Жетістіктің жүз қадамы: 86 - қадам: ақшаның артына түсуден сақ болыңыз
Қазір бір қадам аттасаң, ақшаға келіп тіреледі. Заман сондай. Адам болып өмір сүргеннен кейін тамақтану қажет, киіну қажет, автокөлік алу керек, үй алу керек т. б. қажеттіліктердің барлығы сол ақшаға келіп тіреледі. Қажеттіліктердің бәрін алу үшін айтарлықтай көп болмаса да, жұмыс істеу керек. Әлбетте, ақша өмірдегі басты нәрсе емес қой. Бірақ ол сізде жетіспесе, басты нәрсеге айналуға шамасы бар. Шынымен де, ақша сізде жетіспесе, ол басты нәрсеге айналуға шамасы жетерлік. Бірақ сол ақшаны басты нәрсеге айналдырмаудың жолын қарастыруымыз қажет. Ақшаның соңына түсііп кеткен адам, ол адамшылдық кейпінен танатыны анық. Ол жайлы талай философтар, талай ғалымдар айтқан қанатты сөздер, талай өмірлік мысалдар жетерлік.
Бұл өмірде ешкім де мәңгілік өмір сүрмейді. Ана өмірге бір тиын да алып кете алмаймыз. Қазір көптеген миллионер, миллиардер бар. Бәрі болмаса да, арасында ақшаны өмірінің мәні етіп алғандар да бар. Бірақ сол ақшаны ешқайсысы о дүниеге алып кете алмайтынын бәрі де біледі.
Зерделесек, өзіңнің тәни қажеттілігіңді өтеп алғаннан кейін айналаңа көмектесу парыз. Тәни қажеттіліктер ішер асың, киер киімің, тұрар үйің, айдайтын көлігің, қалаған уақытта демалатын қаржың, ауырғанда емделетін, алғың келген нәрсені ала алатындай жағдайың болғанда адамның тәни қажеттілігі өтеледі.
Тәни қажеттілікті қанағаттандырғаннан бастап, айналаңа қаржылай көмектесу адамгершіліктің жоғары сатыларының бірі деп ойлаймыз.
Ақшаның артынан түсіп кеткен адамдар қанша ақшасы көп болса да, ол оларды қанағаттандырмайды. Өйткені қос - қос көлік, алқа - жүзіктердің неше түрі, қос - қос үйлер осы секілді өзіне керектіден артық нәрселерді үнемі алудың арқасында, өзін өмір бойы қанағаттандырмай өтетіндіктен, айналасына көмектесу жайлы ойламай кетуі де мүмкін.
Қолдан келгенше айналаңдағы адамдарға қаржылай болсын, рухани болсын көмектесуге тырыссақ, бізге де өмір көмектесетіні анық. Бастысы ақшаны өмірдің мәні етіп алудан сақ болайық. Алдында айтып өткеніміздей, адам өмірінің сапасын анықтайтындар: денсаулық, білім, көңіл - күй, рухани жан дүниесі және материалдық жағдайы. Осы бес жайттың алғашқы төртеуі адамда жеткілікті түрде болса, бесіншісі өзі - ақ бола береді.
Қаржыға байланысты оқыған кітаптардың барлығында дерлік: ақшаға жұмыс істеме; ақша саған жұмыс істесін деп жазылғанын оқуға болады. Шынымен де, ақшаға емес, ақша саған жұмыс істейтіндей, әрекет жасай білу қажет. Осы ақшаға байланысты мына кітаптарды оқуға кеңес береміз: Сайдмурод Давлатовтың «Мен және Ақша», Джордж Самуэл Клейсонның «Вавилондағы ең бай адам»., Роберт Кийосакидің «Бай әке және кедей әке». Бұл кітаптарда ақшаны қалай басқару жайлы толық жазылған.
Ақша өмірдегі ең маңызды нәрсе емес. Бірақ сізде жетіспесе, ең маңызды нәрсенің қатарына қосылады.
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Жетістіктің жүз қадамы: 86 - қадам: ақшаның артына түсуден сақ болыңыз
- ramuk_b
- 24 қыркүйек 2024
- 182
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ақша, адам өміріндегі ақшаның ролі, жетістіктің жүз қадамы
Ұқсас жаңалықтар:
62 - қадам: тұлға болып туылмаймыз, тұлға болып қалыптасамыз
Әлем ұлы деп таныған тұлғалардың барлығы да ұлы тұлға болып туылмаған. Бәрі де ұлы тұлға болып қалыптасты. Кез - келген адам мықты тұлға бола алады....Ақшадан маңызды дүниелер
Ақшадан маңызды дүниелер Ақшадан да маңызды, қымбат заттар бар. Бірақ біз оларды көбіне ұмытып кетеміз. Міне, алдарыңызға ақшадан қымбат 11 дүниені...Миллионер Роберт Кийосаки үшін байлықтың 7 ережесі
Әлемге әйгілі жазушы және спикер Роберт Кийосаки кедей отбасында өскен, бірақ атақ пен жетістікке қол жеткізді. Бүгін 72 жастағы кәсіпкер, «Бай әке,...Үш дос
Бала күннен бірге өскен үш дос болыпты. Ер жеткен соң үш достың біреуі байып кетеді. Ал екеуі кедей болады....Ақша туралы мақал-мәтелдер
Адам болам десең, арыңды ақшаға сатпа. Ақшаның жайын жарлыдан сұра, Адамның жайын арлыдан сұра....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.