Табиғаттағы тіршілік атаулының өсіп - өну, даму көзі – оның тамыры, адам баласының санасының даму көзі – оның тілі. Тамырсыз өсімдік атаулы көктемейді, ана тілінсіз ұрпақ жетілмейді. Ана тілінің уызына қанбаған, оның бұлағынан нәр алмаған ұрпақтың баршасының бойынан ізгіліктің нышандарын табу мүмкін емес, өйткені жастарымыз халықтық педагогикадан, ұлттық салт - дәстүрімізден, рухани байлығымыздан қол үзіп кеткен ұрпақтың өкілі.
Қоғамымыздың ертеңгі болашағы – мектеп жасындағы жас жеткіншектер. Қазақ мектептерінің алдында ұлттық сана - сезімін оятып, тәрбиелеп қана қоймай, халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тіл, дін, тәрбие, ұлттық салт - дәстүр, үлгі - өнегені үйреніп, бойына сіңіріп, күнделікті тіршілікте пайдалана білуге үйрету міндеттері тұр. Халықтық педагогика озық үлгілері балаларды имандылыққа, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелейтінің өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Ұрпақ тәрбиесімен айналысып жүрген ұстаздардың негізгі бағыты халықтық педагогиканың үлгі - өнегелерін сабақта және сабақтан тыс тәрбиелеу мәселесінде тиімді қолдана білудің әдіс - тәсілдерін зерттеп, пайдалану деп білем.
Физика грек тілінен аударған «физиус» табиғат деген ұғымды білдіреді.
Олай болса сабақ мазмұнымен байланыстырып, оқушыларды ата - бабамыздың тарихи дамуы барысындағы айналадағы құбылыстар жөніндегі дүние таныммен таныстырып отырған жөн. Көшпелі елдің барша тіршілік болмысы табиғатпен тамырлас. Көне заманда қазақтар қоршаған табиғаттың бәрінде жанды деп санаған. Табиғат құбылыстарын жанды зат есебінде санап, өздерінің тағдырын, істерін осылардың күші деп табынған. «Ескі айда есірке, жаңа айда жарылқа» деген сөздер осының куәсі. Қазақтар отты, күнді қасиетті санаған, құрметтеген. Бұлттың күркіреуі қазақ «күн күркіреді» деп тәңір даусына балаған. Найзағай ойнағанда сайтандарды қуған періштелер қамшысы деп ұққан. Ал шын мәнінде найзағай - атмосферадағы электр ұшқындары.
Ол бұлт пен бұлттың немесе бұлт пен жердің арасында пайда болған шағын көлемдегі электр зарядына байланысты пайда болады. 8 - ші сыныптарда «Жылу құбылыстарын», «Жарық құбылыстары» атты тарауларда шағын әңгімелер енгіземін.
Келесі жұмбақ табиғи құбылыстың бірі - жаңбырдан кейінгі кемпірқосақ. Аспан пайда болған кемпірқосақты ертеде қазақтар «кемпірдің түрлі малдарды қосақтап қойғаны» деген ұғымда болды. Бұл да аспандағы пайда болатын оптикалық құбылыс. Күннің жарығы қызыл түспен күлгін түс арасындағы түрлі түстің жиынтығы екені анықталды. Осы түстер өздерінің толқын ұзындығына байланысты дифракцияланады және интерференцияланады. Нәтижесінде түрлі - түсті кемпірқосақ пайда болады. 11 - ші сыныпта «Спектр. Спектр түрлері» тақырыбында осы материалдарды пайдаланамыз.
Оқушылардың басым көпшілігі физика пәнін тек қаптаған жалан формулалар, заңдылықтар деп түсінеді. Осы себептен де физика сабағында халықтық педагогика негізінде ұлттық салт - дәстүрлерді уағыздап, жас ұрпақ санасына дары туды, осы арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыруды кейінгі жылдары жұмысыма негізгі мақсат етіп алдым. Халықтық педагогиканың бір саласы - ұлттық ойындар. Пәнге деген ынтасын арттыруда, белсенділіктерін дамытуда пайдаланып жүрген бірнеше ойындарды келтіремін: «сақина салу, соқыр теке, теңге алу, арқан тарту, қыз қуу, ақсүйек» ойындары.
