Шығармашылық есептерді шығару оқушылардан шығармашылық іс - әрекеттерді керек етеді. Шығармашылық іс - әрекеттердің анықталған нақты бір операциялар жүйесінің болмау физиканы оқыту процесінде педагогикалық маңызды қиыншылықтарды туындатады. Оқушылар ізденушілігі ылғи да әртүрлі жағдайлар қолданатын мен білім іс - әрекет тәсілдерімен байланыста болатынын ескерсек, шығармашылық есептерде орындалмас бұрын немесе оны орындау кезінде оқушылар іс - әрекет амалдарын қалыптастыру қажеттігі туындайды.
Біз шығармашылық есептерге оқушының есептің шарты қоятын мақсаттарды шешу жолында есептің идеясын, ондағы жаңа нәрсені, белгісіз амалдар табуға, есепті шығаруға төмендегідей іс - әрекеттерді пайдалануға болатын есептерді жатқызамыз. Олар келесі іс - әрекеттер:
- физикалық құбылысты, объектіні өз бетінше көре білу, көріп бақылаған құбылыс пен объект туралы өз ойларын, фактілерді іздеу тәсілдерін тұжырымдай білуі;
- бір физикалық құбылысты, объектіні нақты бақылай білуі, оның белгілері мен сапаларын танып, ажырата және ортақ белгілерді топтай білуі;
- қарастырып отырған физикалық құбылыстың және объектінің сипатын, олардың белгілері арасындағы байланысты таба білуі;
- фактілер туралы сұрақтарды тұжырымдау. Қойылатын сұрақтарды топтарға біріктіру: «Неліктен басқаша емес?», «Не арқылы ерекшеленеді?», «Егер..., онда не болады?», т. б. сұрақтар мөлшері әр кезде көбейіп, басқа объектілері танып білу үшін көмектеседі;
- қойылған сұрақтар бойынша проблеманы, есепті тұжырымдай білуі;
- қажет болған жағдайда проблеманың эксперименттік қойылуы.
Эксперимент нәтижесінің талдауы. Осыған орай бір мысал келтірейік.
Егер жөндеуден кейін электроплитканың спиральі қысқарып қалған болса, онда бөлінетін жылу мөлшері қалай өзгереді? Оқушылардың осы есепті талқылауы төмендегідей. Мұнда зерттелетін объект электроплитаның спиралінің ұзындығына байланысты бөлінетін жылу мөлшерінің өзгерісі.
Оқушылар көп жағдайда спиральдің ұзындығы қысқарғанда, оның кедергісі азаяды деп пайымдайды. Сонда «Неліктен Q=І²Rt формуласынан бөлінетін жылу мөлшерінің артатыны шығады?» деген заңды сұрақ туады (қате!(. Мұнда осы сұрақта талқылау нәтижесінде спиральдің қысқаруы кезінде оның кедергісі кеміп, бірақ желідегі кернеу бұрынғысынша қалатындығы туралы тұжырым жасалады.
Сондықтан, оқушылар Джоуль - Ленц заңының басқаша Q=U²t/R формуласын пайдалану керектігін тағайындап, ал бұл формуладан бөлінетін жылу мөлшерінің артатынына көз жеткізеді.
Енді осы есепті одан әрі өрбітіп, оңушылар өздері есеп немесе эксперименттік тапсырмалар құрастыруларын болады. Оқушылардың осыған орай құрастырған есебі төмендегідей:
1) Көлденең қималарының аудандары бірдей, ұзындықтары 25 см және 46 см екі мыс өткізгіш спиральдердің бірдей уақыт ішінде бөліп шығаратын жылу мөлшерлерін салыстырыңдар. Кернеу тұрақты.
Оқушылар есепті талқылап, шығарғаннан соң, бұл есепті эксперименттік тәсілмен орындап шығаруға болатындай етіп құрастырды.
2) Өткізгіш спиральдердің аудандары әртүрлі жағдайдағы шарттағы жылу мөлшерін салыстырыңдар.
Бұл үшін олар қажетті құрал - жабдықтарды таңдай отырып, эксперименттің орындалу жоспарын жасайды. Соңында нәтижесін талдайды.
Оқушылардың зерттеушілік жұмыстарының нәтижесі ретінде олардың меңгерген танымдық әдістері мен тәсілдері жатады:
1) Физикалық бақылау; 2) сұрақтардың қойылуы мен оларға жауаптары; 3) проблеманы тұжырымдауы; 4) логикалық ой қорытулары, жалпылауы, қорытындылауы; 5) қарама - қарсы қою әдісі; 6) өз мәселесі бойынша тесттермен жұмыс жасау; 7) іс - әрекетінің кезеңдерін құрастыра білу; 8) өзін - өзі бағалау.
