көреміз? Неліктен нәрселер айна сыртынан көрінетін секілді? Қандай бұрышты «сыну бұрышы» деп атайды? Осы сұрақтарды қарастырып жауап табу
2. Өмірден, табиғаттан, техникадан, күнделікті тіршіліктен мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, өз бетінше ізденуге, алғырлыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, плакат, электрондық оқулық.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Қойылатын сұрақтар:
a) Жарық нені білдіреді?
b) Адамның тіршілігі мен іс - әрекетінде жарықтың рөлі қандай?
c) Қандай денелер жарық көздері бола алады?
d) Көрінетін сәулелену деп нені айтады?
e) Вакуумда жарық қандай жылдамдықпенен тарайды?
f) Күн сәулелерінің қандай бөлігі Жерге түседі?
g) Жердегі тіршіліктің дамуында күннің рөлі қандай?
h) Жарықтың таралу заңы дегеніміз не?
i) Жарық сәулесі деп нені айтады?
j) Жарықтың таралу заңы неден тұрады?
k) Көлеңке мен ала көлеңкенің пайда болуы?
l) Толық Күн тұтылуының және Ай тұтылуың түсіндір?
Әр сұрақтың күні – 1балл(егер дұрыс жауап берсең)
Балалар бүгінгі сабақта аукцион өткіземіз алдарындағы карточкаларда 3, 4, 5 бағалар
3 алғысы келген оқушы 3 - і бар карточканы көтереді - сұрақтардың 1/3 бөлігіне дұрыс толық жауап беру керек.
4 – ке 7 сұраққа жауап бер.
5 - 10 сұраққа жауап беру керек.
«Физика - 2005» электрондық оқулықтан. «Жарықтың таралуы. Күннің және айдың тұтылуы» тақырыбына қарап көлеңке және алакөлеңке пайда болуың қарастырып түсіндіру.
Жаңа тақырыпты қарастыру.
Электрондық оқулықтан жарықтың шағылуың қарап түсіндіру. Шағылу заңдарың түсіндіру.

• Шағылу заңдары:
- түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.
- шағылу бұрышы түсу бұрышына тең болады.
• Айналық бет деп түскен жарық энергиясының басым бөлігін шағылдыратын, яғни жарықты ол түскен ортаға қайта бағыттайтын бетті айтады.
• Егер жарық сәулесі айналық бетке түссе, одан шағылу да айналық немесе бағытталған шағылу болады.
• Егер бет кедір - бұдыр болса, онда одан шағылғанда жарық шашырайды. Мұндай шағылуды шашыранды немесе диффузиялық шағылу деп атайды.
• Параллель жарық шоғы жазық айналық беттен параллель шоқ түрінде, яғни дәл бағытталған түрде шағылады.
• Жарықтың шағылу заңдарының көмегімен жазық айнада кескіннің қалай пайда болатынын қарастырайық.

Жазық айнадағы нәрсе кескіннің мынадай ерекшеліктері бар: кескін жалған, тура, өлшемдері нәрсенің өлшемдеріне тең, нәрсе айна алдында қандай қашықтықта тұрса, кескін айнаның ар жағында сондай аралықта орналасады.
Үйге тапсырма: ізденіс жұмысы
• Жазық айналар қай жерде пайдаланады?

О – айнаның сфералық бетінің центрі
С – айнаның төбесі.
Сфералық беттің о центрі мен С айнаның төбесі арқылы өтетін түзу сызық бас оптикалық ось деп аталады.
ОС аралық сфералық айнаның R радиусі және оның С нүктесіндегі бетіне түсірілген нормаль болып табылады. Бас оптикалық осьге параллель болып айнаға түсетін барлық сәулелер айнадан шағылғаннан кейін осы осьдегі ортақ F нүктесі арқылы өтеді. Бұл F нүктесі айнаның фокусы деп аталады.
СF - фокус аралығы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×