Қазақтың ұлы ақындары Абай, Шәкәрім мұраларынан физикалық құбылыстарымен заңдылықтарды суреттеп бейнелеуді көктеп іздестіруге болады. Оқушылардың санасына физика ғылымының өмір мен поэзиямен тығыз байланысты екенің көз жеткізе түсіндіруіміз қажет.
Баланың ойлану, танымдық, білімділік ұғымдар мен түсініктерді ой елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлықпен дүние танымдық дәрежесін байқау үшін жұмбақ шешкіземіз. Физика сабағында жұмбақты қолдану оқушылардың білімпаздығын, алғырлығын, тапқырлығын дамытуға көмектеседі. Пәнге деген қызығушылығын арттыруда өз тәжірибемде сабақ түрлерін алуан түрлі етіп өткізгенде оқушыға көп әсер ететіндігін, зор ықпал тигізетіндігіне көз жеткіздім. Мысалы: іскер ойын сабақ, аукцион сабақ, көкпар сайыс сабақ оқушының ой санасының өсуіне, ұлттық сана сезімін дамытуға көп мүмкіндік береді.
Белгілі бір тақырыпты өткен кезде мысал ретінде қажетті мақалды келтіре отырып, оның тәрбиелік және физикалық мәніне түсінік беремін. Мақалдың тәрбиелік мәні, жіберген қатеңді екінші рет қайталамай дер кезінде қорытынды жасауға меңзесе, физика тұрғысынан ыстық нәрсені үрлесек, кебу процесі тездетіліп, оның температурасы төмендейтінін ұғуға болады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында сабақта немесе үйде физикалық ертегі немесе әңгіме құрастыруды ұсынамын. Бұл оқушылардың сөздік қорын молайтуға, өз бетімен жұмыс істеуге көп септігін тигізеді.
Физика сабағында пәнаралық байланыс жасау, атап айтсам: математика, тарих, биология, химия, астрономия, әдебиет, ән - күй сабағымен тығыз байланыс арқылы ұштастырылған түрі туындайды.
Мұндай пәндердің ұштастырылуы оқытушы үшін де, оқушы үшін де өзінің сипатымен, мәнділігімен тиімді. Мұғалім оқушыны жалықтырмайды, оқушы жеңіл, еркін түрде жаңа сабақты қабылдап, пікір таластырып өз білгенін ортаға сала алады.
Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі
физика және математика мұғалімі
Сыдықова Азиза Нұрбапақызы
Халықтық педагогика элементтерін сабақта қолдану
- Азко
- 19 қыркүйек 2019
- 14322
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Халықтық педагогика элементтерін сабақта қолдану, баяндама ата-ананың бала тәрбиесіне жауапкершілігі туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Ұрпақ тәрбиесі - ұлттық педагогика негізінде
Қазіргі заман талабына сай мен де оқушыларды тәрбиелеуде халықтық педагогиканы басты бағдар ретінде ұстанғанымыз жөн болар еді. Қазіргі заман...Жылу, электр, жарық құбылыстары (факультатив жоспары)
Түсінік хат Бағдарлама мектептегі физика курсының бағдарламасына қосымша оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, физикаға қызығушылығын арттыру үшін қажет....Физика сабағында ақпараттық технологияны қолдану
Астана қаласы, М. Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжінің физика пәні оқытушысы Тулегенова Сабиткул Кожахметовна...Математика сабағында ұлттық құндылықты қолданудың маңызы
Атырау облысы Атырау қаласы Жұмыскер кенті Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Қанатова Талшын Ибатқызы...Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабағында қолдану
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі № 5 кәсіптік лицейдің физика пәнінің мұғалімі Бисенова Мирамкул Сағатқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.