Шығармашылық есептер құрамына оқушылардың өз білімдері мен білектіктерін жаңа, өзгермелі шарттарда және олардың өзара байланысында, сондай - ақ негізгі логикалық амалдар мен ой операциялардың қолдануды талап ететін есептер жиыны кіреді. Мектеп практикасы шығармашылық есепті оқушылардың оларды орындауға қатысу дәрежесі бойынша да, сондай - ақ олардың есепті шығару кезіндегі іс - әрекетінің сипатына қарай топтаудың қажеттігін анықтап отыр.
Оқушылардың есеп, тапсырмаларды орындауында негізгі болып саналатын амалдардың бірі – физикалық тәжірибелерді логикалық өңдеу амалы, өйткені мұнда ғылыми таным әдістерінің барлық компоненттері қамтылады. Физикалық тәжірибелердің нәтижесін логикалық өңдеу амалына қажеттілік, біріншіден, оқушыларға қажетті құралдар санының жетпеу салдарынан қайсыбір құбылыс немесе заңдылықты тағайындауды физикалық демонстрация арқылы көрсетуге, екіншіден оқушылардың өз іс - әрекеттеріне ғылыми тұрғыдан келулеріне мүмкіндіктермен түсіндіріледі.
Оқушыларға физикалық тәжірибелердің нәтижесін өңдеу және оқыту мына бағыттарда жүзеге асырылады:
1) Мұғалім қарастырып отырған құбылысқа байланысты физикалық тәжірибені көрсетеді;
2) Көрсетілген тәжірибенің қайсыбір физикалық заңдылықты, фактінің немесе құбылыстың бар екендігін айқындайтынын баса айта отырып, оқушыларға тәжірибе нәтижесі бойынша тапсырма береді;
3) Оқушылардың жауаптары мәселені талқылаулары тыңдалады. Әрине, оқушылардың мәселені талқылап, ой - қорытулары бірден логикалық дұрыс шешімге алып келмейді. Олардың тарапынан әртүрлі, соның ішінде қате пікірлерде айтылады. Сондықтан оқушылардың ой - қорытуларының логикалық дұрыс арнаға түсуі үшін мұғалім оларға арнайы құрастырылған схеманы қолдануды ұсынады.
4) Қарастырып отырған тапсырманы шамасына қарай мұндай схемаларды тізбекті түрде тақтаға іліп пайдалануға болады.
Мұғалімнің басты міндеті тәжірибелерді көрсету арқылы оқушылардың физикалық білімді сапалы да, терң меңгерулеріне мүмкіндік жасау. Мысалы, электр тогының көздері тақырыбына байланысты оқушыларды осы амалға оқыту әдістемесіне тоқталайық... Бастапқыда электр тогын алу үшін өткізгіште электр өрісін туғызу қажеттілігі көрсетіледі. Сонда мынадай қорытындылар жасалады: өткізгіште үздіксіз электр тогын туғызу үшін өткізгіште электр өрісін ұзақ «ұстап» тұру керек.
Мынадай мәселе қойылады: өткізгіште электр өрісі ұсақ болуы үшін қажетті шарттарды туғызу керек.
Тәжірибелер көрсетіледі: электр өрісін электр машинасымен, термоэлементпен, фотоэлементпен, гальваникалық элементпен туғызамыз. Оқушылар ток индикаторының жұмысын бақылайды: не электр шамы жанады, не гальванометрдің тілшесінің ауытқу жағдайы байқалады.
Қорытындылар жасалады:
1) Тізбекке қосылған қондырғыларда нәтижесінде өткізгіште электр өрісі туатын электр зарядтарының үздіксіз бөлінуі жүзеге асады;
2) Тізбекке қосылған қондырылғылары ток көздері деп атайды;
3) Ток көздерінде түрлі энергиялардың электр энергиясына айналуы жүзеге асады.
Оқушыларға тапсырма беріледі: осы қорытындыларға қатысты жасалған тәжірибелерді салыстырып, тәжірибе нәтижелері бойынша осындай қорытындыларға не себепті келетінін түсіндіріңдер
Физика сабағында оқушылардың шығармашылық әс-әрекетін дамыту
- Азко
- 3 сәуір 2013
- 8285
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Физика пәнінен, баяндама
Ұқсас жаңалықтар:
Жылу, электр, жарық құбылыстары (факультатив жоспары)
Түсінік хат Бағдарлама мектептегі физика курсының бағдарламасына қосымша оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, физикаға қызығушылығын арттыру үшін қажет....Тұрақты токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы.
Токтың жұмысы джоульмен (Дж) өлшенеді: 1Дж= 1А*1В*1с...Тұрақты электр тогы
Ш.Қ.О., Семей қаласы «Гуманитарлы- экономикалық колледж» мекемесі Амиргалиева Рыскуль Жумагазиевна...Электр тоғы
Алматы облысы, Райымбек ауданы №2 Кеген орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі: Мусаева Куан...Электр ток көздері. Ом заңы
Қызылорда қаласы, Ж. Нұрсейітов атындағы №233 орта мектептің физика пәні мұғалімі: Нұржанова Қ. Б....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.